Кестеден тыс көбейту мен бөлу №165 сабақ. Қалдықпен бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

4-бөлім. Қайталау

165- сабақ. Тақырыбы: Қалдықпен бөлу

Оқу мақсаты: 3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, сызбалар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Қалдықпен бөлу дегеніміз-бір натурал санды екінші натурал санға бөлгенде қалдығы нөлге тең болмайтын, біріқ үнемі бөлгіштен кіші болатын сан. Қалдықпен бөлуді тексерудің алгоритмі:

  • Толық емес бөліндіні бөлгішке көбейт
  • Алынған нәтижеге қалдықты қос
  • Шыққан нәтижені бөлінгішпен салыстыр. Егер бөлінгіш бөлгіштен кем болса, бөліндінің мәні нөлге, ал қалдық бөлінгішке тең болады.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Кіріспе тапсырма. Сабақты «Сәйкестендір» ойыны арқылы оқушылардың қалдықпен бөлу туралы түсініктерін еске түсіруден бастаңыз.

Т.Ж. «Сәйкестендір» Оқушыларға бөлуге берілген фигуралар мен сәйкес өрнектер жазылған қима қағаздар беріңіз. Оқушылар сурет пен өрнекті сәйкестендіру керек. Қалдықпен бөлу қалай орындалды түсіндіруді сұраңыз.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Т.Ж. «Баспалдақ» ойыны.

Әр топқа өрнектер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. Қалдықпен бөлуді орындап, жауаптарын өсу ретімен орналастырады. Тапсырманың орындалуын топтар арасында тексеруді ұйымдастырыңыз.

45:6=7(3)

7:4=1(3)

20:6=2(2)

56:6=9(2)

37:9=4(1)

8:3=2(2)

«Шапалақ» арқылы бағалау

Ұ.Ж. Оқушыларға ұжымдық жұмысты ұйымдастырыңыз . Есеп шартын оқыңыз. Талдап шешуін табу үшін сұрақтар қойыңыз.

Әжей бақтан 14 алмұрт теріп әкелді де үш немересіне тең бөліп берді. Әр немересі неше алмұрттан алады? Қанша алмұрт қалады?

Сұраңыз: Қанша алмұрт теріп әкелді? (14) Қанша бала? (3)

Әр баланың қанша алмұрт алатынын қалай білуге болады? (14:3) Қанша қалады? (14:3=4 (қалдық2))

Сұрау: Айдос қанша кг алма терді?(32 кг) Ақжол ше? (22 кг). Бір жәшікке қанша кг алма

Екінші тапсырманы өз бетінше орындауға ұсыныңыз. Жұпта есеп шарты бойынша сұрақтар қоюды ұсыныңыз.

Аэродромда 20 тікұшақ болды. Ауаға үш-үштен неше үштік тікұшақ ұшуы мүмкін? Аэродромда неше тікұшақ қалады?

20:3=6 (қалдық 2)

«Өзара бағалау»

Ж.Ж. «Жұптас, шығар» Жұптық жұмысты ұсыныңыз .Саралау үшін аса ынталы оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз.

Айдос бақтан 32 кг алма, Ақжол 22 кг алма жинады. Олар жиналған алманы 8 кг –нан жәшіктерге салды. Барлық алманы салу үшін қанша жәшік керек? Қанша алма қалады?

салынады? (8 кг) Барлық алманы салу үшін қанша жәшік екендігін қалай табамыз? ((32+22):8) Басқа тәсілмен есептеуге бола ма? (Жоқ, себебі 22 саны 8-ге қалдықсыз бөлінбейді). Жұптың және өзінше орындаған балаларды бағалау жүргізіңіз .

(32+22):8=54:8=6 (қалдық 6)

«Жұлдызшалармен бағалау»

(Ж.Ж.) Бөлінгішті тап.

: :4 = 5 (қалд.3)

: :7 = 9 (қалд.6)

: :9 = 8 (қалд.7)

: :5 = 8 (қалд.1)

: :5=1 (қалд.2)

: : 9=9 (ост.6)

: : 5=4 (қалд.2)

: : 13=3(қалд.10)

23 : 4 = 5 (қалд.3)

69 : 7 = 9 (қалд.6)

79 : 9 = 8 (қалд.7)

41 : 5 = 8 (қалд.1)

7:5=1 (қалд.2)

87:9=9 (ост.6)

22:5=4 (қалд.2)

49:13=3(қалд.10)

«Өзара бағалау»

Ө.Ж. «Шығар және тексер» Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды тапсырыңыз. Қалдықпен бөлуге берілген мысалды шығарып және тексеруді ұсыныңыз.Тапсырманы орындаған соң,бірнеше оқушыға тақтада орындауын ұйымдастырыңыз.

15:2=7 (1) 2*7+1

27:8=3(4) 8*3+4

18:5=3(3) 5*3+3

16:7=2(2) 7*2+2

32:5=6(2) 5*6+2

«Бағдаршам арқылы бағалау»

Кері байланыс.

«Шабадан,еттартқыш,себет».Тақтаға шабадан,еттартқыш,себеттің суреттерін жабыстыру керек.Әр сурет белгілі бір ойды білдіретінін түсіндіріңіз. Шабадан-болашақта қажет болады.Еттартқыш-мәліметті қайтадан өңдеу керек.Себет-керек емес,тастау керек.Оқушыларға сабақта алған мәліметтерімен не істеу керектігін анықтауды ұсыныңыз .Ол үшін әрқайсысы осы сәйкес келетін суреттің жанына барады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу