Джаз музыкасы. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Заманауи музыка мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Джаз музыкасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалы шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.2.1.1– музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интепретация жасау.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • джаз және блюз музыкасын зерттейді;
  • джаз, блюз орындаушыларымен танысады;
  • «Hit the road Jack!» әніне интерпретация жасайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • джаз музыкасын тыңдайды және талдайды;
  • музыкалық-шығармашылық жұмыс жасайды.
  • «Hit the road Jack!» әнінің ырғақтық суретін нақты орындайды;
  • топта интерпретация жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • музыканы талдау және талқылау барысында пәндік терминдерді қолдана отырып, стильдерге сипаттама бере алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Джаз дегеніміз......

Джаз музыкасы ........болды

Джаз..... музыкалық аспаптарда орындалады.

Терминдер және түсініктер:

Блюз, джаз

 Құндылықтарды дарыту

Заманауи стильдерді зерттеу арқылы музыка мәдениетіне деген сыйластық, үштілділікті дамыту.

 Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі

 АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Оқушыларда джаз стилі жөнінде бастапқы білімдері болуы мүмкін, кейбір әндерді күнделікті өмірде тыңдауы мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.

5 мин.

5 мин.

5 мин.

Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.

  • Джаз дегеніміз не?
  • Джаз музыкасы қашан пайда болды?
  • Джаз қандай музыкалық аспаптарда орындалады?
  • Джаз музыкасының орындаушыларын атаңыз?
  • Блюз туралы не білесіз?

Джаз бен блюз айырмашылығы неде?

Тапсырма. Тыңдау және талдау.

Скот Джоплин «Регтайм», Ray Charles «Hit the road Jack!» Louis Armstrong – «What a wonderful world» шығармаларын тыңдату.

  • Бұл тыңдаған шығармалар қандай жанрға жатады, қалай ойлайсыздар?
  • Қандай ырғақтық суреттер естідіңіз?
  • Қандай ерекшеліктері бар?
  • Шығармалар қандай көңіл-күйде орындалды?
  • Қандай музыкалық аспаптар естідіңіз?

Тапсырма. Орындау.

Сыныппен Ray Charles «Hit the road Jack!» әнінің шумағы мен қайырмасын орындау.

  • Орындау кезінде қандай қиыншылықтар болды?

Презентация

Скот Джоплин «Регтайм»

https://www.youtube.com/watch?v=fc9Krih_N_k

Ray Charles «Hit the road Jack!»

https://www.youtube.com/watch?v=Q8Tiz6INF7I

Караоке https://www.youtube.com/watch?v=9rPmxF8zA2w

Louis Armstrong - What a wonderful world

https://www.youtube.com/watch?v=CWzrABouyeE

Сабақтың ортасы

10 мин.

10 мин.

Тапсырма. Музыка шығару және орындау. (топпен жұмыс)

Сыныпты аспаптар бейнеленген карточкалар көмегімен 3 топқа бөлу.

Топта Ray Charles «Hit the road Jack!» әнінің қайырмасына интерпретация жасау.

Бағалауға арналған дескрипторлар:

  • Ырғақтық суретін нақты орындайды;
  • Өзіндік интерпретация жасайды;
  • Музыкалық аспап қолданады;
  • Әннің көркем бейнесін жеткізеді;
  • Топта өз рөлін орындайды.

Тапсырма. Презентация

Өз жұмысын сынып алдында таныстыру. Дескрипторлар бойынша бағалау жұмысын жүргізу.

Карточкалар

Ұрмалы, шулы аспаптар

Сабақтың соңы

3 мин.

Рефлексия:

- Орындауыңызда не жақсы шықты?

- Нені одан әрі жақсарта түсуге болады?

- Бүгінгі сабақта сіз үшін не жаңа болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушылар ырғақтық суреттерге импровизация ойластыра алады.

Вокалдық дағдысы жоғары оқушылар солист рөлін атқара алады.

Аспапта орындау дағдысы жоғары оқушылар сүйемелдеу құрастыра алады.

Топтық жұмысты бағалау;

Мұғалімнің кері байланысы, бақылау, сабаққа арналған бағалау критерийлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу