Музыкалық калейдоскоп. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 – сабақ.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Атақты тұлғалар» бөлімінің соңғы сабағы «Музыкалық калейдаскоп» деп аталады. Бұл сабақ бөлім бойынша қорытынды сабақ болып саналады. Оқушыларға сабақ ойын түрінде өтілетінін ескертіңіз. Ойынның мақсатын және шартымен таныстырыңыз.
Мақсаты бөлім бойы алған білімдерін қоытындылау екенін түсіндіріңіз.
1-3 топтар қатысады, 4-топ бақылаушы ролін атқарады. Мұғалім әр топтардың рөлін ауыстыру ырақылы оқушыларды үш сайысқа қатыстырып, бір сайысты әділ бағалауларын қадағалап отыруы тиіс. Оқушыларға топ ауысуы түсінікті болуы үшін отырған топтарының алдында «қатысушы», «бақылаушы» сөздеріне алмастырып қойып отыруы қажет. 1 cайыс-«Миға шабуыл» сайысының сұрақтар ыпрезентацияда кезекпен анимация арқылы шығып отарыда. Сайыс басталмас бұрын мұғалім ережені айтады. Оқушылардың құрмет, ынтымақтастық құндылықтарын бір бірін сыйлау, сөзін бөлмеу деп ескерту арқылы дамытады. Мұғалім топтарды алмастырады, бақылаушы топтың бағалау парағын өзіне алады. Бұл сайыста 1 топ бағалаушы, 2-4 топтар қатысушы. 2 сайыс-«Композитор жайлы не білеміз?» Ереже: әр топқа бір композитордың суреті беріледі. Оқушылар 1 минут ішінде дайындалып композиторларды атап, оның қандай өнермен айналысқанын, қандай музыка жазғанын атауы тиіс. Оқушыларға әр топтың өз композиторы болатынын ескерту керек. Олар дайындыққа берген уақытта бар білетін ақпараттарын. Оларға 5-бөлімде өткен Ақан сері, Ахмет Жұбанов, ҚҰрманғазының портреттері беріледі. 2 сайыс біткен соң мұғалім топтарды алмастырады, бақылаушы топтың бағалау парағын өзіне алады. Бұл сайыста 2 топ бағалаушы, 3, 4, 1 топтар қатысушы. 3 cайыс «Бұл қандай әуен?» Бұл сайыста оқушылар кім тез жалаушаны көтереді сол топ жауап береді деген әдіске сүйенеді. Барлық топтың үш музыкалық композиция жайында жауап беруге мүмкіндігі болады. Мұғалім топтарды алмастырады, бақылаушы топтың бағалау парағын өзіне алады. Бұл сайыста 3 топ бағалаушы, 4, 1, 2 топтар қатысушы. 4-сайыс-«Ырғаққа қосыл» «Ырғаққа қосыл» сайысының сәтті өтуі үшін мұғалім өзі дирижер болуы тиіс. Оқушылар тосыннан қосылған күйдің ырғағына ілесіп, аспапта ансамбльмен ойнауға тырысу керек. Бұл нұсқауды сайысты бастамас бұрын оқушыларға түсіндіру керек. Әр топқа аспаптар таратылады. Егер аспап саны жеткіліксіз болса аспабы жоқ оқушыларға шапалақ немесе аяғын алақанымен соғу арқылы ырғақтық дыбыс шығару ұсынылады. Әр орындап болған әуеннің кімнің әуені және ол қандай жанрға жататынын анықтау қажет. |
Сабақ қорытындысында мұғалім салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді. Әрбір топтарға берілетін медальдарды оқушыларға жылы лебіз, мадақтау сөздерін айтып, музыка сүйемелдеуміен табыстау қажет. Топтарға «Алғыр оқушы» «Білгір оқушы»«Ақылды оқушы»«Білікті оқушы» атақтары беріледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру