Астана ғимараттары. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


62-сабақ. Тонна. Грамм

Тақырыбы: Астана ғимараттары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қылышбаева А. Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау

3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Ұзындық өлшем бірліктерін білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Шамалардың мәнін салыстыру және олармен амалдар орындау

Кейбір оқушылар үшін:

Шамаларды өрнектеу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Массаның өлшем бірліктерін салыстыру.

Пәндік лексика және терминология:

Масса, грамм, тонна

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Массаның қандай өлшем бірліктері қолданылады?

Жазу:

Өрнектер, тонна, грамм

Тірек білім, білік, дағдылар

Масса, кг, центнер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Бүгінгі сабақта Астана архитектурасы, оның көрнекі жерлері туралы әңгіме жалғасатынын хабарлау.

Бәйтерек. Ғимараттың биіктігі– 97 метр, шармен қоса санағанда – 105 метр. Шардың диаметрі – 22 метр. Шардың жеке массасы – 300 тонна. Құрылыс кезінде 999 тоннаға жуық металл құрастырылымы қолданылды. Жаңа масса өлшем бірлігін атау.

2-слайд

4–6

Белсендіру.

«Математикалық диктант»

1. 499 бен 501 сандарға көршілес санды жазыңыз? (500).

2. Ең кіші үштаңбалы санды жаз? (100).

3. Ең үлкен үштаңбалы сандарды жазыңыз? (999)

Сандарды жазыңдар:

- 2 жүздік 4 ондық 1 бірлік;

- 5 жүздік 3 ондық;

- 7 ондық 9 бірлік;

- 1 жүздік 8 ондық 6 бірлік;

- 3 жүздік 7 бірлік.

Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:

6 ц 25 кг = ….. кг 7ц 35кг = …..кг

600 ц = … кг 165 кг = ….ц …. кг

3-слайд

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Массаның өлшем бірліктерімен танысатын боламыз

4-слайд

12–29

Жаңаны ашу.

– Массаның өлшем бірліктер кестесін қара.

Тонна – массаның ең ірі өлшем бірлігі.

Ал сіз ұсағырақ өлшем бірліктерін білесіз бе?

Оқулық бойынша масса өлшем бірліктері кестесімен және тұсаукесермен жұмыс.

– Сіздер енді қандай масса өлшем бірліктерін білесіздер? (Грамм, килограмм, тонна, центнер).

– Грамм, тонна, килограммен нені өлшеуге болады? ? (). Гірлердің массасы қандай болатынын қара.

– Мына төмендегі массаларды алу үшін қандай гірлер алу керек?

? (,, )

? (, )

? (, )

? (, , 20, , )

900? (, , ).

Топтық жұмыс (Т).

№2 тапсырманы түсінік бере отырып топпен орындау.

Салмақ өлшеуіштерін алдымен өсу ретімен орналастырады. Тапсырманы орындау барысында салмақ өлшеуіштерінің өсу ретіне назар аудару қажет екенін ескерту.

«Әткеншек» әдісі арқылы жұмыстарын тексеру, бағалау.

Өздік жұмыс. ).

№3, №4 тапсырмаларды орындау – үлгі бойынша тексере отырып көрсетілген өлшем бірліктеріндегі бос орындарды толтыру, шамаларға амалдар қолдануды өз бетінше орындау. Орындап болған оқушылар жұпта тапсырмаларын ауыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.

№5 тапсырманы практикалық жұмыс ретінде орындау. Кеспе қағаздарды пайдалана отырып, бөліктерге бөлу.

Жұптық жұмыс).

Теңдеулерді шешу. Әр жұп өз жұмыстарын келесі жұпқа түсіндіреді, интерактивті тақтадағы шешімдерімен өз жауаптарын салыстырады.

Қателескен жерді жөндейді.

Топтық жұмыс. №8 тапсырманы топта талқылайды, жауабын әр топтан топ өкілі шығып жауаптарын хабарлайды. Топта жауаптарын салыстырады, дұрыс жауаппен жауаптарын толықтырады.

5-слайд

Кесте, таразы гірлерінің суреттері

6-слайд

Салмақ өлшеуіштері жазылған қима қағаздар

Кеспе қағаздар

7-слайд

8-слайд

Спорт алаңы суреті.

30–40

Жаңаны қолдану.

Салмақ өлшеуіштерін есте сақтау үшін «Жұм-аш» әдісін жүргізу.

Интерактивті тақтадан салмақ өлшеуіштерін көрсету де, қайта жабу. Оқушылар есте қалған салмақ өлшеуіштерін айтады. Қателескен оқушылардың жауабын түзету. Бірнеше рет қайталау.

Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырма бойынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізеді.

Мен:

  • – бірліктерді пайдаланып, шамаларды есептеуді (грамм, тонна);
  • – шамалардың мәнін салыстыруды және осы бойынша амалдар орындауды;
  • – өзара қатынастар негізінде масса бірліктерін өрнектеуді.

Үйге тапсырма№ 6 тапсырма

9-10- слайд

Оқулық.

11-слайд

12-слайд

41–45

Рефлексия.

Бүгін немен айналыстыңыздар?

Сізге сабақ ұнады ма?

Алға қойған мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма? Қандай жаңа нәрсе үйрендіңіздер?

?

Қиындықтар болды ма?

Жарайсыңдар, сіздер сабақта жақсы жұмыс жасадыңыздар.

13-слайд

Жетістік сызғышы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу