Масса өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№25-сабақ

Тақырыбы: Масса өлшем бірліктері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар: массаның өлшем бірліктерін және олардың арақатынасын атайды.

Оқушылардың көпшілігі:

масса бірліктерінің үлесін таба алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

есептерді шығару барысында массаның бірліктерінің үлесін табады.

Ғылыми тіл

Оқушылар

ұзындық бірліктерін қалай түрлендіргенін түсіндіріп береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Массаның қандай бірліктерін білесіңдер?

Масса бірліктері өзара қандай қатынаста?

Масса бірліктерінің (килограмм, центнер, тонна) үлесі нені құрайды?

Есепте масса бірліктерінің үлесін қалай табуға болады?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту және бөлу амалының мағынасын түсінеді, компоненттердің атауларын, санды 2,3,4,5 сандарына көбейту және бөлу кестелік жағдайларын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

(Ұ.Ж) Ребусты шеш. Оқушыларға интербелсенді тақтада ребус шешу тапсырылады. Ребустың жауабы МАССА, ЕСЕП сөздері.

Осы сөздерге қатысты бүгінгі сабақта қандай жұмыстар атқарылатыны сұралады. (масса өлшем бірліктеріне байланысты есептер шығарамыз)

Топтастыру. Килограмм,тонна, грамм, центнер сөздері жазылған қима қағаздар арқылы топтасады.

Кіріспе. «Мен саған, сен маған» әдісі бойынша оқушылар масса өлшем бірліктерінің ара қатынасын еске түсіру арқылы қойылған сұрақтарға тез әрі нақты жауап береді.

  • 1 кг-да қанша грамм бар?
  • 1 центнер қанша кг?
  • 1 центнердің жартысы қанша кг?
  • 5 центнерді 1 тоннаның жартысы деп айта аламыз ба?
  • 6 килограммда қанша грамма бар?

(Т.Ж) «Сәйкестендіру» әдісі арқылы әр топ (кг, т, г, ц) суреттен тек өздерінің топ атауымен өлшенетін заттарды шеңбермен  қоршайды, айтып шығады.

«Смайлик» арқылы бағалау

Слайд № 1, 2

Слайд №3

Қима қағаздар

Слайд № 4

Слайд №5

А3 парақтағы тапсырма, маркер

Сабақтың ортасы

30мин

.Ж) «Ойлан, бірік, талқыла» әдісі арқылы топта орындалады. Мұғалімнің көмегімен есептің шарты талқыланады. Сонан соң оқушылар өздері топтасып есептің шартын құрып, шығарады, постер қорғайды. Есептің шешімі болып табылатын өрнектер бойынша сұрақ құрастырып, нені тапқандарын түсіндіреді.

Мектеп асханасына 30 кг алма және одан 6 кг кем алмұрт әкелінді. Есептің шешімі болып табылатын өрнек бойынша сұрақ құрастырып, нені тапқаныңды түсіндір.

30 – 6 30 + (30-6)

«Жұлдызша» арқылы бағалау

.Ж) «Ойлан, тап!» Оқушылар топтаса отырып, сурет бойынша есеп құрастырады және оны шығарады. Олар 2 амалмен шығатын есеп құрастырады. Шешімін бір өрнек түрінде 100 – (30+30:5) жазуға да болады. Тапсырманы орындаған соң, әр топ мүшесі өз тобының жауабын презентациялап айтады.

Бағалау смайлик арқылы

Слайд №6

Флипчарт, маркер

Слайд №7

Суретті тапсырма берілген флипчарт

(Ұ.Ж) Сен білесің бе? Оқушылардан интербелсенді тақтада көрсетілген мақалдардағы асты сызылған сөздер туралы не білетіндері сұралады. Білмеген жағдайда мұғалім дұрыс жауапты айтады.

Ауру батпандап келеді, мысқалдап шығады.

 Адамды онымен бір пұт тұз жегенде білесің.

Мысқал аз, бірақ қымбат.

Қадақ жаманаттың құнын біле жатарсың

(Ө.Ж) «Түрлендір» әдісі бойынша оқушыларға тапсырманы көрсетілген өлшем бірліктеріне сай өрнектеу ұсынылады. Тапсырманы орындау үшін оқушылар масса өлшем бірліктерінің ара қатынасын еске түсіріп алады.

«Бағдаршам» түсі арқылы бағалау

(Ж.Ж) Есепте. Оқушылар жұптаса отырып, суретте көрсетілген теңескен таразы табақшасындағы заттардың салмағын табады. Оқушылар біріге отырып, ауызша есеп жүргізеді, содан кейін әркім өз бетінше жазбаны жауап парағына жазады. Тапсырманы орындаған соң, жұптарға дәптерлерін ауыстырып, өзара тексеру өткізеді.

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Слайд №8

Слайд №9

Тапсырма жазылған А4 парақша

Слайд №10

Тапсырма жазылған А4 парақша

Сабақтың соңы

5 мин

«Кенеттен сұрау» әдісі бойынша кез келген оқушыға сұрақ қойылады, ал оқушы сұраққа нақты жауап береді.

Не артық: 99 кг ба, әлде 1 ц ме?

Не кем: 11 ц ме, әлде 11 кг ба?

Үлкен шаманы ата: 7кг, 800 г

Кіші шаманы ата: 600 кг, 20 ц

Үлкен шаманы ата: 80 ц, 80 кг, 80 г

Кіші шаманы ата: 10 ц, 2 т, 100кг

Рефлексия.

«Көңіл күй букеті» арқылы оқушылар сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді тақтаға бекітеді.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс – барлығы жақсы.

Слайд №11

Слайд №12

Көңіл-күй букеті бейнеленген флипчарт

Түрлі түсті стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Көңіл күй букеті» арқылы бағалау.

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Жұлдызша» арқылы бағалау

«Бағдаршам» арқылы бағалау

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу