Музыкалық калейдоскоп. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 2 – сабақ.


Дидактикалық материалдар.

1-қосымша

Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 1913 ) — ақын, әнші, композитор.

Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1879) -теңдесі жоқ ұлы күйші, төкпе күй шебері.

Құрманғазы Атырау облысы Теңіз ауданы Жиделі деген жерінде Құрбан айт кезінде дүниеге келген,сондықтан атын Құрманғазы деп қойған.Әкесі Сағырбай, анасы Алқа өнерге жақын болған. Шығармаларының басты тақырыбы: қазақ халқының өмірі,тұрмысы,әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресі және қазақ жерінің табиғаты.

Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. “Балбырауын”, “Ертең жетем”, “Бұқтым-бұқтым”, “Балқаймақ”, “Боз қаңғыр”, “Не кричи не шуми”, “Айжан-ай”, “Лаушкен” т. б. көптеген күйлері бар.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі , өнертану ғылымының докторы , профессор , академик. Шығармалары:«Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы» және «Абай» (1944), «Төлеген Тоқтаров» (1947), қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» опералары, «Замана бұлбұлдары» «Ғасырлар пернесі» аты екі кітабы.

Біржан сал Қожағұлұлы (1834— 1897, туған жерінде) — Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер

Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.

2-қосымша

Партитура – вокалдық және аспаптық немесе вокалды-аспаптық шығармадағы барлық дауыстардың жинақталып нотаға түсірілген түрі.

Сал-серілер – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни ақын, әнші, күйші, композитор, ойыншы, би, спортқа бейім, ерекше өнерпаз, қысқасы осылардың барлығын жинақтаған синкретті тұлға.

Лирика - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді.

Дирижер пульті- ноталық жазбаны, партитураны қоятын орын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу