Музыка мерекесі. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 – сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімінің соңы тақырыбы «Музыка мерекесі» деп аталады. Оқушыларға бұл сабақ өзге сабақтардан ерекше және қорытынды болатынын ескертіңіз. Сабақ қорытынды концерт сабағы болатынын айтыңыз, тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз.
1-тапсырманы орындату үшін оқушыларды 8 топқа бөліңіз. Әр топтан топ басшысын дайындаңыз. Топтарға жыл бойы өткізілген бөлімдер бойынша тақырыптарды еске түсіруді тапсырыңыз.Топ басшысы слайдта көрсетілген сандардың бірін таңдайды. Ол санның астында жасырылған суреттің қай бөлімге сәйкес келетінін анықтайды. Оның дұрыс немесе теріс айтқанын анықтау үшін, слайтты тағы бір рет басып, дұрыс жауабын көрсетесіз. Слайдтың төменгі жағындағы жұлдызшаны бассаңыз 4 слайдқа, яғни бастапқы таңдауға барасыз.
2-тапсырмада оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысатынын айтыңыз. Жыл бойы алған білімдеріңе сүйене отырып, топта таңдалған бөлім бойынша бір концерттік номер (ән, би, күй, оркестр) көрсетуді тапсырыңыз. Дайындыққа топтарға уақыт беріңіз. Көмек қажет ететін топтарға барып көмегіңізді көрсетііңіз. Аспапта орындайтын оқушылар болса, алдын-ала музыкалық (домбыра, сентизатор, гитара) және шулы- музыкалық (маракасы, асатаяқ, тоқылдақ, кастанеттер және т.б) аспаптар дайындап алыңыз.
3-тапсырмада оқушыларға барлық сыныппен концерт өткізілетін орынды/сахнаны (шар және түрлі түсті қағаздармен) дайындауды тапсырыңыз. Бұл сабақты алдын-ала әкімшілікке ескертіп акт залына өткізсеңіз болады. Немесе сыныпта кең орын дайындап сол жетді безендіріңіз. Шар және түрлі түсті қағаздар дайындап алыңыз. Оқушыларға гүл жасау үлгілерін және шарларды безендіру үлгісін ұсыныңыз.
Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.
4-тапсырмада оқушыларға дайын номерін сынып алдына таныстыруды тапсырыңыз. Оқушылардың өнерін дайын критерий бойынша бағалаңыз. Топтарды бір-біріне бағалатсаңыз да болады.
Бағалау критерийлері:
- Өлең шығарады;
- Өлеңнің мазмұны тақырыпты ашады;
- Өлеңге әуен құрастырады;
- Әуен мәтінге сәйкес келеді;
- Музыкалық аспапта сүйемелдейді.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- 3-сынып бойынша алған білімдерін көрсетеді;
- Бөлім бойынша қайталайды;
- Өз өнерлерін көрсетеді;
- Өз жұмыстарын таныстырады және бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру