Астана ғимараттары. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
62-сабақ. Тонна. Грамм
Тақырыбы: Астана ғимараттары
Оқу мақсаттары:
3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау
3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
Сабаққа қажетті ресурстар: «Астана-әсем қала» альбомы,
Салмақ өлшеуіштері жазылған қима қағаздар;
таразы түрлері; гір тастары.
Ынталандыру.
Бүгінгі сабақта Астана архитектурасы, оның көрнекі жерлері туралы әңгіме жалғасатынын хабарлау.
Бәйтерек. Ғимараттың биіктігі– 97 метр, шармен қоса санағанда – 105 метр. Шардың диаметрі – 22 метр. Шардың жеке массасы – 300 тонна. Құрылыс кезінде 999 тоннаға жуық металл құрастырылымы қолданылды. Жаңа масса өлшем бірлігін атау.
Белсендіру.
«Математикалық диктант»
1. 499 бен 501 сандарға көршілес санды жаз2 (500).
2. Ең кіші үштаңбалы санды жаз? (100).
3. Ең үлкен үштаңбалы сандарды жазыңыз? (999)
Сандарды жазыңдар:
- 2 жүздік 4 ондық 1 бірлік; (241)
- 5 жүздік 3 ондық; (530)
- 7 ондық 9 бірлік; (709)
- 1 жүздік 8 ондық 6 бірлік; (186)
- 3 жүздік 7 бірлік. (307)
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
6 ц 25 кг = 625 кг 7ц 35кг = 735 кг
600 ц =60 000 кг 165 кг = 1 ц 65 кг
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Массаның өлшем бірліктерімен танысатын боламыз
Жаңаны ашу.
– Массаның өлшем бірліктер кестесін қара.
Тонна – массаның ең ірі өлшем бірлігі.
Ал сіз ұсағырақ өлшем бірліктерін білесіз бе?
Оқулық бойынша масса өлшем бірліктері кестесімен және тұсаукесермен жұмыс.
– Сіздер енді қандай масса өлшем бірліктерін білесіздер?
(Грамм, килограмм, тонна, центнер).
– Грамм, тонна, килограммен нені өлшеуге болады? 1 кг-да неше грамм бар? (1000 г). Гірлердің массасы қандай болатынын қара.
– Мына төмендегі массаларды алу үшін қандай гірлер алу керек?
80 г? (50 г,20 г, 10 г)
300 г? (200 г, 100 г)
600 г? (500 г, 100 г)
745 г? (500 г, 200 г, 20, 20 г, 5 г)
900? (500 г, 200 г, 200 г).
Мақсат қою (мәселелі жағдаят).
№2 тапсырманы түсінік бере отырып топпен орындауды ұсыныңыз. Салмақ өлшеуіштерін алдымен өсу ретімен орналастырады. Тапсырманы орындау барысында салмақ өлшеуіштерінің өсу ретіне назар аудару қажет екенін ескерту.«Әткеншек» әдісі арқылы жұмыстарын келесі топқа беру, тексеру, бағалау.
Жауаптары: а)200 г, 8 кг, 20 кг, 2 ц, 800 кг, 2 т.
ә)2 т = 2000 кг; 5 кг = 5000 г; 7000 г = 7 кг; 6000 кг = 6 т
Өздік жұмыс.
№3, №4 тапсырмаларды орындау үшін бос орындарды толтыру. Орындап болған оқушылар жұпта тапсырмаларын ауыстырып тексеру жұмыстарын жүргізулерін қадағалаңыз.
Жауаптары:
3 мм + 7 мм = 1 см; 9 мм + 1 мм = 10 см; 5 см 5 мм + 4 см 5 мм = 1 дм;
8 см + 2 см = 1 дм; 6 см + 4 см = 1 дм; 9 дм + 10 см = 1 м
№5 тапсырманы практикалық жұмыс ретінде орындау. Кеспе қағаздарды пайдалана отырып, бөліктерге бөлу
Жауаптары:3 г; 1 т; 10 кг; 4 г; 6 т; 5 кг
Жұптық жұмыс(Ж).№7 тапсырмаға назар аударып, жұпта теңдеулерді шешуді тапсырыңыз. Әр жұп өз жұмыстарын келесі жұпқа түсіндіреді, интерактивті тақтадағы шешімдерімен өз жауаптарын салыстырады.
Қателескен жерді жөндейді.
Жауаптары:
45 + х = 255 – 140 х = 70;
a – 98 = 312 + 317 а = 727;
595 – х = 114 + 216 х = 265;
с – 49 =130 + 195 с = 374;
х + 120 = 900 – 540 х = 240;
480 + b = 960 – 150 b = 330
Топтық жұмыс. №8 тапсырманы топта талқылайды, жауабын әр топтан топ өкілі шығып жауаптарын хабарлайды. Топта жауаптарын салыстырады, дұрыс жауаппен жауаптарын толықтырады.
Жауаптары:Қарындасының бойы 1 м 15 см; Бекзаттың бойы 1 м 49 см
Жаңаны қолдану.
Салмақ өлшеуіштерін есте сақтау үшін «Жұм-аш» әдісін жүргізу.
Интерактивті тақтадан салмақ өлшеуіштерін көрсету де, қайта жабу. Оқушылар есте қалған салмақ өлшеуіштерін айтады. Қателескен оқушылардың жауабын түзету. Бірнеше рет қайталау.
Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырма бойынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізеді.
Мен:
– бірліктерді пайдаланып, шамаларды есептеуді (грамм, тонна);
– шамалардың мәнін салыстыруды және осы бойынша амалдар орындауды;
– өзара қатынастар негізінде масса бірліктерін өрнектеуді.Оқулық.
Үйге тапсырма№ 6 тапсырма өрнектерді жазып, олардың мәнін табу.
Рефлексия.
Бүгін немен айналыстыңыздар?
Сізге сабақ ұнады ма?
Алға қойған мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма? Қандай жаңа нәрсе үйрендіңіздер?
1 кг-да неше грамм бар?
Қиындықтар болды ма?
Жарайсыңдар, сіздер сабақта жақсы жұмыс жасадыңыздар.Жетістік сызғышы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?