Джаз музыкасы. Музыка, 6 сынып, презентация. 5 сабақ.


2-бөлім:Заманауи музыка мәдениеті

Джаз музыкасы

6-сынып

Оқу мақсаты

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалы шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.2.1.1– музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интепретация жасау;

Сабақ мақсаты:

джаз және блюз музыкасын зерттеу;

джаз, блюз орындаушыларымен танысу;

«Hit the road Jack!» әніне интерпретация жасау.

Бағалау критерийлері

джаз музыкасын тыңдайды және талдайды;

музыкалық-шығармашылық жұмыс жасайды.

«Hit the road Jack!» әнінің ырғақтық суретін нақты орындайды;

топта интерпретация жасайды.

Джаз музыкасы

Джаз 1900 жылдың басында Жаңа Орлеанда (АҚШ) пайда болған. Құрылымы блюз бен діни әндердің элементтерімен байланыстырылған. Бір жағынан еуропалық әуендердің де қатысы бар.

Джаз музыканттарын блюздің сазды әуені мен батысафрикалық батыл ритмдер шабыттандырып отырған. Музыканттар әр әнді айтқан сайын түрліше орындайтын. Бұл музыканттың өзінше ашылып, көңіл-күйін вариация арқылы жеткізуге мүмкіндік берді. 1920 жылдардағы джаз өнерінің атақты музыканттарына америкалық кернейші Луи «Сачмо» Армстронг (1898-1971), Бикс Бейдербеке (1903-1931) және композитор Джордж Гершвинді (1898-1937) жатқызуға болады.

Блюз

Америкалық қара нәсілділердің XIX ғасырда өмірге келген мұңды, элегиялық сарындағы лирикалық мелодия. Джаз музыкасының ертедегі түрі. Блюз мұңлы көңіл-күйді қарапайым, бірақ нақты формада жеткізеді.

Әнші үш өлең жолын 12 музыкалық тактке бөліп айтады. Блюзде арнайы белгіленген формалар бар (аккордтар), осы шеңбер аясында ғана әнші өнерін көрсете алады.

Биг Джо Тёрнер – шоумен, әнші, блюз орындаушы.

Луи Армстронг -американдықАмерика Құрама Штаттары джазДжаз кернейшіКернейші (мұндай бет жоқ), вокалист және ансамбль басшысы (бэнд-лидер). Джаздың дамуына және бүкіл әлемде таңымал болуына қомақты үлесін қосты.

Рэй Чарльз ( 1930  2004) — америкалық эстрада әншісі (баритон) және пианист. Ол түрлі стилде, әсіресе соул и ритм-энд-блюз стилдерінде әндер айтқа. Америкада өз заманының ең танымал музыканты болған.

Рэю Чарльзда 70 альбомы бар. 17 «ГрэммиГрэмми» марапатына ие.

Скотт Джоплин Нью-Йорк афроамерикалық композитор және пианист, 44 регтаймның авторы, "артист эстрады" солардың ішінде ең танымалы. Атақты регтаймдардың авторы болып саналады

Тыңдау және талдау.

Скот Джоплин «Регтайм»,

Ray Charles «Hit the road Jack!»

Louis Armstrong – «What a wonderful world» шығармаларын тыңдау.

Тапсырма. Орындау.

Сыныппен Ray Charles «Hit the road Jack!» әнінің шумағы мен қайырмасын орындау.

Тапсырма. Музыка шығару және орындау.

Топта Ray Charles «Hit the road Jack!» әнінің қайырмасына интерпретация жасау.

Бағалауға арналған дескрипторлар:

Ырғақтық суретін нақты орындайды;

Өзіндік интерпретация жасайды;

Музыкалық аспап қолданады;

Әннің көркем бейнесін жеткізеді;

Топта өз рөлін орындайды.

Презентация

Өз жұмысын сынып алдында таныстыру.

Дескрипторлар бойынша бағалау жұмысын жүргізу.

Рефлексия

- Орындауыңызда не жақсы шықты?

- Нені одан әрі жақсарта түсуге болады?

- Бүгінгі сабақта сіз үшін не жаңа болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу