Концерт. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сабақ.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
- бөлім «Су – тіршілік көзі»
4 тақырып «Концерт»
Бұл сабақ 7 бөлімнің қорытынды соңғы сабағы болып табылады. Оқушылар сабақта концерт, афиша, музыкалық номер ұғымымен танысады. АЛдыңғы білімдеріне сүйеніп музыкалық номер, афиша дайындайды.
Сабақты оқушылардын концерт туралы не білетіндерін сұраудан бастаңыз. Оқушылар барған кончертін оның форматын естеріне түсіріп өз ойларымен бөліседі.
Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айтыңыз.
Оқушыларға жаңа тақырыпты теориялық жағынан терминдермен жұмыс істеу арқылы түсіндіріңіз. Әрбір терминді түсіндірген соң, оны сөйлейтін қабырғаларға іліп отырыңыз.
Шығармашылық тапсырманы бермес бұрын оқушыларды жұптарға біріктіріп концертті қалай ұйымдастыруға болатыны жөнінде сұраңыз. Оқушылардың айтқан сәтті идеяларын ары қарай сабақта қолданыңыз.
Афиша жасау шығармашылық тапсырма үшін оқ\ушыларды өз қалауы бойынша топтарға біріктіріңіз. Кейбір сабақтарда «оқушы үнін» ескеру жақсы нәтижеге әкеледі.
Оқушыларға афиша жасауға алдын ала дидактикалық материалдар дайындаңыз. Оқушылардың өзіне алдыңғы сабақта газет, журналдарды алып кел деп тапсырыңыз.
Әр топқа жұмыс жасауға арналған қажетті құрал жабдықтарды жеткілікті етіп беріңіз. Бұл әрекет сабақта уақытты үнемдеу, жұмысты тиімді етіп өткізуге септігін тигізеді.
Оқушылар афишасын таныстырған кезде сыныпты назар аударуға шақырыңыз, таныстыруды креативті өткізу керек екенін жұмыс жасау кезінде оқушыларға ескертіп отырыңыз.
Келесі тапсырма оқушылардың концерттік бағдарламаны құруына бағытталады. Оқушыларға тапсырмаларды үлестірмес бұрын концерттік жақсы өтуі үшін әр түрлі өнер түрлерін көрсету қажет екенін жөнінде айтыңыз. Олардың концертке қандау музыкалық номер жасай алатынын сұраңыз.
Содан соң оқушыларды топтарға біріктіріп түрлі музыкалық жанрларды үлестіріп беріңіз.
Әр топқа дайындау қажет жанрдың атауы жазылған қағаздар беріледі.
1 топ – ән
2 топ – би
3 топ – оркестр
4 топ – сахналау
Сабақ оқушылардың өз музыкалық номерлерін танысырып жұмыстарды бағалаумен бекітіледі. Содан соң рефлексия өткізіңіз. Рефлексия оқушылардың сабақтан алған әсерін, ойын білуге, келесі сабақты тиімді етіп ұйымдастыруға, кейбір қараусыз қалған оқушыларға жеке көңіл бөлуге көмегін тигізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?