Джаз музыкасы. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім:Заманауи музыка мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Джаз музыкасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.2.1.1– музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интепретация жасау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • тыңдаған музыкалық шығарманы талдап, өнердің түрлері, стилі және жанрларын анықтайды;
  • музыкалық-шығармашылық жұмысын жоспарлайды;
  • өлең жолдарын джаз, блюз стилінде импровизациялайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • тыңдалған музыкаға талдау жасайды;
  • өлең жолдарын джаз, блюз стилінде импровизациялайды;
  • музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптар қолданады;
  • қажетті ырғақтық суреттер қолданады:
  • көркем образын, мінезін көрсете отырып, орындайды;
  • топта өз рөлін орындайды;
  • өзінің және өзгенің жұмысын бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • музыканы талдау және талқылау барысында пәндік терминдерді қолдана отырып, стильдерге сипаттама бере алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • .....стильдегі музыка әуендері...., себебі.....
  • Олардың бір-бірінен .......айырмашылықтары бар..

Терминдер және түсініктер:

Блюз, джаз, импровизация

 Құндылықтарды дарыту

Заманауи стильдерді зерттеу арқылы музыка мәдениетіне деген сыйластық, үштілділікті дамыту.

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

 АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Берілген тақырып алдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады. Оқушыларда блюз, джаз ұғымдары туралы толық мәлімет бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

5 мин.

5 мин.

Сабақ басында:

Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Тапсырма. Викторина.

Қайталау. Бекіту. Әртүрлі заманауи стиль түрлерінен құралған викторина өткізу.

Тапсырма. Тыңдау және талқылау.

Л. Армстронг «Let me people go» шығармасын тыңдау, талқылау.

  • Қандай стильдегі музыка әуенін тыңдадық?
  • Шығарманың көңіл-күйі қандай?
  • Ырғағы қандай?

Презентация

Викторинаға арналған музыкалық үзінділер

Л. Армстронг «Let me people go»

https://www.youtube.com/watch?v=BIErCRWcLFQ

Сабақтың ортасы

15 мин.

3 мин.

7 мин.

Тапсырма. Импровизация және орындау.

Музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптар қолдана отырып, өлең жолдарын джаз, блюз стилінде импровизациялау.

1 топ«Қыс» тақырыбы

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

2 топ – «Күз» тақырыбы

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

3 топ«Жаз» тақырыбы

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда;

Топтардың сынып алдында өз импровизациясын орындауы.

Бірін –бірі бағалау.

Бағалауға арналған дескрипторлар:

  • Джаз, блюз стилінде импровизация идеяларын ұсынады;
  • Джаз, блюз стилінде импровизация орындайды;
  • Музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптар қолданады;
  • Қажетті ырғақтық суреттер қолданады:
  • Көркем образын, мінезін көрсете отырып, орындайды;
  • Топта өз рөлін орындайды;
  • Өзара бағалау жүргізеді.

Музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптар,

өлең жолдары,

бағалау парақшалары.

Сабақтың соңы

2 мин.

Рефлексия:

  • Сабақта не үйрендім?
  • Қандай қиыншылықтар кездесті?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушылар ырғақтық суреттерге импровизация ойластыра алады.

Вокалдық дағдысы жоғары оқушылар солист рөлін атқара алады.

Аспапта орындау дағдысы жоғары оқушылар сүйемелдеу құрастыра алады.

Өзін-өзі бағалау;

Топтық жұмысты бағалау;

Сабаққа арналған бағалау критерийлері;

Мұғалімнің кері байланысы;

Бақылау.

Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу