Кестеден тыс көбейту және бөлу № 162 сабақ. Кестеден тыс көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:Кестеден тыс көбейту және бөлу

№ 162 сабақ. Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.10 мынадай жағдайларда:23*2,123*2,46:2, 246:2 екі таңбалы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

3.1.2.11 мынадай жағдайларда:28*3, 269*2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

3.1.2.12 нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалысанға жазбаша көбейту/бөлу тәсілін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін біледі

Оқушылардыңкөпшілігі:

Белгісіз көбейткіш,көбейтіндінің мәнін,бөлгіш,бөліндінің мәні,бөлінгіштерді таба алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Көбейту мен бөлуге берілген есептерге кері есептер құрастырады.

Ғылыми тіл

Оқушылар өрнектерді оқу және жазу барысында көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолданады.Төртке дейінгі арифметикалық амалдары бар,жақшалары бар және жақшасыз өрнектердегі амалдар реттілігін анықтайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Көбейткіштердің орнын ауыстырсақ,сол сан шыға ма?Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін білу өмірде қашан қажет болады?Жақшалары бар өрнектердегі амалдар реттілігі қандай?Жақшасыз ше?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту және бөлу амалының мағынасын түсінеді,компоненттердің атауларын

біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма. Сабақ «Гүлдер алаңы» ойынын ойнату арқылы өткенді қайталаудан басталады.

Т.Ж. «Гүлдер алаңы» Оқушыларға топпен гүл шоқтарындағы сандар мен амалдарға көңіл аударуды ұсыну. Олар гүл шоқтарындағы кестеден тыс көбейту мен бөлу жағдайына берілген мысалдарды шығарады. Орындап болған оқушы қолын көтеріп жауап береді. Осылай кімнің жылдам есептейтінін тексеру. Бұдан әрі топта көбейту мен бөлуге мысалдар ойлап келесі топтарға ұсыну, өзара бағалау жүргізу керектігін ұсыну.

12*7= 84 16*2=32 14*7=98 14*4=56 32 : 2=16 56 : 4=14 98 : 7=14

№4 слайд

Жұптың санына сәйкес дайындалған ойын текшесі;

Ламинатталған қағаз парақтары,маркер- лер;

Оқушылардың санына сәйкес қатты қағаздан жасалған қызыл және жасыл түсті кеспеқағаздар;

Қабырға күнтізбесі.

Сабақтың басы

5 мин

Амалдар тізбегі.

Ж.Ж. «Мұғалім-оқушы» ойыны. Бірнеше оқушыға мұғалім рөлінде болып,берілген өрнектерді амалдар тізбегімен математикалық тілде айтуды ұсыну.Қалғандары ауызша есептейді.Нәтижесін ламинатталған параққа жазады.Мұғалім роліндегі оқушыға өрнектегі амалдар тізбегін нақтылау керектігін және амалдардың орындалу ретін сақтау керектігін ұсыну.

6*5-16:2*3+49=55

15*2:3*8+26=106

63:3*4-18+70=136

68:4*6:3+80=114

600:10*6:3+68=188

200-48:4*3+36=200

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Ө.Ж. «Кестені толтыр» Оқушылар тапсырманы жеке орындайды,содан соң әр тексеруді өзара жүргізеді.Оқушыларға көбейту мен бөлу жағдайындағы белгісіз компонентті табудың ережесін қалыптастыруды ұсыну (Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтеміз. Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз).

Бірінші көбейткіш

16

18

5

Екінші көбейткіш

4

6

3

9

Көбейтіндінің мәні

186

153

90

Бөлінгіш

69

94

84

Бөлгіш

3

4

6

37

Бөліндінің мәні

24

2

2

Бірінші көбейткіш

16

31

18

17

5

Екінші көбейткіш

4

6

3

9

18

Көбейтіндінің мәні

64

186

54

153

90

Бөлінгіш

69

6

94

84

185

Бөлгіш

3

4

47

6

37

Бөліндінің мәні

23

24

2

14

2

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалау

Ж.Ж. «Шығар және түсіндір» Оқушыларға алгоритм бойынша түсіндіре отырып, шығаруды ұсыну.Нәтижесін бақылау парағына белгілеу керек.Саралау үшін тапсырманы орындаған парағына белгілеймін.Саралау үшін тапсырманы орындаған оқушыларға шыққан нәтижелерді тексеруді ұсыну.

1 1 1 1 2 1

213 326 121 468 164

х 3 х 2 х 6 х 2 х 4

639 652 726 936 656

2 2

187

х 3

554

834 6 604 4 876 6

6 139 4 151 6 146

23 20 27

18 20 24

54 4 36

54 4 36

0 0 0

Критерий арқылы бағалау

  • Алгоритм бойынша түсіндіре отырып шығара алады
  • Нәтижені бағалау парағына белгілей алады

Ө.Ж. «Күнді жарқырат» «Бөлуді қалай тексереді?(кері амал –көбейтумен)».Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындауын ұсыну.Тексеру кезінде амалдардың орындалуын дауыстап айту міндетті.

Кері байланыс:жасыл- «келісемін», қызыл-«келіспеймін» белгілерін ұсыну. Оқушыларға жасыл және қызыл тірек сигналдарын беру, балалар сол арқылы бағалау жүргізеді.

Т.Ж. «Оқы, талда, шығар»Топпен талдауды ұйымдастыру.Саралау мақсатында тапсырманы басқалардан бұрын орындаған оқушыларға кері есептер шығаруды ұсыну.

Қалада екі кітапхана бар. Бірінші кітапханаға әрқайсысында236 кітаптан салынған 3 қорап, екінші кітапханаға әрқайсысында 148 кітаптан салынған 2 қорап кітап әкелінді. Екі кітапханаға барлығы неше кітап әкелінді?

Қысқаша шарты:

Бірінші кітапханаға-236 кітаптан2 қорап

Екінші кітапханаға-148 кітаптан3 қорап

Барлығы -? Кітап

236*2+148*3=916 кітап

Смайликтермен бағалау

Ж.Ж. «Құрастыр» Тапсырма бір разрядтық бірлігі 0 болатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға кестеден тыс көбейту және бөлу жағдайын қайталауға берілген.Ойын ретінде жүргізіледі.

207 санын 4 есе арттыр да одан 100 – ді азайт

260 санын 3 есе арттыр да 10-ды қос

950 санын 5 есе кеміт та, 100 – ді қос

102 санын 3 есе кеміт те, 10- ды қос

207*4+100=928

149060*5+10=

950:5+100=290

102:3+10=44

Басбармақ арқылы бағалау

Т.Ж. « Ойлан, тап!»

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.Дөңгелектің ішіндегі сандарға тең болатын өрнек құрып баған түрінде есептейді.

106*6:3+111=323

(239-119):3*2=80

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№9 слайд

№10 слайд

№8 слайд

№11 слайд

№12 слайд

№13 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«Мұғаліммен жарыс» ойынын ұсыну.Мұғалім бір мысалды айтады,уақытты белгілейді,бірақ өзі кішкене кейінірек есептеп бастайды.Бірінші болып жауап берген оқушы келесі мысалды айтады.

Ойын

№14 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларғақолдау көрсету.

«Бағдаршам» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер»арқылы бағалау

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалау т.б

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу