алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Есептерді формулалар арқылы шешу. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.


1-топ: Бұл бір амалмен шешілетін қарапайым есепті шығарады

Велосипедші Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне дейін 3 сағатта 20 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді?

2-топ: Екі амалмен шешілетін есепті шығарады.

Автобус Түркістаннан Сайрамға дейін 48км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді.Содан соң Сайрамнан Сарайшыққа дейін 80 км/сағат жылдамдықпен 2 сағат жол жүрді. Автобус Түркістан мен Сарайшыққа дейін қанша километр жол жүрді?

3-топ: Үш амалмен шығарылатын есепті шығарады.

Автокөлік А қаласынан Б қаласына дейін 6 сағатта 360 км жол жүрді. Ал Б қаласынан С қаласына дейін 1-ші жылдамдығына қарағанда 10 км/сағатқа артық жылдамдықпен 7 сағат жол жүрді. Б қаласынан С қаласына дейінгі ара қашықтықты табыңыз.

1 есеп. Велосипедші 3 сағатта 20 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді? (60км

2есеп. 7м/с жылдамдықпен жүгірген спортшы 14 секундта неше метр жүгіріп өтеді? (98м)

3есеп. Ит 15м/с жылдамдықпен жүгіреді. 8 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді.(120м)

4есеп. Автобус 68км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақытта қанша километр қашықтықты жүреді?(272км)

5есеп. Саяхатшы 10минутта 92 м/м жылдамдықпен неше метр жол жүреді? (920м)

6 есеп. Спорт машинасымен жарысушы тасжолда 78км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ол 2 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді? (156км)

7 есеп. Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді? (90 км)

8 есеп. Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді? (150 км)

9 есеп. Жеңіл машина 35 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта неше километр жүреді? (70 км)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы