Егін жинау уақыты. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


44-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу

Тақырып:Егін жинау уақыты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Қыдырбаева Роза Анешовна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігібойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша шаманы табу; жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

Бірқатар оқушылар үшін:

100 көлеміндегі сандар мен жүздіктер санының бөлігін табу және бөлігі бойынша сандытабу.

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Кейбір оқушылар үшін:

санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның бөлігін қалай табу керек және бөлік бойынша санды табуды түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек, алым, бөлім

Сабақта диалог/жазуүшінпайдаланылатынтіл.

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

Жазу:

Бөлшектерді жазу.

Тірекбілім,білік, дағдылар

Екі таңбалы сандардың нөмірленуі.

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Оқушылар молекулалар сияқты жалғыз қимылдайды,.Молекулалар бірігіп-бірігіп,екеу болады,сосын үшеу болады,атомдар түзіледі.Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы топтасады.

Топтарға тапсырма:бөлменің 3 бұрышына 3 ыдыс қойылады.Стол үстіне 30 фасоль қойылады.Оқушыларға 1-бұрышқа фасольдіңбөлігін салу,бөлігі неше фасоль екенін сұрау.

2-бұрышқа бөлігін салу,бөлігі неше фасоль екенін сұрау,

3-бұрышына бөлігін салу, бөлігі неше фасоль екенін сұрау.

Фасоль, ыдыстар

2-слайд

4–6

(Т.)Белсендіру.

Оқушылардың алдына фигураларды беру.

Оқушылар фигуралардың боялған бөліктерін атайды.Бөлшектерді салыстырады.

Келесі тапсырмада оқушылар берілген фигуралардағы боялмаған бөліктерді санап, бөліктерді салыстырады.

"Шапалақ" арқылы бағалау

Жауап берген оқушыны қалған оқушылар шапалақ соғу арқылы бағалайды.

Тақта, үлестірме

лі материал.

3-слайд

4-слайд

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

(Ж.)Тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға ұзындығы 10 см түрлі-түсті ленталар таратып, оны 2, 3, 4, 5 тең бөліктерге бөліп, әр бөлікті және шыққан бөліктердің ұзындығын есептеп шығару тапсырылады.

"Бағдаршам " арқылы бағалау

Оқушыларға қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер беріледі.Осы түстер арқылы өздерін бағалайды. Жасыл түс-"Түсіндім",Сары түс- "Сұрағым бар", қызыл түс -"Түсінбедім"сабақты меңгеруіне қарай осы түстердің біреуін көтереді.

Түрлі-түсті ленталар, қайшы

5-слайд

12–29

Жаңаны ашу.

(Ө.)№ 1 тапсырма бойынша жолақ қағаздармен тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Жолақтың ұзындығы бір жыл ішіндегі айдың санына сәйкес –12 см.

Оқушылар жолақты теңдей етіп бүктейді. Осыдан шыққан бір бөліктің атауын нақтылау . Және әр бөліктің ұзындығын қалай табуға болады? Бір бөліктің (үлестің) ұзындығын білсең, бүтіннің ұзындығын қалай табатынымызды білесің.(Ережемен таныстыру)

– Жолақты 2 бөлікке бөлеміз. Оның ұзындығын қалай білуге болады? Мына бөлік қалай аталады?

– Жолақты 4 бөлікке бөлеміз. Оның ұзындығын қалай білуге болады? Мына бөлік қалай аталады?

– Ал енді кері амал орындаймыз. Жолақтың бір ширегінің ұзындығы 3 см. Жалпы жолақтың ұзындығы қандай?

"Отшашу" арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында төменнен бастап жайлап шапалақ ұрады, біртіндеп жоғары қарай шапалақ дауысын күшейте отырып, ең соңында шапалақты қатты-қатты соғады.

(Ережемен таныстыру)

Сергіту сәті :"Қай топ білімді?"әдісі

Оқушылар бөлшектің "Алымы","Бөлімі"болып 2 топқа бөлінеді.Сыныптың 2 бұрышына қағаздан қалта ілінеді.Ортаға орындыққа фишкалар қойылады.Және алдын ала дайындалған кеспе қағазға жазылған сұрақтар қойылады. Осы сұрақты 2 топ кезекпен алып жауап береді, жауап дұрыс болса, бір фишканы алып, өз тобының қалтасына салады.Осылай сұрақ таусылғанша ойнайды. Соңында екі қалтадағы фишкаларды санап, жеңімпаз топ анықталады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ө.)Оқулықтағы №2 тапсырма бойынша оқушылар алдымен кесіндіңің бір бөлігінің ұзындығын өлшейді.Содан кейін оқушылардан сұралады. Барлық кесінді бірдей қанша бөлікке бөлінген? Бір бөлігін білу арқылы барлық кесіндінің ұзындығын табуға бола ма? Осыдан соң ережемен таныстыру.

Барлық кесіндінің ұзындығын білу үшін,бір үлестің ұзындығын бірдей бөліктердің(үлестердің) санына көбейту керек. 3х2=6см 2х5=10см

Смайликтермен бағалау

(Ұ.)№3 тапсырманы слайдқа қарап, ауызша орындау.Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар санның үлесін табуға дағдыланады.

Үлес санына бөлу білігін дамытады және

үлесті анықтауға мүмкіндік береді.

Қараөрік ағашынан барлығы 20кг жеміс жинап алынған, ыдысқа жемістің жартысын салсақ,бестен бірін,төрттен бірін салсақ,әр ыдыста неше кг қараөрік болады?

Бармақпен бағалау

(Ж.) №4 тапсырманы орындау санның үлесін табу және логикалық ойлау дағдысын дамытады. Есепке талдау жасау. Ұжыммен есептің

шартын құрастыру. Есептің шешуі туралы өз

бетінше ойлануды ұсыну. Егер оқушылардың кей-

бірі есепті шығаруға қиналса, есепті қалай шығару

керектігін түсінген оқушымен жұптастыру.

а)Қарбыздың массасы 8 кг.Жарты қарбыздың массасы қаншаға тең?

Шарты:

1қарбыздың массасы-8 кг

Қарбыздың бөлігі - ? кг

Қарбыздың бөлігін табу үшін не істейміз?

(Ережені еске түсіру)

Санның үлесін табу үшін осы санды алынған үлестің

санына бөлу керек.Яғни 8-ді 2-ге бөлу керек.Сонда қарбыздың бөлігі 4 кг

ә) Жарты қарбыздың массасы 4кг. Қарбыздың барлық массасы қаншаға тең?

Шарты:

Қарбыздың - 4кг

1 қарбыздың массасы - кг?

Қарбыздың барлық массасын табу үшін не істейміз?

(Ережені еске түсіру)

Үлесі бойынша санды табу үшін

алынған үлестің санына көбейту керек.

Бұл тапсырманы орындау – тура және кері есептің қысқаша үлгісін көрсетеді.

Жұпта бағалау

6-слайд

Жолақ қағаздар, қайшы

Қалта, фишкалар

Сызғыш,

дәптер

7-слайд

8-слайд

Смайлик

тер

9-слайд

10-слайд

Кері есептің үлгісі

11-слайд

30–40

Жаңаны қолдану.

Есеп шығару шеберлігін шыңдау үшін төмендегідей есептерді шығаруға болады:

(Ұ) "Шындық па,әлде жалған ба?"әдісі

Ойынның шарты бойынша оқушылар егер айтылған сөйлем шындық болса, бармақты жоғары көтереді, ал жалған болса төмен қарай көрсетеді.

• Қарбыздың бөлігінің массасы 2 кг. Қауын 8 килограмм тартады?(жалған)

• Кесіндінің бөлігі 6 см-ге тең. Кесіндінің ұзындығы 18см (шындық)

• Тәуліктіңбөлігі 8сагат (шындық)

• Бір сағатта 65 минут бар (жалған)

"Шапалақ соғу" арқылы бағалау

Жауап берген оқушыны қалған оқушылар шапалақ соғу арқылы бағалайды.

Оқулықпен әрі қарайғы жұмыс сынып қажеттілігіне қарай құрылады.

(Ж.)№6 тапсырма кері есеп құрастыруға бағытталған.Оқушылардың кері есеп құрастыру дағдысын қалыптастырады.

Кәді өсімдігін слайдтан көрсету

а)Ұзындығы 15см кәді бірдей 5 бөлікке бөлінді.Бір бөліктің ұзындығы қаншаға тең?

1.Есепті шығару

2.Кері есеп құрастыру

ә)Бақшадан жиналған қызанақтың үштен бір бөлігі -9кг болды.Бақшадан барлығы қанша кг қызанақ жиналды?

1.Есепті шығару

2.Кері есеп құрастыру

Бағдаршам арқылы бағалау

Оқушыларға қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер беріледі.Осы түстер арқылы өздерін бағалайды. Жасыл түс-"Түсіндім",Сары түс- "Сұрағым бар", қызыл түс -"Түсінбедім"сабақты меңгеруіне қарай осы түстердің біреуін көтереді.

Әрі қарай дәптерден өзін-өзі бағалау критерийі бар тапсырманы орындау ұсынылады.

Мен:

  • – санның/шаманың бөлігін сан бойынша таба аламын:
  • – 100-ге дейінгі сандардың жартысын, төрттен бірін, үштен бірін, оннан бірін таба аламын.

Қайталау.

№ 7 тапсырма

(Т.) Бұл тапсырманы орындау оқушылардың амалдар тәртібін орындау дағдысын қалыптастырады.Оқушы амалдардың орындалу ретімен орындаса,онда қандай өрнек орындады?

1-топқа а)

2-топқа ә)

3-топқа б)

Орындалу ретіне қарай өрнектерін жаздыру.

Топтар бір-бірі шаблон бойынша бағалайды.

Үйге тапсырмаға №5 тапсырма беріледі.

Оқулық.

12-слайд

Оқулық

41–45

Рефлексия.

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу