Музыка және уақыт. Музыка, 3 сынып, презентация. 1 - сабақ.


Жұмбақты шеш

Үш тілі тақылдап,

Жаңылмайтын ақылды-ақ.

Көп болса алыстайсың, мезетпен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсысың?

3 сынып. 3-бөлім.

Уақыт.

Музыка және уақыт

Оқу мақсаты

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

Сабақ мақсаты

Т.Серіков «Уақыт» әнін тыңдайды және талдайды;

«Уақыт» және «сағат» туралы қызықты ақпарат іздейді;

«Сырлы сағат» тақырыбына өлең шығарады;

И.Нүсіпбаевтың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйренеді және орындайды.

1-тапсырма. «Уақыт» әнін тыңдаңыз. .

https://www.youtube.com/watch?v=6pCzPywCVdI

Сұрақтарды талқыла.

Ән не жайында?

Әннің көңіл-күйі қандай?

Музыкалық шығарма сізге қандай ой тастады?

Осы шығарма уақыт белестерін бізге қалай жеткізіп берді?

2-тапсырма. Ақпарат ізде

Интернет желісін, ақпараттық кітап-құралдарды пайдалана отырып «сағат», «уақыт» туралы қызықты ақпарат табыңыз. Постер жасаңыз.

3-тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Уақыт пен музыка тақырыбына арналған «Сырлы сағат» 2 шумақ өлең шығарыңыз. Өлеңіңізге әуен ойлап құрастырыңыз. Сыныптастарыңызға орындап беріңіз.

4-тапсырма. Ән үйрен және орында.

Музыкасы.И.Нүсіпбаев, сөзі Х.Талғаровтың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйреніңіз және орындаңыз.

Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер – 

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан – 

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)

Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып – 

Білімді адам боламыз

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз!

(2 рет)

5-тапсырма. Импровизация

Әнді музыкалық, шулы аспаптарды қолдана отырып, жұппен, топпен импровизация жасап мәнерлеп орындаңыз.

Рефлексия:

Мен бүгін не білдім?

Не жақсы шықты?

Нәтижені қалай жақсартуға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу