Кестеден тыс көбейту мен бөлу №165 сабақ. Қалдықпен бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту мен бөлу

№165 сабақ.Қалдықпен бөлу

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Қалдықпен бөлуге берілген мысалдар шығара алады.

Оқушылардыңкөпшілігі:

Қалдықпен бөлуге берілген есептерді шығара алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Есептерді талдайды,қалдықпен бөлінетін сандарға мысал келтіреді.

Ғылыми тіл

Оқушыларбір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығарады

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен қалдық бөлгіштен аз болу керек?Қалдықпен орындалған бөліндіні қалай

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ондық құрамына негізделіпүш таңбалы сандарды қосуды және алуды ауызша орындау,үш таңбалы сандарды қосу және алу алгоритмін,нөлге аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма. Сабақ «Сәйкестендір» ойыны арқылы оқушылардың қалдықпен бөлу туралы түсініктерін еске түсіруден басталады.

Т.Ж. «Сәйкестендір» Оқушыларға бөлуге берілген фигуралар мен сәйкес өрнектер жазылған қима қағаздар беріледі. Оқушылар сурет пен өрнекті сәйкестендіру керек. Қалдықпен бөлу қалай орындалды түсіндіруді сұрау.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

№4 слайд

Сабақтың басы

5 мин

Т.Ж. «Баспалдақ» ойыны.

Әр топқа өрнектер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. Қалдықпен бөлуді орындап, жауаптарын өсу ретімен орналастырады. Тапырманың орындалуын топтар арасында тексеру.

45:6=7(3)

7:4=1(3)

20:6=2(2)

56:6=9(2)

37:9=4(1)

8:3=2(2)

«Шапалақ» арқылы бағалау. Жауап тақтамен салыстырлады.

Егер жауап толық табылса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау.

Ж.Ж. «Жұптас, шығар» Оқушыларға жұптық жұмысты ұйымдастыру . Шартын оқып, шешуі мен жауабын табу үшін жетелеу сұрақтарын қою.

Әжей бақтан 14 алмұрт теріп әкелді де үш немересіне тең бөліп берді. Әр немересі неше алмұрттан алады? Қанша алмұрт қалады?

Сұрау: Қанша алмұрт теріп әкелді? (14) Қанша бала? (3)

Әр баланың қанша алмұрт алатынын қалай білуге болады? (14:3) Қанша қалады? (14:3=4 (қалдық2))

Екінші тапсырманы өз бетінше орындауға ұсыну. Жұпта есеп шарты бойынша сұрақтар қоюды ұсыну.

Аэродромда 20 тікұшақ болды. Ауаға үш-үштен неше үштік тікұшақ ұшуы мүмкін? Аэродромда неше тікұшақ қалады?

20:3=6 (қалдық 2)

«Өзара бағалау» жұптардың жұмыстары ауыстырылып беріледі де өзара бағалау жүргізіледі.

Ж.Ж. «Жұптас, шығар» Жұптық жұмысты ұсыну.Саралау үшін аса ынталы оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыну.

Айдос бақтан 32 кг алма, Ақжол 22 кг алма жинады. Олар жиналған алманы 8 кг –нан жәшіктерге салды. Барлық алманы салу үшін қанша жәшік керек? Қанша алма қалады?

Сұрау: Айдос қанша кг алма терді?(32 кг) Ақжол ше? (22 кг). Бір жәшікке қанша кг алма салынады? (8 кг) Барлық алманы салу үшін қанша жәшік екендігін қалай табамыз? ((32+22):8) Басқа тәсілмен есептеуге бола ма? (Жоқ, себебі 22 саны 8-ге қалдықсыз бөлінбейді). Жұптың және өзінше орындаған балаларды бағалау .

(32+22):8=54:8=6 (қалдық 6)

«Жұлдызшалармен бағалау»

(Ж.Ж.) Бөлінгішті тап.

: 4 = 5 (қалд.3)

: 7 = 9 (қалд.6)

: 9 = 8 (қалд.7)

: 5 = 8 (қалд.1)

:5=1 (қалд.2)

:9=9 (ост.6)

:5=4 (қалд.2)

:13=3(қалд.10)

23 : 4 = 5 (қалд.3)

69 : 7 = 9 (қалд.6)

79 : 9 = 8 (қалд.7)

41 : 5 = 8 (қалд.1)

7:5=1 (қалд.2)

87:9=9 (ост.6)

22:5=4 (қалд.2)

49:13=3(қалд.10)

«Өзара бағалау» жұптардың жұмыстары ауыстырылып беріледі де өзара бағалау жүргізіледі.

Ө.Ж. «Шығар және тексер» Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыну.Қалдықпен бөлуге берілген мысалды шығарып және тексеруді ұсыну.Тапсырманы орындаған соң,бірнеше оқушыға тақтада орындауын ұсыну.

15:2=7 (1) 2*7+1

27:8=3(4) 8*3+4

18:5=3(3) 5*3+3

16:7=2(2) 7*2+2

32:5=6(2) 5*6+2

«Бағдаршам арқылы бағалау»

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

№10 слайд

толық жауап

жартылай толық

толық емес

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

«Шабадан,еттартқыш,себет».Тақтаға шабадан,еттартқыш,себеттің суреттерін жабыстыру керек.Әр сурет белгілі бір ойды білдіретінін түсіндіру.Шабадан-болашақта қажет болады.Еттартқыш-мәліметті қайтадан өңдеу керек.Себет-керек емес,тастау керек.Оқушыларға сабақта алған мәліметтерімен не істеу керектігін анықтауды ұсыну.Ол үшін әрқайсысы осы сәйкес келетін суреттің жанына барады.

Суреттер

№11 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларғақолдау көрсету.

«Өзара» бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Сөздік»бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалаут.б

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу