20-сабақ.Уақыт өлшем бірліктері. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы: 4

20-сабақ.Уақыт өлшем бірліктері

Оқу мақсаты:

4.1.3.5 уақыт өлшем бірлігінің үлесін табу

(1/60 сағ ═ 1 мин, ½ сағ ═ 30 мин,

1/7 апта= 1 күн),

Бағалау критерийлері

Уақыт бірлігінің үлесін анықтауды үйренеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Үлес – бүтіннің қандай да бір бөлігі, ол бөлшек арқылы көрсетілуі мүмкін.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау: Санның үлесін табу үшін санды бөлшектің алымына көбейтіп, бөліміне бөлу керек. Үлесі белгілі болған жағдайда санды табу үшін үлес шамасын бөлшектің бөліміне көбейтіп, алымына бөлу керек.

Құндылықтар

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Үлес туралы және санның үлесін таба алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе тапсырма.Сабақты уақыттың өлшем бірліктерін қайталау. Бүгінгі сабақта уақыт бірліктерінің үлесімен жұмыс істеп үйренетіні туралы айту.Санның үлесін табу туралы сұрақтар арқылы сабаққа бағыттау.

(Т) Шағын топта домино ойнауды құрастыру. Топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырып, соңында дұрыс жауабын тақтадан немесе экраннан көрсету немесе топтарға қағазға басылған нұсқасын тарату.

1. (Т) Бірдей мәндерді тап. Оқушыларға дайындалған атаулы сандар жазылған кеспеқағаздарды тарату. Олар шағын топта жұмыс істеп, уақыттың бірдей мәндерін анықтайды, оларды бір-бірімен сәйкестендіреді. Жауабы:

1 мин = 1 /60сағ, 1 күн = 1/ 7апта, 30 с = 1 /2мин, 8 сағ =

1 /3тәул., 3 ай = 1 /4жыл

2. Оқушының күн тәртібі. Тапсырманы ұжым болып орындауды ұсыну. «Күн тәртібі деген не? Сендер өзіңнің күн тәртібінді жасадыңдар ма? Бірінші дөңгелек неше бөлікке бөлінген? Неше бөлігі боялған? Мектептегі сабақ неше сағатқа созылады?» Сұрақтарды есептің шартына байланысты жалғастыру.

Жауабы: Сабаққа – 6 сағ, жаттығуға – 2 сағ,

үй жұмысына – 3 сағ, ұйқыға – 8 сағ; 6 сағ + 2 сағ + 3 сағ + 8 сағ = 19 сағ; 24 сағ – 19 сағ = 5 сағ – бос уақыты.

3.(Ж) Мектепке баратын жол. Жұптық жұмыс ұйымдастыру, оқушылар әрекеттерге кететін уақытты санауды тапсыру. Соңында есептің сұрағына өз бетінше жауап беруді сұрау. Оқушылардың жауаптарын ұжым болып талқылау. Жауабы:

60 : 4 = 15 мин – төсегін жинау, жуыну, таңғы жаттығу жасауға;

60 : 6 = 10 мин – таңғы ас ішуге;

60 : 5 = 12 мин – мектепке жиналуға;

50 – (15 + 10 + 12) = 13 мин – мектепке дейінгі жолға жұмсайды.

4. Биге барамыз! Тапсырма сағаттың үлесін есептеп табу.

-Ләззат жолға неше минут жұмсайды?

- Аружан ше?

Оқушылар жауабын ламинатталған параққа жазып, бірін-бірі тексеру, жауаптарын бағалау, дұрыс жауабын түсіндіру. Жауабы: Ләззат – 15 мин, сағат 15:05-те; Аружан – 20 мин, сағат 15:00-де; Дина – 30 мин, сағат 14:50-де үйінен шығады.

5.(Т) Жобамен жұмыс істеу. Оқушылар шағын топта параққа есептің шартын жазады.

Сұрақ қою: «Алдымен қай амалды орындау керек? Одан кейін қандай амалды орындаған дұрыс? Кәмшаттың табиғаттағы өзгерістерді бақылауға жұмсаған уақытын қалай табуға болады? (бұл айда 30 күн бар деп есептеу)» Топтар бір-бірімен парақтарын алмастырып, есептің шешуін тексеру, бағалау. Оқушылардан топтық жұмысқа қосқан өзінің үлесін бағалау.

Жауабы: 30 : 3 = 10 күн ауа-райын бақылады;

7 : 7 = 1 күн тәжірибе жасады;

24 : 12 = 2 сағ ақпарат зерделеді;

10 күн + күн + 2 сағ = 11 күн 2 сағ уақыт ішінде жобаны жасап шықты.

Шығарып көр. Оқушыларға 1 минут ішінде оқитын сөздің санын анықтау . Есепті диалог арқылы шығаруды ұйымдастыру: «Қуаныш жарты минутта неше сөз оқиды? 1 минутта ше? Дастан 40 сөзді неше секундта оқи алады? Ол 1 минутта неше сөз оқиды? Кім тез оқиды? Ол 1 минутта неше сөзді артық оқиды?» Диалог барысында оқушылар өзінің жауабын ламинатталған параққа жазып, жоғары көтеріп көрсету. Жауабы: Қуаныш – 1 минутта 100 сөз; Дастан – 120 сөз; 20 сөз артық.

Орындап көр. Жауабы: Бірінші сызық 10 және 11 сандарының, 3 және 4 сандарының арасынын қиғаштап өтеді. Екіншісі – 9 бен 8-дің, 5 пен 4-тің арасынан өтеді. Бірінші бөлікке 12 және 1, екінші бөлікке 11 және 2, үшінші бөлікке 10 және 3, төртінші бөлікке 9 және 4, бесінші бөлікке 8 және 5, алтыншы бөлікке 7 және 6 сандары түседі.Тапсырманы жұпта немесе топта талқылап, өз жауап нұсқаларын айту. Жауаптың дұрыстығын тексеру. Жауабы: Таразының бастары тең. Сонымен, 6 алма + 3 алмұрт = 3 алма + 5 алмұрт. Әрбір шыныаяқтан 3 алма мен 3 алмұртты алып тастасаңыз, онда 3 алма = 2 алмұрт, бұл 1 алмұрттың 1 алмадан ауыр екенін білдіреді.

Рефлексия

-Уақыт бірлігінің үлесін қалай анықтауға болады?

-1 минут 1 сағаттың неше бөлігін құрайды?

-20 минут ше? 30 минут неше сағат?

-15 секунд 1 минуттың неше бөлігі?

-1 тәулік аптаның неше бөлігі?

3-слайд

4-слайд

6-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу