Уақыт өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2С бөлімі «Уақыт»

Күні:2- тоқсан

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыт өлшем бірліктері

Оқу мақсаттары

3.1.3.2 Уақытты өлшеуде секунд өлшем бірлігін пайдалану

3.1.3.5 сағаттардың әртүрлі түрі бойынша уақытты анықтау: сағаттар, минуттар, секундтар

3.1.3.3 **уақыт мәнін салыстыру: секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр және шама мәндерімен арифметикалық әрекетті орындау

3.1.3.4 уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіру: олардың арасындағы ара салмағы негізінде секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр

Сабақ мақсаттары

Уақытты өлшеуде секунд өлшем бірлігін пайдалану.Сағаттардың әртүрлі түрі бойынша уақытты анықтау.Уақыт мәнін салыстыру және шама мәндерімен арифметикалық әрекетті орындау. Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіру

Бағалау критерийлері

  • Уақытты өлшеуде секунд өлшем бірлігін пайдаланады;
  • Сағаттардың әртүрлі түрі бойынша уақытты анықтайды;
  • Уақыт мәнін салыстырады;
  • Шама мәндерімен арифметикалық әрекетті орындайды;
  • Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіреді;

 Тілдік мақсаттар

Уақыт, сағат, минут, тәулік, апта, ай, жыл, т.б. уақыт өлшем бірліктері

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

2-сыныпта уақыт туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

3 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:Қоңырау үні естілді,

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тынышталып,

Қатар-қатар тік тұрды.

  • Балалар, қазір қандай сабақ?

/Математика сабағы/

ІІ.Қызығушылықты ояту

Мақсаты:Сөзжұмбақ шешкізу арқылы

өткен білімдерін қайта жаңғырту, сабақтың тақырыбын анықтау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

презентация

Слайд

Сабақ ортасы

3 минут

5 минут

5 минут

10 минут

4 минут

(Ұ) Проблемалық сұрақ.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.

- Өмірде нені өлшеуге болады?

- Уақытты қалай өлшеуге болады?

- Сабақтың ұзақтығын қалай өлшейміз?

- Дем алу ұзақтығы мен 1 сабақтың ұзақтығын әр түрлі уақыт өлшем бірліктерімен өлшенеді ме немесе екеуін де бір бірлікпен өлшейміз бе?

(Ұ)Уақыттың ең кіші өлшемі секундпен таныстыру.

Мақсаты: сағаттың әр түрі бойынша, уақыт өлшем бірліктерін анықтау.

Оқушыларға 3 түрлі сағат көрсету. Кұммен, минут, секунд, шкаласын көрсететін сағат түрімен және электронды сағат түрлерін көрсету. Осы үш сағаттың қайсысы секундты көрсете алатындығы анықталады.

(Ұ, Ө) «Сандар сөйлейді

Мақсаты: Белсенді әдістер арқылы сыни ойлауға дағдыландыру.

«Кубизм» стратегиясы бойынша /экранда кубиктің қырында сандар шығып отырады.Оқушылар шыққан сан жайлы не біледі, ортаға шығып айтады.

 365     12      4     7      24    60

(Ж/Ж) «Кім жылдам?» ойыны

Мақсаты:Арифметикалық амалдарды қолдана отырып,уақыт өлшем бірліктерін есептеп шығару.

Секундомер арқылы оқушылардың есепті шығару жылдамдығы анықталады.

Фотоаппарат 32 суретті 2 секундта тусірді. Ол 10 секундта неше сурет түсіре алады?

32суретті – 2 с

10с - ? сурет

Ш: 32/2*10=160

Ж: 10 секундта 160 сурет түсіре алады

/Есепті ең бірінші боп шығарған оқушы «Бинго» деп айқайлайды.Есеп шығару уақыты хабарланады.Есеп талданып, тақтаға жазылады.Оқушылар өзін-өзі тексеріп, дескриптор бойынша бағалайды./

Дескрипторлар

Балл

Есептің қысқаша шартын құрастырып жазады

1

Есептің сұрағын анықтайды

1

Есептің шешуін өрнек түрінде жазады

1

Есептің шешуін есептеп шығарады

1

Есептің жауабын жазады

1

Максималды балл саны

5

(Қ) Салыстыр

Мақсаты:Уақыт өлшем бірліктерін түрлендіру, салыстыру.

1сағ.20мин. * 120мин1тәул.5сағ. * 29сағ.3ғасыр. * 100жыл.1жыл 2ай. * 365 күн

слайд

Сағаттар

Кубик

Слайд

Сағат

секундомер

карточкалар

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр»

-Маған сабақта ............қызықты /қызықсыз болды

-Сабақтан ..............................................үйрендім

-Алда уақытта ...............................білгім келеді

Өзін-өзі бағалау:«Табыс баспалдағы»

Оқушылар стикерге өздерінің есімін жазып, баспалдақтағы өз орнын анықтап, стикерді жапсырады.

Слайд

Табыс баспалдағы

Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру.

Оқушылардың уақыт жайлы білімдері бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері.

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу