Егін жинау уақыты. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Тақырып: 44-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу. Егін жинау уақыты
Оқу мақсаттары: 3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу
3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару
Тірек сөздер:
- бөлшек
- шама
- алым
- бөлім
Ресурстар:
- фасоль
- ыдыстар
- фишкалар
- тақта, үлестірмелі материалдар
- қарындаш
- смайликтер
- қалташық
- түрлі-түсті ленталар
- қайшы
- жолақ қағаздар
- сызғыш
- Сабаққа қатысты деректі материалдар:
- Бөлшектің алымы, бөлімі
Сабаққа арналған ескертулер
- шаманың бөлігін табу
- бөлігі бойынша шаманы табу;
Ынталандыру.
«Атомдар мен молекулалар» ойыны
Оқушыларға ойынды түсіндіріңіз, алғашында молекулалар сияқты жалғыз қимылдайды,.Молекулалар бірігіп-бірігіп,екеу болады,сосын үшеу болады,атомдар түзіледі.Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы топтасады.
Топтарға тапсырма беріңіз,бөлменің 3 бұрышына 3 ыдыс қойыңыз,.стол үстіне 30 фасоль қойылады.Оқушыларға 1-бұрышқа фасольдің бөлігін салуды тапсырып, бөлігі неше фасоль екенін сұраңыз, 2-бұрышқа бөлігін салғызып, бөлігі неше фасоль екенін сұраңыз,, 3-бұрышына бөлігін салғызып, неше фасоль екендігін сұраңыз.
Оқушыларға фигураларды таратып беріп, фигуралардың боялған (боялмаған) бөліктерін ататыңыз, бөлшектерді салыстыруды тапсырыңыз.
Санның бөлігін табуды игерту үшін тәжірибелік жұмыс жасатыңыз. Оқушыларға ұзындығы 10 см түрлі-түсті ленталар таратып, оны 2, 3, 4, 5 тең бөліктерге бөліп, әр бөлікті және шыққан бөліктердің ұзындығын есептеп шығаруды тапсырыңыз.
№ 1 тапсырма бойынша жолақ қағаздармен тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз.. Жолақтың ұзындығы бір жыл ішіндегі айдың санына сәйкес –12 см.
Оқушыларға жолақты теңдей етіп бүктетіңіз.. Осыдан шыққан бір бөліктің атауын нақтылауды тапсырыңыз. Және әр бөліктің ұзындығын қалай табуға болады? Бір бөліктің (үлестің) ұзындығын білсең, бүтіннің ұзындығын қалай табуды түсіндіріңіз.Слайдты ашып,ережемен таныстырыңыз.
Жолақты 2 бөлікке бөлеміз.Оқушылардан сұраңыз.
- Оның ұзындығын қалай білуге болады?
-Мына бөлік қалай аталады?
– Жолақты 4 бөлікке бөлеміз.
- Оның ұзындығын қалай білуге болады?
-Мына бөлік қалай аталады?
Осыдан кейін жолақтың бір ширегінің ұзындығы 3 см. екенін ,енді осы бөлік арқылы жалпы жолақтың ұзындығын қалай табатынын үйретіңіз.
Оқушыларды сергіту мақсатында "Қай топ білімді?"ойынын ойнатыңыз.
Бұл ойынды ойнау үшін оқушыларды бөлшектің "Алымы","Бөлімі"болып 2 топқа бөліңіз..Сыныптың 2 бұрышына қағаздан қалташа іліңіз..Ортаға орындыққа фишкалар қойыңыз.Және алдын ала дайындалған кеспе қағазға жазылған сұрақтар қойыңыз. Осы сұрақты 2 топ кезекпен алып жауап береді, жауап дұрыс болса, бір фишканы алып, өз тобының қалташығына салады.Осылай сұрақ таусылғанша ойнайды. Соңында екі қалташықтағы фишкаларды санап, жеңімпаз топ анықталады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы №2-тапсырма бойынша оқушылар алдымен кесіндіңің бір бөлігінің ұзындығын өлшейді.Содан кейін оқушылардан сұралады. Барлық кесінді бірдей қанша бөлікке бөлінген? Бір бөлігін білу арқылы барлық кесіндінің ұзындығын табуға бола ма? Осыдан соң ержемен таныстыру керек.
Барлық кесіндінің ұзындығын білу үшін,бір үлестің ұзындығын бірдей бөліктердің(үлестердің) санына көбейту керек. 3х2=6см 2х5=10см
Смайликтермен бағалау
№3-тапсырманы слайдқа қарап, ауызша орындатыңыз..Қараөрік ағашынан барлығы 20кг жеміс жинап алынған, ыдысқа жемістің жартысын салсақ,бестен бірін,төрттен бірін салсақ,әр ыдыста неше кг қараөрік болады? Сұраққа оқушылардан жауа алыңыз.
Бармақпен бағалау
№4-тапсырманың шартын құрғызыңыз.
а) Қарбыздың массасы 8 кг.Жарты қарбыздың массасы қаншаға тең?
Қарбыздың бөлігін табу үшін не істейміз?
Ережені еске түсіру)
Санның үлесін табу үшін осы санды алынған үлестің
санына бөлу керек.
Шарты:
1 қарбыздың массасы-8 кг
Қарбыздың бөлігі - ?кг
Шешуі: 8:2=4 (кг)
Жауабы: қарбыздың екіден бір бөлігі 4 кг.
ә) Жарты қарбыздың массасы 4кг. Қарбыздың барлық массасы қаншаға тең?
Шарты:
Қарбыздың - 4кг
1 қарбыздың массасы - кг?
Қарбыздың барлық массасын табу үшін не істейміз?
(Ережені еске түсіру)
Үлесі бойынша санды табу үшін
алынған үлестің санына көбейту керек.
Бұл тапсырманы орындау – тура және кері есептің қысқаша үлгісін көрсетеді.
Жұпта бағалау
Есеп шығару шеберлігін шыңдау үшін төмендегідей есептерді шығартуға болады:
Ойын: "Шындық па,әлде жалған ба?"
Төмендегі сөйлемді кезектестіріп оқып тұрыңыз.
Ойынның шарты бойынша оқушылар егер айтылған сөйлем шындық болса, бармақты жоғары көтереді, ал жалған болса төмен қарай көрсетеді.
• Қарбыздың 3/1 бөлігінің массасы 2 кг. Қауын 8 килограмм тартады?(жалған)
• Кесіндінің 1/3 бөлігі 6 см-ге тең. Кесіндінің ұзындығы 18см (шындық)
• Тәуліктің 1/3 бөлігі 8сагат (шындық)
• Бір сағатта 65 минут бар (жалған)
Оқулықпен әрі қарайғы жұмысты сыныптың қажеттілігіне қарай тапсырыңыз.
№6-тапсырма кері есеп құрастыруға бағытталған.
Есепті шығармас бұрын кәді өсімдігін слайдтан көрсетіп,таныстырыңыз.
а)Ұзындығы 15см кәді бірдей 5 бөлікке бөлінді.Бір бөліктің ұзындығы қаншаға тең? Алдымен есептің шартын құрғызып, шығартып, соңынан кері есеп құрғызыңыз.
Шарты:
Кәдінің ұзындығы-15см
бөлігі - ?см
Шешуі:15:5=3(см)
Жауабы: бір бөліктің ұзындығы3см
Кері есеп:
Кәдінің бестен бір бөлігінің ұзындығы 3см. Кәдінің жалпы ұзындығы қанша см?
Шарты:
бөлігі - 3 см
Кәдінің ұзындығы- ? см
Шешуі:5х3=15 (см)
Жауабы: кәдінің жалпы ұзындығы 15 см
ә)Бақшадан жиналған қызанақтың үштен бір бөлігі -9кг болды.Бақшадан барлығы қанша кг қызанақ жиналды?
Алдымен есептің шартын құрғызып, шығартып, соңынан кері есеп құрғызыңыз.
Шарты:
Қызанақтың бөлігі -9 кг
Қызанақтың барлық массасы - ? кг
Шешуі: 9х3= 27( кг)
Жауабы: қызанақтың барлық массасы 27 кг
Кері есеп:
Бақшадан жиналған қызанақтың массасы 27кг.Қызанақтың үштен бір бөлігі қанша кг?
Шарты:
Қызанақтың барлық массасы - 27 кг
Қызанақтың бөлігі -? кг
Шешуі:
27:3=9( кг)
Жауабы: қызанақтың үштен бір бөлігі 9 кг.
Әрі қарай дәптерден өзін-өзі бағалау критерийі бар тапсырманы орындауды ұсыныңыз.
Мен:
- – санның/шаманың бөлігін сан бойынша таба аламын:
- – 100-ге дейінгі сандардың жартысын, төрттен бірін, үштен бірін, оннан бірін таба аламын.
Қайталау.
Оқушы амалдардың орындалу ретімен орындаса,онда қандай өрнек орындады?
Оқушыларға орындатпас бұрын амалдар тәртібін еске түсіріп, сұраңыз, шығарып болған соң шаблон бойынша тексеріп, бағалаңыз
1-топқа а) (16+12) :7=4
2-топқа ә) 9 х 6 - 5 х 6= 24
3-топқа б) (65+9)+49:7= 81
Орындалу ретіне қарай өрнектерін жаздыру.
Үйге тапсырмаға №5-тапсырма беріңіз..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?