Бекіту / Табиғат аясында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


145-сабақ Математика

Тақырыбы: Бекіту / Табиғат аясында демалу мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару

3.4.4.1 «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану

3.1.3.6 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау

1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 купюраларды ажырату және түрліше төлем жасауды біледі.

Көптеген оқушылар:

кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығарады.

Кейбір оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-белгілі бір соманы түрлі купюралар және монеталармен қалай жинауға болатынын түсіндіре алады;

-кестелер және графтар құру әдісін түсіндіре алады;

-«мүмкіндіктер тармағын» қалай құруды түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Теңге-купюралар,сандар жиынының ішкі жиындарын элементтері, логикалық пайымдауға берілген есептер, кестелер және графтар құру, «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінік.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

-1000, 2000, 5000 теңгені ұсақтай аласың ба?

-Пікірдің ақиқат екенін қалай анықтауға болады?

-Кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару деген не?

-Есепті «мүмкіндіктер тармағының» көмегі арқылы шығару деген не?

Жазу:

Есептерді жазу және шығару.

Тірек білім, білік, дағдылар

Сандар жиынының ішкі жиындарын элементтерді құру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

«Жаттығу сұрақтары»26, 38, 49, 57, 86, 95.- 26 бұл қандай сан? (Екі таңбалы сан)- Ондық және бірліктерін ата (26=2 онд. 6 бірл.)- 26 - дан кейінгі дөңгелек санды тап? (30)

Қалған сандармен де осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Карточка- лар

4-6

Өзектендіру.

Мұғалім оқушыларға тақтадағы суретке қарауды сұрайды. Суретте жота және жотаның әртүрлі жағынан оның төбесіне шығатын үш сүрлеу жолдар бейнеленген. Мұғалім оқушыларға жотаның төбесіне бір сүрлеу жолмен шығып, басқа сүрлеу жолмен түсудің қанша тәсілі барын анықтауды сұрайды. Логикалық есепті кесте және граф құру әдісімен шығаруды сұрайды. Мұғалім оқушылар дайын кестелерді ұсынады. Мұғалім кесте бойынша оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізеді. Есептің шарты бойынша төбеге шыққан сүрлеумен түсуге болмайтынын ескертеді.

Түсу/шығу

1-сүрлеу жол

2-сүрлеу жол

3-сүрлеу жол

1-сүрлеу жол

+

+

2-сүрлеу жол

+

+

3-сүрлеу жол

+

+

Оқулық, сурет, кесте

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

- Бізге есептерді шығарудың қандай тәсілдері белгілі?

( Есептеу арқылы, сызба арқылы, практикалық жұмыста кесте, граф және мүмкіндіктер тармағы арқылы)

Тақтада мына сөздер жазылған: Есептеу, Сызба, Кесте, Граф, «Мүмкіндіктер тармағы».

Логикалық есептерді шығару үшін осылардың қайсысын қолданған тиімді? (Кесте, Граф, «Мүмкіндіктер тармағы»)

Біз бүгінгі сабақта логикалық есептерді кесте, граф, «мүмкіндіктер тармағын» қолданып шығаруды жалғастырамыз.

Оқулық

12-29

(Ж.Ж)1-тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Оқушылар логикалық тапсырманы алдымен кесте бойынша орындайды. Кестеге белгі қоя отырып, 6 жұп құрастыруға болатынын анықтайды. Мұғалім бұл тапсырманы енді граф құру әдісімен орындауды ұсынады. Оқушылар өздері граф сызу арқылы тапсырманы орындап, 6 жұп құрастыруға болатынын анықтайды. Оқушылардың құрған графтары әртүрлі болуы мүмкін.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Өзіндік жұмыс.

(Ө.Ж) 2-тапсырманы өз беттерімен орындайды.

Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

Бағалау критерйиі

Мен:

-логикалық пайымдауға берілген есептерді кесте және граф құру әдісімен шығаруды;

-«мүмкіндіктер тармағын» құруды және есептерді, өмірлік әртүрлі жағдайлар мәселелерін шешуде пайдалануды білемін.

«Смайликтер» арқылы бағалау

Оқулық,

дәптер.

30-40

Өткенмен жұмыс

(Ж.Ж) 3-тапсырманы орындайды.

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы артында табиғат көріністерінің суреттері бар өрнектер жазылған карточкалар беріледі. Оқушылар карточкаларға жазылған өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен табады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Т.Ж) 4-тапсырманы топпен орындауды ұйымдастыруға болады. Әрбір топ өрнектер бойынша есептер құрастырады және өздері құрастырған есептерін басқа топтарға айтады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ө.Ж)5-тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындауды ұсынады.Есепті шығармас бұрын нені табу керек екенін және үлес туралы білімдерін еске түсіру керек ескерту.

«Шапалақ» арқылы бағалау

6-тапсырма зерттеушілік тұрғыдағы тапсырма. Оны граф құру әдісімен орындау қажет. Мұғалім дәптерде немесе өлшеу шарттары бойынша тұжырымдалған бағалауымен карточкаларда орындауды ұсынады.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Оқулық, дәптер, карточка-лар

41-45

Рефлексия.

Сабақтың соңында балаларға өзін-өзі зерттеуге мүмкіндік беретін, сабаққа сапалы және саны бар шағын сауалнама беруге болады. Кейбір пунктерді өзгертуге, толықтыруға болады, сабақтың кейбір элементтеріне аса мән беріледі. Оқушыларды өз жауаптарын дәлелдеу қажеттігін сұрау. 1. Сабақта мен жұмыс жасадым...2. Сабақта өз жұмысыммен мен ...3. Мен үшін сабақ жақсы...4. Сабақ үшін мен...5.Менің көңіл-күйім ...6. Сабақтың мынадай мәліметі болды ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу