Ақиқат немесе жалған пікірлер құру/Табиғат аясында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


144-cабақ

Тақырыбы:Ақиқат немесе жалған пікірлер құру/Табиғат аясында демалу мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

3.4.2.1 ақиқат немесе жалған пікірлер құру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сөйлемдердің қайсысы пікір болатынын анықтай алады.

Көптеген оқушылар:

Пікірлердің ақиқат немесе жалған екенін анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

ақиқат немесе жалған пікірлер құра алады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

ақиқат немесе жалған пікірлер қалай құруды түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология.

тұжырым , пікір, ақиқат, жалған.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Сөйлемнің пікір екенін қалай анықтауға болады?

Пікірдің ақиқат немесе жалған екенін қалай анықтауға болады?

Жазу:

Ақиқат және жалған пікірлер жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Пікір, ақиқат және жалған пікірлер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Сен табиғат аясында демалғанды ұнатасың ба?

Ол саған несімен ұнайды?

Сен табиғат аясында демалу мәдениетін білесің бе?

Қазақстанның табиғаты сан алуан, елімізде тау, теңіз, өзен-көл, мұздық, құмды дала бар.

Қазақстан табиғатының тамаша көріністерінен презентация көрсету.

Презентация

4-6

Өзектендіру.

1- тапсырманы орындауды ұсынады.

Мұғалім оқушыларға сұрақтарды мұқият тыңдап, зейіндерін аударуды тапсырады.

Мына сөйлемдердің қайсысы пікір болып табылады:

а) Қандай шуақты күн!

ә) 102 мен 4 сандарының көбейтіндісі 408-ге тең.

б) Сіз табиғат аясында демалуды ұнатасыз ба?

в) Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы.

г) 8 – жұп сан.

д) Ай – Жердің серігі.

е) 3 және 5 сандары қосындысының мәні 8-ге тең.

ж) Сіз театрға бардыңыз ба?

з) Өтінемін, маған кітапты алып келіңізші!

Оқулық, Үлестірмелі материал

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Мұғалім оқушылардың қандай пікірлері ақиқат, қайсыларын жалған деп айтуға болатынын анықтайды.

Сіздер қалай ойлайсыздар, бізге барлығы белгілі ме? (Жоқ)

Бүгінгі сабақта біз ақиқат немесе жалған пікірлермен танысуды, сондай пікірлерді құруды жалғастырамыз.

Оқулық,

плакат

12-29

Тақтаға сюжетті сурет іліп, оқушылардың назарын суретке аудару қажет. Сурет бойынша ақиқат немесе жалған пікірлер құрастыруды тапсыру.Топтарға түрлі түсті қорапшалар үлестіру. Қорапшаның ішінде пікірлер жазылған. Әр топ мүшесі жазылған пікірлердің ақиқат не жалған екендігін айтып, дәлелдеуі қажет.

Өзіндік жұмыс.

(Ө.Ж) 2- тапсырманы өз беттерімен орындайды.

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау

(Ж.Ж)3-тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Оқушылар суретке қарап, берілген пікірлердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды.

Өздері сурет бойынша ақиқат немесе жалған пікірлер құрастырады.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

.Ж) 4-тапсырманы топпен орындайды. Әрбір топ кестені пайдаланып ақиқат немесе жалған пікірлер құрастырады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Оқулық, дәптер. Қорапша,

үлестірмелі материалдар

30-40

Өткенмен жұмыс.

(Ж.Ж) 5-тапсырманы жұппен орындайды. Бұл тапсырмада оқушыларға бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейткіштермен ауыстыруға болатынын еске түсіру.

«Өзара бағалау» Жұптар жұмыстарын ауыстырады да бір- бірінің жұмыстарына бағалау жасайды

6-тапсырмадағы есептерді шығармас бұрын оқушыларға жетекші сұрақтар қояды:

-Мұндай есептің түрін қалай атайды? (Құрама есеп.) Есептерді тақтада орындатуға болады. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздыру қажет. Екінші есепке де осыған ұқсас талдау жасалады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

7-тапсырма зерттеушілікті талап етеді. Бұл тапсырманы практикалық жұмыс ретінде орындауға болады. Қорапқа көк және қызыл түсті 7 қарындаш салып, бірнеше оқушыға қораптан қарындаштарды алғызып тәжірибе жасатуға болады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Оқулық

Қорап, қарындаш

41-45

Рефлексия.

Оқушылармен INSERT әдісі бойынша кері байланыс орнату. Әр оқушыға жеке парақшалар таратылады.

+

-

V

Егер сабақ түсінікті болса, «+» таңбасының тұсына;

Мүлдем түсініксіз болса, «–» таңбасының тұсына;

Сұрақтарына толықтай жауап ала алмаса, –V таңбасының тұсына белгішелер қою қажет. Осы әдіс арқылы мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін тексере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу