Координаттар нүктесі және қозғалыс бағыты. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


63-сабақ. Координаттар нүктесі және қозғалыс бағыты

Тақырыбы: Координаттар нүктесі және қозғалыс бағыты

 Мектеп:

 Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

 Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.3.1 жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Жазықтықта нүктелердің орналасуын қалай атауға болатынын түсіну.

Бірқатар оқушылар үшін:

Жазықтықта нүктелерді орналастыру және сипаттау.

Кейбіроқушыларүшін:

Графикалық суреттерді құрастыру.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

Жазықтықта нүктелердің орналасуын сипаттау.

Пәндік лексика және терминология:

Нүкте, координаталар.

Сабақта диалог/жазуүшінпайдаланылатынтіл.

Талқылау:

Нүкте қалай орналасқан?

Нүктелердің орналасуын анықтау үшін қандай мәліметтер қажет?

Жазу:

Координаталарды жазу.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Геометриялық фигураларды атау.

 Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

 0–3

Ынталандыру.

Сабақ тақтада көрсетілген слайдтағы суретті әңгімелеуден басталады.

Кинотеатрларға, концерттерге барғанда өз орныңды қалай табасың, нені пайдаланасың? Ойланып көр.

Шахмат тақтасындағы фигуралар орны туралы не айтар едің?

Әр фигура орны әріптер мен сандардың қиылысуында орналасқанына көзіңді жеткіз.

Дойбы тасының орны туралы не айтар едің? сұрақтары арқылы тақырып мазмұнын ашу.

Т.Ж. «Не қайда орналасқан?» Топтарға карта беріледі сол карта бойынша нысандардың координатын анықтауға тапсыру. Қай координатта не орналасқан?Әр нысанды тапқаннан кейін сыныппен бірігіп тексеру, алайда есеп шығаруда жақсы дағдылары бар

оқушыларға жұмысты өз бетінше орындауына мүмкін-

дік беру.Нысанды тапқан сайын нысанды қоршайды, осы арқылы топ оқушыларының неше нысанды қай уақытта тапқындығыбілінеді.

  • (11,9)-кітапхана
  • (1,9) –қонақ үй
  • (2,4)-дүкен
  • (6,1)-досымның үйі
  • (9,7)-саябақ
  • (9,11)-театр

Бұл тапсырманы орындау барысында балалар координаттардың не екендігін анықтауға мүмкіндік алады.

Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар.

Т.Ж.«Тауып көр» үш топқа торкөз қағаздан координаттық тор дайындап беріледі сол торға берілген координатта нүкте салады.

Бірін-бірі бағалау.

  • (2,3)
  • (2,9)
  • (8,9)
  • (8,3)

Т.Т «Кім жылдам?».Алдыңғы тапсырмаға кері тапсырма ретінде орындауға тапсыруға болады. Топтарға фигуралар салынған координаттық торды беріледі, фигураларды атап сол фигура төбелерінің координаттарын анықтауға, жазуға тапсыру.

Смайликтер арқылы бағалау жүргізу

№3 слайд

№4 слайд

№5 слайд

№6 слайд.

№7 слайд

 

 4–6

 

Белсендіру.

Күнделікті өмірде қандай жағдайларда нүкте координаталары деген түсінікпен ұшырасамыз, қай кезде нүкте координаталарын қолдана білу керек? Сондай жағдайларды еске түсірейік.

(Координаттар– нысанды табуға болатын кейбір мәліметтер).

– Координаттардың қалай берілгенін немесе қалай беру керек екенін түсіну маңызды

– Біз нысанды табамыз ба, жоқ па – осыған байланысты.

Ол үшін мына тапсырмаларды орындау арқылы белсендіру жұмысын жүргізуді ұйымдастырыңыз.

Т.Т. «Дұрысын тап»F(5,2) дұрысы (5,2)

Е (8,2) дұрысы(8,2)

С (7,5) дұрысы (5,7)

В (5,7) дұрысы (7,6)

А(8,7) дұрысы (8,7)

«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізіледі.

Нүктенің дұрыс координатын табу үшін координаттарды анықтау алгоритмін жасаймыз.

   Нүктелер координаттарының алгоритмін анықтау.

1. Көлденең ось бойынша бірінші координат нүктелерін табу.

2.Тік ось бойынша екінші координат нүктелерін табу.

3. Қиылысты табу.

Практикалық жұмыс.

Балалар алдымен нүктелерді тауып, содан кейін дұрысын белгілейді.

Геометриялық фигуралар.

№8 слайд

№9 слайд

№10 слайд

№11 слайд

№12 слайд

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят).

Ө.Ж. Теңдеу шешемін тап. Күрделі теңдеуді шешу жолдары жайлы білімдерін еске түсіре отырып есептеуге берілген. Шешімін табу үшін қарапайым теңдеуге келтіріп алу керектігі ескеріледі. Бұл тапсырмада күрделі теңдеулерді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін анықтап,ең соңғы орындалатын амалды табу керек,белгісіз компонентін анықтап,оны табудың ережесін қолданып,теңдеудің түбірін тауып,тексереді.

652 – х = 14 + 38    140 + в + 300 = 770  56 + с + 14 = 100

652 – х = 52       440 +в = 770                       70 + с = 100

х = 652 – 52     в = 770 – 440               с = 100 – 70

х = 600                     в = 330                                      с = 30

652 – 600 = 14 +38  140 + 330 + 300 = 770  56 + 36 + 14= 100

  • = 52                    770 = 770                                100 = 100

Ж.Ж Амалдарды орында:Балалардың үш таңбалы сандарды баған қосып, азайту дағдыларын дамытуға берілген, жақшалы өрнектерді шешу жолдарын қайталауға берілген тапсырма. Оқушылар жұпта амалдардың орындалу тәртібін естеріне түсіріп,амалдарды орындайды. Оқушыларға жұптық жұмысты мына түрде орындайды: тапсырманың бірінші бөлігін бірінші оқушы орындайды, ал екіншісі – тексереді, содан кейін екінші оқушы келесі бөлігін орындайды, ал бірінші оқушы оның дұрыстығын тексереді

(608-134)+(237-194)=517

(487-334)+(756-481)=428

805-(234+358)+198=411

516-(457-253)+434=746

«Бармақ» арқылы бағалау

Т. Ж. «Ойлан, тап»

Фигурадан кіші тіктөртбұрышты боя, боялмаған фигура ауданын тап. Фигура ауданын табу жолдарын, аудан формуласын еске түсіре отырып орындайды. Жұмыс топта орындалады.

№13 слайд

12–29

6 см

4 см

S=3см*4см= 12см кв

S=4cм*6cм=24cм.кв

24cм-12cм=12cм.кв

«Сөздік бағалау» жүргізіледі.

Оқулық.

Координаталары бар карточкалар

30–40

Ұ.Ж. «Ойлан , тап» Тіктөртбұрыштың ауданы 80 см кв, ұзындыңы 10 см. Тіктөртбұрыш енін және периметрін тап. Оқушыларға тапсырманың берілгені таныстырылады. Есепті шығару үшін, қай формулалар керек болатыны сұралады. Бір оқушы тақтаның басқа жағына есепті шығару үшін шақырылады. Барлық оқушы есепті шығарған соң, өз шешімдерін тақтада шығарылған есеппен салыстырутапсырылады. Шешімін талдайды. Тапсырма аудан мен периметрді табумен байланысты геометриялық есептерді шығаруың дағдысын дамытуға бағытталған

а – 10дмS – 80дм²b -?Ш: 80: 10 = 8 (дм)Ж: ені 8дм, Р= (10дм+8дм)х2=36дм

«Сөздік бағалау» жүргізіледі.

Т. Ж. «Кім жылдам» Берілген кестеден координаттар арқылы сөздерді табуды және ол сөздер туралы не білетіндіктерін айтып беруді ұсыныңыз.

1

2

3

4

5

6

1

Й

К

Х

А

Р

Т

2

Е

Ә

У

Н

Б

Д

3

Ы

К

М

Ш

З

У

4

С

О

И

П

1 (1,4)

2 (4,1)

3 (1,6)

5 (1,4)

6 (2,4)

7 (1,4)

Астана

1 (1,3)

2 (1,4)

3 (2,4)

4 (3,4)

5 (1,4)

7 (1,6)

8 (3,1)

9 (1,4)

10 (3,1)

Хан-Шатыры

1 (1,4)

2 (4,1)

3 (1,6)

5 (1,4)

6 (2,4)

7 (1,4)

8 (4,2)

9 (4,4)

10 (2,10)

11 (1,5)

12 (1,4)

Астана Опера

1 (2,6)

2 (2,3)

3 (3,3)

4 (1,4)

5 (2,4)

Думан

Әр сөзді тапқан сайын « Шапалақ» арқылы бағалау

Тапсырмалар соңында өзіне-өзі тексеру жүргізіледі.

Мен:

  • – нүктелердің координаталарын жазуды;
  • – жазық фигурада белгіленген нүктелердің орналасуын анықтауды.

Оқулық.№14 слайд

№15 слайд

41–45

Рефлексия. №16 слайд

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;

«Мен … өзімді мақтан етемін»;

«Әсіресе маған ұнағаны …»;

«Бүгін … менің қолымнан келді»

Жетістік сызғышы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу