![]() |
|
![]() |
Координаттар нүктесі және қозғалыс бағыты. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 2В- Аудан. Шамалар
№ 63 сабақ. Тақырыбы: Координаттар нүктесі және қозғалыс бағыты
Оқу мақсаты: 3.3.3.1 жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау.
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, сызғыш, кестелер, тапсырмалар жазылған қима қағаздар, координаттық тор көздер сызылған парақтар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру.
Сабақты берілген слайдтар бойынша әңгімелеуден бастаңыз №3 слайд
Кинотеатрларға, концерттерге барғанда өз орныңды қалай табасың, нені пайдаланасың? Ойланып көр.
Шахмат тақтасындағы фигуралар орны туралы не айтар едің?
Әр фигура орны әріптер мен сандардың қиылысуында орналасқанына көзіңді жеткіз.
Дойбы тасының орны туралы не айтар едің? сұрақтары арқылы тақырып мазмұнын ашу.
Координаталық жазықтықтың өмірде билеттерде орындарды белгілеуде және география пәнінде ұғымын беруде қолданылуын көрсету арқылы сабақ тақырыбын анықтаңыз.
Т.Ж. «Не қайда орналасқан?» Топтарға карта беріледі сол карта бойынша нысандардың координатын анықтауға тапсыру. Қай координатта не орналасқан? Әр нысанды тапқаннан кейін сыныппен бірігіп тексеруді ұйымдастырыңыз, алайда есеп шығаруда жақсы дағдылары бар оқушыларға жұмысты өз бетінше орындауына мүмкіндік беріңіз.Нысанды тапқан сайын нысанды қоршап қоюды сұраңыз, осы арқылы топ оқушыларының неше нысанды қай уақытта тапқындығын біле аласыз.
- (11,9)-кітапхана
- (1,9) –қонақ үй
- (2,4)-дүкен
- (6,1)-досымның үйі
- (9,7)-саябақ
- (9,11)-театр
Бұл тапсырманы орындау барысында балалар координаттардың не екендігін анықтауға мүмкіндік алады.
Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар.
Т.Ж. «Тауып көр» үш топқа торкөз қағаздан координаттық тор дайындап беріңіз сол торға берілген координатта нүкте салуға ұсыныңыз. Оқушылар нүктелердің координаталарын анықтау ережесін суретке қарап тұжырымдайды.Оқушылардың топта тұжырымды өз беттерімен жасауына ықпал жасаңыз. Қажетті нүктелерді қолданып, нүктенің координатасын табу ережесін тұжырымдайды. Топтық жұмыстарды топ мүшелеріне өз тұжырымдарын тақтадағы ереже арқылы тексертіңіз, бірін-бірі бағалатыңыз.
Бірін-бірі бағалау.
- (2,3)
- (2,9)
- (8,9)
- (8,3)
«Бармақ» арқылы бағалау.
Т.Т «Кім жылдам». Алдыңғы тапсырмаға кері тапсырма ретінде орындауға тапсыруға болады. Топтарға фигуралар салынған координаттық торды беріңіз, фигураларды атап сол фигура төбелерінің координаттарын анықтауға, жазуға тапсырыңыз.
Смайликтер арқылы бағалау жүргізу
Белсендіру.
Күнделікті өмірде қандай жағдайларда нүкте координаталары деген түсінікпен ұшырасамыз, қай кезде нүкте координаталарын қолдана білу керек? Сондай жағдайларды еске түсірейік.
(Координаттар– нысанды табуға болатын кейбір мәліметтер).
– Координаттардың қалай берілгенін немесе қалай беру керек екенін түсіну маңызды
– Біз нысанды табамыз ба, жоқ па – осыған байланысты.
Ол үшін мына тапсырмаларды орындау арқылы белсендіру жұмысын жүргізуді ұйымдастырыңыз.
Т.Т. «Дұрысын тап» Балалардан берілген нүктенің дұрыс координаттарын тауып атап шығуын тапсырыңыз.
F(5,2), дұрысы (5,2)
Е (8,2) дұрысы (8,2)
С (8,5)дұрысы (5,8)
В (5,7) дұрысы (7,6)
А(8,7) дұрысы (8,7)
«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізіледі.
Нүктенің дұрыс координатын табу үшін координаттарды анықтау алгоритмін жасаймыз.
Нүктелер координаттарының алгоритмін анықтау.
1. Көлденең ось бойынша бірінші координат нүктелерін табу.
2.Тік ось бойынша екінші координат нүктелерін табу.
3. Қиылысты табу.
Практикалық жұмыс.
Балалар алдымен нүктелерді тауып, содан кейін дұрысын белгілейді.
Мақсат қою (мәселелі жағдаят).
Ө.Ж. Теңдеу шешемін тап. Күрделі теңдеуді шешу жолдары жайлы білімдерін еске түсіре отырып есептеуге берілген. Шешімін табу үшін қарапайым теңдеуге келтіріп алу керектігін ескертіңіз. Бұл тапсырмада күрделі теңдеулерді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін анықтап,ең соңғы орындалатын амалды табу керек,белгісіз компонентін анықтап,оны табудың ережесін қолданып,теңдеудің түбірін тауып,тексеруді ұсыныңыз.
652 – х = 14 + 38 140 + в + 300 = 770 56 + с + 14 = 100
652 – х = 52 440 +в = 770 70 + с = 100
х = 652 – 52 в = 770 – 440 с = 100 – 70
х = 600 в = 330 с = 30
652 – 600 = 14 +38 140 + 330 + 300 = 770 56 + 36 + 14= 100
- = 52 770 = 770 100 = 100
Т.Ж Амалдарды орында: Балалардың үш таңбалы сандарды баған қосып, азайту дағдыларын дамытуға берілген, жақшалы өрнектерді шешу жолдарын қайталауға берілген тапсырма. Бұл тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз.Оқушылар жұпта амалдардың орындалу тәртібін естеріне түсіріп,амалдарды орындауды ұсыныңыз. Оқушыларға жұптық жұмысты мына түрде орындайды: тапсырманың бірінші бөлігін бірінші оқушы орындайды, ал екіншісі – тексереді, содан кейін екінші оқушы келесі бөлігін орындайды, ал бірінші оқушы оның дұрыстығын тексереді
(608-134)+(237-194)=517
(487-334)+(756-481)=428
805-(234+358)+198=411
516-(457-253)+434=746
«Бармақ» арқылы бағалау
Т. Ж. «Ойлан, тап»
Фигурадан кіші тіктөртбұрышты боя, боялмаған фигура ауданын тап. Балаларға боялмаған фигураны көрсетуді сұраңыз, оның ауданын қалай табуға болатын жолын топта талқылауға тапсырыңыз, аудан формуласын еске түсіре отырып орындауды айтыңыз.
6 см
4 см
S=3см*4см= 12см кв
S=4cм*6cм=24cм.кв
24cм-12cм=12cм.кв
«Сөздік бағалау» жүргізіледі.
Ұ.Ж. «Ойлан , тап» Тіктөртбұрыштың ауланы 80 см кв, ұзындығы 10 см. Тіктөртбұрыш енін және периметрін тап. Оқушыларды тапсырманың берілгенімен таныстырыңыз. Есепті шығару үшін, қай формулалар керек болатынын сұраңыз. Бір оқушыны тақтаның басқа жағына есепті шығару үшін шақырыңыз. Барлық оқушы есепті шығарған соң, өз шешімдерін тақтада шығарылған есеппен салыстыруды ұсыныңыз. Шешімін талдауды сұраңыз. Тапсырма аудан мен периметрді табумен байланысты геометриялық есептерді шығарудың дағдысын дамытуға бағытталған
а – 10дмS – 80дм²b -?Ш: 80: 10 = 8 (дм)Ж: ені 8дм, Р= (10дм+8дм)х2=36дм
«Сөздік бағалау» жүргізіледі.
Т. Ж. «Кім жылдам» Берілген кестеден координаттар арқылы сөздерді табуды және ол сөздер туралы не білетіндіктерін айтып беруді ұсыныңыз. Тапсырма балалардың координаттар нүктесі жайлы алған білімдерін бекітуге бағытталған.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | Й | К | Х | А | Р | Т |
2 | Е | Ә | У | Н | Б | Д |
3 | Ы | К | М | Ш | З | У |
4 | С | О | И | П |
1 (1,4)
2 (4,1)
3 (1,6)
5 (1,4)
6 (2,4)
7 (1,4)
Астана
1 (1,3)
2 (1,4)
3 (2,4)
4 (3,4)
5 (1,4)
7 (1,6)
8 (3,1)
9 (1,4)
10 (3,1)
Хан-Шатыры
1 (1,4)
2 (4,1)
3 (1,6)
5 (1,4)
6 (2,4)
7 (1,4)
8 (4,2)
9 (4,4)
10 (2,10)
11 (1,5)
12 (1,4)
Астана Опера
1 (2,6)
2 (2,3)
3 (3,3)
4 (1,4)
5 (2,4)
Думан
Әр сөзді тапқан сайын « Шапалақ» арқылы бағалау
Тапсырмалар соңында өзіне-өзі тексеру жүргізіледі.
Мен:
- – нүктелердің координаталарын жазуды;
- – жазық фигурада белгіленген нүктелердің орналасуын анықтауды.
- Рефлексия.
- Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
- «Мен … өзімді мақтан етемін»;
- «Әсіресе маған ұнағаны …»;
- «Бүгін … менің қолымнан келді»
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру