Бекіту / Табиғат аясында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: Бекіту
Оқу мақсаттары: 3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару
3.4.4.1 «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану
3.1.3.6 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
«Жаттығу сұрақтары»:26, 38, 49, 57, 86, 95.- 26 бұл қандай сан? (Екі таңбалы сан)- Ондық және бірліктерін ата (26=2 онд. 6 бірл.)- 26 - дан кейінгі дөңгелек санды тап? (30)
Қалған сандармен де осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»
Өзектендіру.
Мұғалім оқушыларға тақтадағы суретке қарауды сұрайды. Суретте жота және жотаның әртүрлі жағынан оның төбесіне шығатын үш сүрлеу жолдар бейнеленген. Мұғалім оқушыларға жотаның төбесіне бір сүрлеу жолмен шығып, басқа сүрлеу жолмен түсудің қанша тәсілі барын анықтауды сұрайды. Логикалық есепті кесте және граф құру әдісімен шығаруды сұрайды. Мұғалім оқушылар дайын кестелерді ұсынады. Мұғалім кесте бойынша оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізеді. Есептің шарты бойынша төбеге шыққан сүрлеумен түсуге болмайтынын ескертеді.
Түсу/шығу | 1-сүрлеу жол | 2-сүрлеу жол | 3-сүрлеу жол |
1-сүрлеу жол | + | + | |
2-сүрлеу жол | + | + | |
3-сүрлеу жол | + | + |
Мақсат қою (проблемалық жағдаят)
- Бізге есептерді шығарудың қандай тәсілдері белгілі?
( Есептеу арқылы, сызба арқылы, практикалық жұмыста кесте, граф және мүмкіндіктер тармағы арқылы)
Тақтада мына сөздер жазылған: Есептеу, Сызба, Кесте, Граф, «Мүмкіндіктер тармағы».
Логикалық есептерді шығару үшін осылардың қайсысын қолданған тиімді? (Кесте, Граф, «Мүмкіндіктер тармағы»)
Сабақта логикалық есептерді кесте, граф, «мүмкіндіктер тармағын» қолданып шығаруды жалғастырыңыз.
Оқулықтағы 1-тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар логикалық тапсырманы алдымен кесте бойынша орындайды. Кестеге белгі қоя отырып, 6 жұп құрастыруға болатынын анықтайды. Мұғалім бұл тапсырманы енді граф құру әдісімен орындауды ұсынады. Оқушылар өздері граф сызу арқылы тапсырманы орындап, 6 жұп құрастыруға болатынын анықтайды. Оқушылардың құрған графтары әртүрлі болуы мүмкін. «Шапалақ» арқылы бағалаңыз
Өзіндік жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы өз беттерімен орындатыңыз. Бұл тапсырманы орындағанда логикалық пайымдауға берілген есептерді кесте және граф құру әдісімен шығаруды;
-«мүмкіндіктер тармағын» құруды және есептерді, өмірлік әртүрлі жағдайлар мәселелерін шешуде пайдалануды меңгереді.
Қиындықтарды түзету
Өткенмен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы 3-тапсырманы орындатыңыз.
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы артында табиғат көріністерінің суреттері бар өрнектер жазылған карточкалар беріледі. Оқушылар карточкаларға жазылған өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен табады. Мысалы:
(5 · 3) · 20= (5 • 20) • 3 = 100 • 3 = 300
(7 · 2) · 50 = 7 • (2 • 50) = 7• 100= 700
(50 · 5) · 2 = (50 • 2 ) • 5 = 100 • 5 = 500
60 · (3 · 5) = (60 • 5 ) • 3 = 300 • 3 = 900
Өрнектердің мәнін өсу ретімен қойып, карточкаларды аударып тақтаға суреттерді қойғанда Сырым мен Әлияның бұл орындарға қандай ретпен барғандарын анықтайды және бұл орындардың ерекшеліктері туралы әңгімелейді.
4-тапсырманы топпен орындауды ұйымдастырыңыз. Әрбір топ суреттер мен өрнектер бойынша есептер құрастырады және өздері құрастырған есептерін басқа топтарға айтады.
Теннис таяғы – 450 теңге
Теннис добы- 130 теңгеден 2 дана ? теңге
Ш:450+130·2=710 (теңге)
Ж:барлығына 710 теңге төленді.
5-тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындауды ұсыныңыз. Есепті шығармас бұрын нені табу керек екенін және үлес туралы білімдерін еске түсіру керек ескерту. Ол үшін алдымен талдап, қысқаша шартын жазуды ұсыныңыз.Оқушылар есепті үлес туралы білімі арқылы шығара алады.
Сарқырамаға дейін – 48 мин, бұл
Барлық жолға -? мин
Ш:48·4=192 мин = 3 сағ 12 мин
Ж:туристер көлге баратын жолға 3 сағат 12 минут уақыт жұмсалды.
6-тапсырма зерттеушілік тұрғыдағы тапсырма. Оны граф құру әдісімен орындау қажет. Мұғалім дәптерде немесе өлшеу шарттары бойынша тұжырымдалған бағалауымен карточкаларда орындауды ұсынады.
Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.
Рефлексия.
Сабақтың соңында балаларға өзін-өзі зерттеуге мүмкіндік беретін, сабаққа сапалы және саны бар шағын сауалнама беруге болады. Кейбір пунктерді өзгертуге, толықтыруға болады, сабақтың кейбір элементтеріне аса мән беріледі. Оқушыларды өз жауаптарын дәлелдеу қажеттігін сұраңыз. 1. Сабақта мен жұмыс жасадым...2. Сабақта өз жұмысыммен мен ...3. Мен үшін сабақ жақсы...4. Сабақ үшін мен...5.Менің көңіл-күйім ...6. Сабақтың мынадай мәліметі болды ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?