Пайыз ( Қайталау). Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «5 сыныпты қайталау.

Пайыз.»

Сабақтың мақсаты:

5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру;

5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ;

5.1.2.34 берілген санның пайызын табу;

5.1.2.35 бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;

5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу;

Бағалау критерийлері:

Оқушы:

- Процент анықтамасын біледі;

- Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдырады;

- Санның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- Пайыз есептерін шығара алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру.

Оқушылармен 5 – ші сыныпта қандай материалдар өткенін еске түсіре отырып, сұрақтар қойып, жауап алу және дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтап, әр түрлі смайликтермен мадақтау.

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

С-1: Пайыз деп нені айтады?

С-2: Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?

С-3: Бөлшек пайызбен қалай жазылады?

С-4: Берілген санның пайызы қалай табылады?

С-5: Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

Пайыз сөзі - «жүзден бір үлес» дегенді білдіреді . Процент – Кез келген шаманың жүзден бір үлесі: жол, масса, аудан, көлем… «процент» сөзінің белгісі де берілген - %

Процентті ондық бөлшек ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 бөлу немесе 0,01 көбейту керек

Мысалы :

125%= 125:100=1,25 немесе

125%=125 * 0,01= 1,25

Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп отырады.

Ондық бөлшекті процент ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 көбейту керек

Мысалы :

0,7 = 0,7 * 100% = 70%

0,45 = 0,45 * 100% = 45%

Берілген санның процентін табу үшін:

  • Процентті бөлшекпен өрнектеу керек.
  • Берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.

Әріптермен жазсақ: b=a. Мұндағы, а – берілген ( 100% -ке сәйкес) сан. Р – проценттер, b – берілген санның процентке сәйкес мәні немесе ізделінді сан.

Пайызы бойынша санды табу үшін:

  • Процентті бөлшекпен өрнектеу керек.
  • Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.

Әріптермен жазсақ: а =. Мұндағы, а – проценті бойынша табылатын ( 100% -ке сәйкес) сан. Р – проценттер, b – проценті берілген сан.

Жалпы бөлік, үлестер арқылы 50,25,75 проценттердің шамасына бірнеше мысалдарды оқушылардың өзіне өмірден мысалдар келтіруін талап етіледі.

Сергіту сәті:

Музыка мен мультипликация арқылы көзге шынықтыру жасау.

Жалпы сыныппен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар тақтада немесе орындарынан орындап жауаптарын презентациядағы дұрыс жауаппен тексеред

1.Есеп.Тігін фабрикасы 1500 костюм шығарды. Оның 40% жаңа костюмдер түрі . Фабрика неше жаңа костюмдер шығарды? Шешуі:

1500-і -100%-ті құрайды

  • 1500:100 =15 костюм 1%-ті құрайды.
  • 15*40=600 жаңа костюм түрі

Жауабы: 600 жаңа костюм түрі

2.Есеп. Математикадан бақылау жұмысында «5» деген бағаны 15 оқушы алды,бұл барлық оқушының 50%. Сыныпта неше оқушы?

Шешуі :

Белгісіз сан -100%

  • 15 : 50 =0,3 оқушы 1% құрайды
  • 0,3*100 = 30 Сыныпта оқушы

Жауабы: 30 Сыныпта оқушы

3.Есеп. 1800 га жердің 558 га жеріне картоп егілді. Жердің қандай бөлігінің процентіне картоп егілді?

Шешуі:

1800 га -100%- ті құрайды.

1) 1800: 100 =18 га 1% құрайды

2) 558 : 18 = 31; 558 га 31% құрайды.

Жауабы : 558 га картоп 31%құрайды

4.Есеп. 2008 жылы қалада 40000 адам тұрды.

2009 жылы қала тұрғындары 8%-ға өсті. Ал 2010 жылы2009 жылмен салыстырғанда –9%-ға өсті.

2010 жылы қалада қанша адам тұрды?

Шешуі:

2009 ж. тұрғындар : 100% +8% =108% (1,08)

400*1,08 =43200 (адам)

2010 жылы тұрғындар: 100% +9% =109% (1,09)

43200 *1,09= 47088 (адам)

Жауабы : 47088 адам

Жұптық жұмыс жүргізіліп оқушылар жұптаса отырып «Карусель» әдісі бойынша бірін – бірі тексеріп бағалайды.

Есеп 1. Мектепті жөндеу кезінде 28 әйнектің 10 пластикаға ауыстырды. Барлық әйнектің қанша процентін пластикалы әйнек құрайды?

Есеп 2. «Элекс» дүкені компьютерлі техникаларды 12%жеңілдікпен жаппай сатылым туралы хабарландырды. Мен ата-анамнан 118000 теңгенің ноутбугын сатып алуын сұрадым. Ноутбук канша тұрды?

Сабақ соңында сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма беріліп түсіндіріледі. Оқушылармен жеке бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша өз ойларын білдіреді.

Рефлексия:

  • Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.
  • Мен бүгінгі сабаққа жақсы түсініп, қатысып отырдым.
  • Мен жақсы талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.
  • Мен бүгін сабаққа араласпадым
  • Мен бүгінгі сабаққа түсінбедім

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика 5 сынып. Алдамұратова А.Т. Алматы «Атамұра»2005.
  • http://fb.ru/article/147293/chto-takoe-protsent-formula-protsentov-protsentyi---kak-schitat
  • http://egesdam.ru/page230.html


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу