Бекіту / Табиғат аясында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.


Математика 3-сынып

Дидактикалық материалдар

Тақырыбы: Бекіту

Оқу мақсаттары:кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару. «Мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану. 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау

1.Есепті граф құру әдісімен шығар.

2.Есепті «мүмкіндіктер тармағын» қолданып шығардық.

3.Өрнектің мәнін өсу ретімен орналастыр.

Алма-Арасан шатқалы (5·3)·20

Қазақстандағы көркіне көз тоймайтын ең әдемі шатқалдардың бірі- Алма-Арасан. Ол көптің қалауына ие маршруттың бірі. Ол Алматыдан 20 км қашықтықта 1750 метр биіктікте орналасқан.

Шатқал арқылы Үлкен Алматы өзінің сол жақ саласы ағып өтеді. Шатқалдардың төңірегінде шыршалы орман өсіп тұр, онда итмұрын, таңқурай, долана тәрізді өсімдіктерді кездестіруге болады. Шатқалда көбінесе күн ашық та шуақты болып келеді. Онда жердің бетінде радонды күкіртті жылы бастаулар ағып жатады . Осы бастаулардың негізінде бальнеологиялық Алма-Арасан шипажайының ірге тасы қаланды.

Қайыңды көлі (7·250

ҚайыңдыАлматы облысындағы сел көшкіні жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған көл. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан. Жолаушының көз алдында біршама сюрреалистік көрініс тұрады: суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Алайда, суға түсем дегендерді өзгеше көрініс күтуде: олардың көз алдарына желдің самалымен есілген су бетінде шағылып, күн сәулесінен тараған кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнақтаған саз балшықпен басылған ағаштар діңгектері көрінеді. Берілген мәлімет әзірленіп жатқан уақытта, яғни 2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетті. Көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген, ал судан өсіп тұратын шыршалы пейзажы енді қалпына келмес. Бұл орынға апаратын жол да бүлінген[1].

Үлкен Алматы көлі (50·52

Үлкен Алматы көліІле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.

Шарын шатқалы 60·(3·5)

ҚаАлматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады. Шатқалдан ежелгі суретшілердің төл туындыларын көруге болады. Жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуiрiндегі құс-жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, аңшылық пен саятшылық кәсіптердің болғаны нақты айқындалған. Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан бастау алып, Іле өзеніне құяр жолында Жалаңаш үстіртін кеседі. Шарын өзеніне кіші өзендер келіп құяды. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Бұл ағыс рафтинг спортына жарамды. Өзеннің арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді. Шарын шатқалының аумағына өзенмен бірге Шетен тоғайы енеді. Тоғай негізі соғдиян шетенiнен (Fraxsinus potamophila) құралған. Әлем бойынша мұндай тоғалар екі жерде ғана бар. Бірі Қазақстанда Шетен тоғайы сақталса, бірі Солтүстік Америкада ғана сақталып қалған. 1964 жылы Шетен тоғайы табиғат ескерткіші деп жарияланды. Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Бұл жақта ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген. АлмҚазақстандағы көркіне көз тоймайтын ең әдемі шатқалдардың бірі – Алма-Арасан. Ол көптің қалауына ие маршруттың бірі. Ол Алматыдан 20 км қашықтықта 1750 метр биіктікте орналасқан.а-Арасан. Ол көптің қалауына ие маршруттың бірі. Ол Алматыдан 20 км қашықтықта 1750 метр биіктікте орналасқан.ма-Арасан. Ол көптің қалауына ие маршруттың бірі. Ол Алматыдан 20 км қашықтықта 1750 метр биіктікте орналасқан.

Қазақстандағы көркіне көз тоймайтын ең әдемі шатқалдардың бірі – Алма-Арасан. Ол көптің қалауына ие маршруттың бірі. Ол Алматыдан 20 км қашықтықта 1750 метр биіктікте орналасқан.

1. Сабақта мен жұмыс жасадым...2. Сабақта өз жұмысыммен мен ...3. Мен үшін сабақ жақсы...4. Сабақ үшін мен...5.Менің көңіл-күйім ...6. Сабақтың мынадай мәліметі болды ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу