Адами құндылықтар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.

 Айнұр мен Әлия бір сыныпта оқиды. Олар мектепке бірге барады, үй тапсырмасын бірге жасайды. Бос уақыттарын да бірге өткізеді. Айнұр – қарапайым, сабырлы қыз. Ал Әлия, керісінше, көңілді, ашық қыз. Мінездері әр түрлі, бірақ екеуі - нағыз достар.

 Бір күні өнер сабағында оқушылар ағаштың суретін салды. Сабақтың соңында балалар өздерінің суреттерін көрсетті. Әлия суретінде жасыл жапырақтарды, әдемі түрлі түсті гүлдерді салды. Сурет балаларға да, мұғалімге де ұнады. Кезек Айнұрға келді. Ол да ағаш пен гүлдердің суретін салыпты. Бірақ Айнұр ағаш жапырақтарын көк түспен бояды.

- Айнұр, сенің жапырақтарың неге көк түсті? Жапырақтардың жасыл болатынын білмейсің бе? – деп сұрады мұғалім.

- Білемін. Бірақ менде жасыл түсті қарындаш жоқ, - деп жауап берді Айнұр.

- Құрбың Әлияда бар ғой. Неге досыңнан алмадың? – деп сұрады мұғалім. Айнұр үндемеді. Әлия қызарып төмен қарады.

Екі достың мінезі қандай?

Өнер сабағында не болды?

Әлия нағыз дос па? Ойыңды дәлелде.

Оқушының аты-жөні:

тапсырмасын / құрбылар / жасау / үй / бірге

__________________________________________________________

сабағында / ағаштың / бір / салу / оқушылар / күні / өнер / суретін

__________________________________________________________

бояу / түспен / Айнұр / ағаш / жапырақтарын / көк

__________________________________________________________

өздерінің / соңында / көрсету / сабақтың / балалар / суреттері

__________________________________________________________

Дескриптор.

  • Сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • Етістіктерді өткен шақ формасында жазады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу