Музыка және уақыт. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Музыка және уақыт» тақырыбына арналған сабақ «Уақыт» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сабақтың басын жұмбақ жасырудан бастаңыз.Жұмбақты шешкен соң сабақтың тақырыбын, мақсаты мен оқу мақсатын айтып кетіңіз.
Сағат туралы қызықты деректер.
1-тапсырмада Т.Серіковтың «Уақыт» әнін тыңдатыңыз. Әнннің аудио немесе бейне жазбачсын дайындап алыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=6pCzPywCVdI
Әнді талдап, сұрақтарды талқылаңыз. Оқушылардан әннің мазмұнын сұраңыз. Уаыт, сағат жайлы не білетінін сұраңыз.
2-тапсырмада оқушыларға ақпарат іздеу үшін «Энциклопедия» дайындап алыңыз немесе интернет желісін пайдалануға рұқсат етіңіз. Оларды «сағат» және «уақыт» деп екі топқа бөліңіз 1- топ. «Сағат» туралы қызықты деректер, 2-топ, «Уақыт» жайлы қызықты деректер тауып постер жасайды. Оларға тапсырманы орындау үшін 10-15 минут уақыт беріңіз.
Сағат, уақыт жайлы қызықты деректер. Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/klassika/46240
3-тапсырмада оқушылар «Сырлы сағат» тақырыбына 2 шумақ өлең шығарады. Жазған өлеңіне әуен ойлап құрастырады. Өлең шығару үшін,кейбір көмек қажет ететін оқушыларға тірек сөздерді ұсынсаңыз болады. Мысалы, уақыт жалдам, сағат тілі, өмір заңы, әрбір минут және т.б
4-тапсырмада оқушыларға «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйретіңіз. Әнді өзіңіз музыкалық аспаппен сүйемелдеп орындап беріңіз немесе аудио жазбасын тыңдатыңыз. Әннің сөзіне мән беріп, әнді мәнерлеп орындауды тапсырыңыз. Оқушыларды екі топқа бөліңіз.Әнді ережеге сай үйретіңіз.
1-топқа әннің ырғағын сақтай отырып, музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдеуді тапсырыңыз.
2-топқа әнге би қимылын қоса отырып, мәнерлеп орындауды ұсыныңыз.
Қалыптастырушы бағалау.
Осы тапсырмада ауызша қалыптастырушы бағалау өткізуге болады. Қай топтың орындауы жақсы шақты? «Ырғақты сақтай отырып, мәнерлеп орындады». «Тамаша», «өте жақсы» деген сөздермен
Кейін рөлдерін ауыстырыңыз.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- уақыт туралы біледі және уақытты музыка қалай жеткізе алатыны туралы айтады;
- уақыт, сағат туралы қызықты деректермен танысады;
- шығармашылық жұмыспен айналысып, постер жасайды;
- «Сиқырлы сағат» тақырыбына өлең жазып, әуен құрастырады;
- Ән үйреніп,әнге импровизация жасайды.
Қалыптастырушы бағалау.
4-тапсырмада әнді екі топ болып импровизациялау кезінде ауызша өткізуге болады. Қай топтың орындауы жақсы шықты?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?