Конденсаторлар. Электр сыйымдылығы. Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Сабақты бағыттаушы карта

Сабақ жоспары:

1. Мақаланы оқып, конденсаторларды қолдану туралы қысқаша конспект жазу.

2. Конденсатор жинақталған электр сыйымдылығы мен энергияны есептеу теориясын оқып-үйрену.

3. Есеп шығару.

Тапсырма1. Ссылка бойынша статьяны оқып танысу (10 мин)

http://electricalschool.info/spravochnik/eltehustr/1509-dlja-chego-v-jelektricheskikh-cepjakh.html

Тапсырма 2. Конденсатордың қолдануы бойынша «Өрмекші» тірек-сызбасын дәптерге құрыңдар (10 мин).

Қажетті ресурс:

http://www.fmclass.ru/phys.php?id=485d349ab0d39

https://physics.ru/courses/op25part2/content/chapter1/section/paragraph7/theory.html#.XIKQ-CIzbcs

Жеке жұмыс. Есеп шығару (12 мин) . Есеп шығару алгоритмін сақтауды есіңе түсір!

Есеп шығару кезінде келесі есепті шығармас бұрыс өзінің жауабыңды екі оқушымен салыстыр және сұрақтарың болса жауап ала аласың.

  • Кернеуі 8 В батараеяға қосылған, сыйымдылығы 4,0 x 10-6 Ф конденсатордың әр пластинкасына жинақталған зарядын анықтаңдар. Жауабы: q=48 мкКл.
  • Конденсатор астарларының аралығы 2.0 x10-3 м. Егер конденсатор сыйымдылығы 1.0 нФ болса, пластинка ауданын анықтаңдар.
  • Егер ауданы 2,0 см2 және 2 мм пластиналар арасындағы қашықтықты қамтитын конденсатор батареяға қосылса, және батареяға жалғанған конденсатордың жинақтаған заряды 4,0 пКл болса, батареяның кернеуін есептеңдер.
  • Жазық конденсатордың әр пластинкасының ауданы 520 см2. Конденсатор сыйымдылығы 46 пФ болса, пластинкаларды бір-бірінен қандай қашықтықта орналасуы керек? Пластиналардың арасында жапырақты слюда бар. Слюданың диэлектрлік өтімділігі 7.

Сабақтың соңы. Кестені пайдаланып, өзінің алған білімін бағала:

Критерийлері

Орындай аламын

Маған әлі де көмек керек

Мен үшін қиындық туғызады

-электрсыйымдылықтың физикалық мағынасын түсіндіре аламын

-конденсатор құрылысын сипаттау және оның электр тізбегіндегі қызметін түсіндіре аламын

-электр саны мен сыйымдылықтың өлшем бірлігін атай аламын

-зарядтың кернеуге қатынасы арқылы электр сыйымдылығының формуласын білемін және есеп шығаруға қолдана аламын

-электр сыйымдылық қандай шамаларға тәуелділі екендігін түсіндіре аламын.

Үй жұмысы: теориялық материалды қайталап оқу және қосымша есепті шығаруға тырыс.

  • (a) электр тізбегіне қосылған конденсаторды қолдануына екі мысал келтіріңдер

1...................................................................................

2.............................................................................. [2]

(b) Суретте конденсатор, кедергісі 12 кОм резистор, кілт және сезімтал ампермер бар тізбек көрсетілген. Конденсатордың потенциалдар айырымы 15 В.

Кілт тұйықтағаннан кейін тізбектегі ток уақыт бойынша өзгереді.

(i) тізбектегі тоқтың және тізбектің қандай да бір бөлігінен өткен заряд арасындағы байланысты сипаттаңдар

………………………………………………………………… [1]

(ii) Бастапқы уақытта конденсатордағы заряд 3,3 х 103 мкКл , потенциалдар айырымы 15 В. Конденсатордың сыйымдылығын есептеңдер

C = ................................................ ... μF [2]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу