№ 15 сабақ. Көлемнің өлшем бірліктері. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көптаңбалы сандарды нөмірлеу және олармен амалдар орындау

№ 15 сабақ. Көлемнің өлшем бірліктері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

4.1.3.1 кеңістік геометриялық фигураларды атау, көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдау, текшелермен) өлшеу;

4.1.3.2 мм3,см3, дм3, м3, га, ар өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Кеңістік геометриялық фигураларды атайды, көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдайды, текшелермен (1 см3) өлшейді. мм3,см3, дм3, м3 өлшем бірліктерін қолданып өлшейді

Оқушылардың көпшілігі:

Кеңістік геометриялық фигураларды таңдайды, көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдармен өлшейді,

Оқушылардың кейбіреулері:

Текшелермен (1 см3) өлшеп, дәлелді түсіндірме жасайды.

Ғылыми тіл

Көлемі 1 метр куб текше моделінің қыры көлемі 1 дециметр куб болатын текше моделінің қырынан 10 есе

кем. Көлемі 1 дециметр куб текше моделінің қыры көлемі 1 метр куб болатын текше моделінің қырынан 10 есе кем. Көлемнің өлшем бірліктері: 1 мі = 1000 дмі (1000 л); 1 дмі = 1000 смі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Көлемнің қандай өлшем бірліктерін қолдандыңдар? Осы білімдеріңді өмірде қайда пайдаланасыңдар? Көлемнің өлшем бірліктерін не үшін білу керек?»

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Кеңістік геометриялық фигураларын біледі, олардың өлшем бірліктерін біледі, атай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық ахуал.

Математика – толған тамаша заңдылық сән,Математика – толған тәртіп, мағына мән.Математика – толып жатқан терең сыр,Шетсіз, шексіз  дариядай  бейне бір.

Кеңістік фигуралары арқылы топқа бөліну.

(Т) Кіріспе тапсырма. Бір топқа сіріңке қорабын, екінші

топқа қорапты, үшінші топқа банкіні, ал төртінші топқа

шкафтың суретін таратып беремін. Осы заттардың көлемін

өлшеуге қандай өлшем бірліктерді қолдануға болатынын

талқылауды сұрау. Нәтижесін кеспеқағаздағы кестеге

жазуды және сыныпқа таныстыруды ұсынылады. Содан соң сұрақ қойылады. «Көлемнің қандай өлшем бірліктерін қолдан-

дыңдар? Осы білімдеріңді өмірде қайда пайдалана-

сыңдар? Көлемнің өлшем бірліктерін не үшін білу керек?»

(Т) Көлемнің өлшем бірліктері. Оқушылардың

көлемнің өлшем бірліктері бойынша білімін пысықтау

үшін берілген өлшем бірліктерді заттардың суретімен

сәйкестендіруді ұсыну. Әр зат үшін неліктен осы

бірлікті таңдағанын түсіндіруді сұрау. Оқушылардың

жауабын тыңдап, кері байланыс жасау.

Жауабы:

Өшіргіш (мм3), контейнер (м3), ванна (дм3/литры),

кірпіш (см3)

(Ө) Текшелерді салыстыр. Тапсырманы орындау

арқылы оқушылар көлемнің өлшем бірліктерінің арасын-

дағы байланысты біледі: көлемі 1 м3 текшенің қыры көлемі

1 дм3 текшенің қырынан 10 есе артық болады, сондықтан

1 м3 = 1000 дм3 (1000 л). Көлемі 1 дм3 текшенің қыры

көлемі 1 см3 текшенің қырынан 10 есе артық, сондықтан

1 дм3 = 1000 см3.

Ж.Ж. Текшелерден құрастырылған фигуралар. Тапсырма

көлемнің 1 дмі-қа тең өлшемін пайдалану арқылы

әртүрлі фигуралардың көлемін анықтау дағдысын дамы-

туға арналған. Оқушылар тапсырманы жұптасып орын-

дайды. Өздерінің жауабын басқа жұппен салыстырып,

түсіндіреді.

Жауабы:

а) 1 дм3 = 1000 см3, фигурада 3 · 3 · 2 = 18 текше бар,

18 дм3 = 18000 см3; ә) фигураның көлемі өзгермейді,

себебі кішкентай текшелердің саны өзгерген жоқ.

4. Қателерді жөнде. Оқушыларға математик-сарапшы

болып, Айдостың жіберген қателерін жөндеуді ұсыныңыз.

«Айдос неше қате жіберген? Неше теңсіздікті дұрыс

анықтаған? Жұмысты тексергенде қандай білімдеріңді

пайдаландыңдар?» (1 мі = 1000 дмі (1000 л); 1 дмі =

1000 смі)» Қателерді талдап, келесіде осындай қателерді

жібермес үшін Айдосқа нақты ұсыныс жазуларын сұраңыз.

Жауабы:

а) 30 мі > 30000 дмі (қате), 30 мі = 30000 дмі; ә) 56000

cмі = 56 дмі (дұрыс); б) 8000 смі > 8 мі (қате), 1 мі = 1

000 000 смі, демек 8000 смі < 8 мі; в) 20007 cмі = 2 мі 7

cмі (қате), 1мі = 1 000 000 смі, демек 20007 смі < 2 мі 7

cмі; г) 60038 дмі = 60038 л (дұрыс); ғ) 64000 смі = 64 л

(дұрыс) 1 дмі = 1000 смі, демек 1000 смі = 1 л.

Орындап көр. Оқушылар жұптасып, бір-бірімен

ойласа отырып, қыры 7 см текше моделін құрастырып

дайындайды. Сұраңыз: «Модельді әзірлеуге неше түтікше

қажет болды? Текшенің неше қыры бар?» Оқушылардың

дайындаған модельдерін көрсетіп, жауабын түсіндіруін

ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

12 түтік, текшенің 12 қыры бар

Белгі кеспеқағаздары;

№ 4 слайд

Сабақтың ортасы

(Ж) Текшелерден құрастырылған фигуралар. Тапсырма

көлемнің 1 дмі-қа тең өлшемін пайдалану арқылы

әртүрлі фигуралардың көлемін анықтау дағдысын дамы-

туға арналған. Оқушылар тапсырманы жұптасып орын-

дайды. Өздерінің жауабын басқа жұппен салыстырып,

түсіндіреді.

Жауабы:

а) 1 дмі = 1000 смі, фигурада 3 · 3 · 2 = 18 текше бар,

18 дмі = 18000 смі; ә) фигураның көлемі өзгермейді,

себебі кішкентай текшелердің саны өзгерген жоқ.

(Ө) Қателерді жөнде. Оқушыларға математик-сарапшы

болып, Айдостың жіберген қателерін жөндеу ұсынылады.

«Айдос неше қате жіберген? Неше теңсіздікті дұрыс

анықтаған? Жұмысты тексергенде қандай білімдеріңді

пайдаландыңдар?» (1 м3 = 1000 дм3(1000 л); 1 дм3 =

1000 см3)» сұрақтарына жауап алып, қателерді талдап, келесіде осындай қателерді

жібермес үшін Айдосқа нақты ұсыныс жазуларын сұрау.

а) 30 м3 > 30000 дм3; в) 20007 cм3 = 2 м3 7 cм3;

ә) 56000 cм3 = 56 дм3; г) 60038 дм3 = 60038 л;

б) 8000 см3 > 8 м3; ғ) 64000 см3 = 64 л.

Жауабы:

а) 30 м3> 30000 дм3(қате), 30 м3 = 30000 дм3;

ә) 56000cм3 = 56 дм3(дұрыс);

б) 8000 см3 > 8 м3 (қате), 1 м3= 1000 000 см3, демек 8000 см3 < 8 м3;

в) 20007 cм3 = 2 м3 7Cм3 (қате), 1м3= 1 000 000 см3, демек 20007 см3< 2 м3 7Cм3;

г) 60038 дмі = 60038 л (дұрыс);

ғ) 64000 см3 = 64 л (дұрыс) 1 дм3 = 1000 см3, демек 1000 см3 = 1 л.

(Ж) Орындап көр. Шырын түтіктерінен қыры 7 см болатын текшенің моделін жаса. Неше түтік қолдандың? Текшенің неше қыры бар?

Оқушылар жұптасып, бір-бірімен

ойласа отырып, қыры 7 см текше моделін құрастырып

дайындайды. Сұрақ: «Модельді әзірлеуге неше түтікше

қажет болды? Текшенің неше қыры бар?» Оқушылардың

дайындаған модельдерін көрсетіп, жауабын түсіндіруін

ұйымдастыру.

Жауабы:

12 түтік, текшенің 12 қыры бар

(Ж) Шығарып көр. Қазақ халқы сұйықтың көлемін өлшеу үшін теріден жасалған торсықты пайдаланған. Торсыққа неше литр

сұйық сыятынын білу үшін теңдеуді шеш. Бұл неше дециметр куб болады?

(2367 – 767) : х = 1234 −1034

Көшпелі халық сұйықтың көлемін теріден жасалған торсық арқылы өлшегенін айтып түсіннік жұмысын жүргізу.

Оқушылар жеке жұмыс істеп, теңдеуді шешеді. Жауабын

ламинатталған параққа жазып көрсетеді. Қосымша сұрақтарға жауап алу: «Бұл неше куб метр болады?» Бірін-бірі бағалау

үшін белгі беретін кеспеқағаздарды қолдануды ұсыну.

Есепті шығару барысында оқушылардың бір-біріне көмек-

тесуін ұйымдастыруға да болады.

Жауабы:

(2367 – 767) : х = 1234 – 1034

1600 : х = 200

х = 1600 : 200

х = 8

8 (л) – торсықтың сыйымдылығы

8 л = 8 дм3

(Т) Ойлан. Тапсырмада диаграмманы пайдалану ұсыныла-

ды. Топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Диаграммада

бір осьте сантиметр кубпен көлем жазылған, ал екінші

осьте көлемінің өсуіне байланысты ыдыстар көрсетілген.

1 дм3 = 1000 см3, 1 дм3 = 1 литр екендігін ескеру керек.

Талқылаудан кейін топтың өкілдері өздерінің жауабын

таныстырады. Белгі беретін кеспеқағаздардың көмегімен

бағалауды ұйымдастыру.

Көлем, см3

1000

800

600

400

200

0

1 2 3 4 5 ыдыстар

Жауабы:

Кружка, ваза, құмыра, ожау, кастрөл

№5 слайд

№8 слайд

№9 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Жаңадан не білдіңдер? Жаз-

баша азайтуды орындауда не қиын болды?

Кімге қосымша көмек керек?» сұрақтарына жауап алу.

Кері байланыс

Оқушыларға сабақты бір сөзбен аяқтауды ұсыну: «Бүгінгі сабақ – ол (бұл)... Бүгін мен сабақта...»

«керемет», «күшті»,

«қуандым», «үйрендім», «үйреттім», «іздендім» «таптым»

«Стикерлер.

№10 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу