![]() |
|
![]() |
Конденсаторлар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы: | Конденсаторлар | Мектеп: | ХББ НЗМ Алматы | |
Мерзімі: | Мұғалімнің аты: | Балажигитова Н.К | ||
Сынып: | Оқушылар саны | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.10 – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау | |||
Сабақ мақсаты |
| |||
Бағалау критерийлері | - конденсатордыӊ құрылысын және қолданылуын сипаттайды; - конденсаторлардыӊ түрлерін біледі; - электр сыйымдылығыныӊ физикалық мағынасын түсіндіреді; - өткізгіштіӊ электр сыйымдылығыныӊ формуласын және өлшем бірлігін біледі; - жазық конденсатордыӊ сыйымдылығын анықтайтын формуласын біледі және қолданады; | |||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Электрлік құбылыстар- phenomena Заряд- charge Оң заряд- positive charge Теріс заряд- negative charge Тебісу- repulsion Тартысу- attraction Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge Электроскоп- electroscope Электрометр- electrometer Электр өрісі - Electric field Электр өрісініӊ кернеулігі-Tension of electric-field Электр өрісініӊ күш сызықтары-Lines of tension of electric-field Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Конденсаторлар – электр зарядын және электр өрісініӊ энергиясын жинақтайтын аспаптар. Конденсатор - диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш пластинадан құралады. Пластиналарының пішініне қарай конденсаторлар жазық, цилиндрлік және сфералық болып бөлінеді. Электр сыйымдылық – конденсатордың заряд сақтау қасиетін сипаттайды. Электр сыйымдылығы – тек қана өткізгіштің (конденсатордың) пішініне және өлшемдеріне тәуелді. | |||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында өзара бағалау және талдау жасай алу дағдысы қалыптасады. | |||
Пән аралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару және графикті талдау . | |||
Бастапқы білім
| Оқушыларда электр өрісі, біртекті электр өрісі, электр өрісініӊ күш сызықтары және потенциал, потенциалдар айырымы туралы түсініктері қалыптасқан. |
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-5 мин 5-7 мин |
Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасай отырып, олар қателескен жағдайда түзетулер енгізеді.
Оқушылар жұпта талқылайды. Оқушылар өткізгіштің заряд жинау қабілетін сипаттайтын физикалық шама бар екенін түсінулері тиіс, ол электрсыйымдылығы.
| ||||||||
Сабақтың басы 7-17мин 17-22 мин 22-37 мин 37-39 мин | 4. Түсіндіру. Анимацияны пайдаланып конденсатор сыйымдылығының неден тәуелді екенін зерттеу. https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/templateimg.php?s=elpole_kondenzator&l=ru Оқушылар өз болжамдарын айтады да анимацияны қолданып болжамның қайсысын дәлелдеуге болатынын ойланады. 1 топ. Конденсатор сыйымдылығының пластина арақашықтығынан тәуелділігін зерттейді 2 топ. Конденсатор сыйымдылығының пластина ауданына тәуелділігін зерттейді 3 топ. Конденсатор сыйымдылығының диэлектрикке тәуелділігін зерттейді 4 топ. Конденсатор платинасының зарядының кернеуден тәуелділігін зертейді Әр топ өз зерттеулері бойынша қорытынды жасайды.Барлық топтың қорытындысын біріктіріп жалпы қорытынды жасалады. Қорытындысында төмендегідей тұжырымға келулері тиіс 1) Конденсатор сыйымдылығы пластина арақашықтығына кері пропорционал 2) Конденсатор сыйымдылығы пластина ауданына тура пропорционал 3) Конденсатор сыйымдылығы диэлектрикке тура пропорционал 4) Конденсатор платинасының заряды кернеуге тура пропорционал Мұғалім кері байланыс жасай отырып оқушылардың тұжырымдарын толықтырады және түсіндіреді. Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы С=q/U S - конденсатор пластинасының ауданы (м2); d - пластиналар арасындағы қашықтық (м).
Конденсаторды схемада мына түрде белгілейміз: Мұғалім конденсатордың қолданылын түсіндіреді. 5. Сабақты бекіту 1. Конденсатордың бір пластинасының электр заряды +2Кл, екінші пластинасының заряды -2Кл.Пластиналар арасындағы кернеу 5000 В.Конденсатордың электр сыйымдылығы неге тең? а) 0; б) 0,0004 Ф; в) 0,0008 Ф; г) 2500 Ф; д) 1000 Ф. 2. 300 В-қа дейін кернеу берген кезде астарларына 240 мКл заряд жинай алатын импульстық фотожарқыл шамын қоректендіретін конденсатордың электр сыйымдылығы қандай? А) 640 мкФ; В) 720 мкФ; С) 780кмФ; Д) 800мкФ; Е) 840мкФ; 3..Әрқайсысының ұзындығы , ені екі алюминий фольгадан оралып жасалған электролиттік конденсатордың арнайы электролитке батырылған қағаз диэлектригінің диэлектрлік өтімділігі 4, ал қалыңдығы 0,354 мкм болса, оның сиымдылығы қандай? А) 200 мкФ; В) 180 мкФ; С) 160 мкФ; Д) 120 мкФ; Е) 100 мкФ. 4. Диэлектриктік өтімділігі 4-ке тең пластиналар арақашықтығын 2 есе арттырса конденсатордың электрсыйымдылығы қалай өзгереді? A. Екі есе артады. B. Екі есе кемиді C. Сегіз есе артады D. Өзгермейді 5. Ұзындығы 2 м, ені 0,1 м алюминий фольга мен қалыңдығы 10-4 м парафин қағаздан жасалған конденсатордың электр сыйымдылығын анықтаңыз (ε= 2,2, ε0= 8,85·10-12 Кл2 / Н·м2). Жауабы: 3,9•10-8 Ф 6. Суретте өлшемдері, астарларының арасындағы қашықтықпен салыстырғанда өте үлкен жазық конденсатор берілген. Астарларының арақашықтығы d=0.5 мм. (𝜀0 = 8,85 ∙ 10−12 Ф/м. а) Неліктен конденсатордың электр сыйымдылығы сыртқы электр өрісіне тәуелсіз? б) Жазық ауа конденсаторы сыйымдылығы 1пФ болуы үшін, астарларының ауданы қандай болу керек? в) Егер конденсатордың астарларының арасын диэлектрлік өтімділігі ε= 7 слюдамен толтырса, нәтиже қалай өзгереді? Оқушылар дайын жауаптар арқылы өздік бағалау жүргізеді. | ||||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | 6. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
§ 34. 17-жаттығу. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Оқушылардың топтық талқылауы және ауызша сұрақтарға жауап беру дағдысы бақыланады. | Оқушылар тест тапсырмаларды орындай отырыпөздік бағалау жасайды. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023