Адами құндылықтар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2

Құндылықтар

Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адами құндылықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін) құрастыру және оған жауап беру

4.5.1.3* өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін) құрастырады және оған жауап береді, шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін) құрастырады және оған жауап береді, өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтарды еркін (неліктен? не үшін) құрастырады және оған жауап береді, өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайтын сұрақтар құрастырады.

Сөйлеу және жазу барысында етістіктің грамматикалық категорияларын орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Құндылықтар, нағыз, шынайы, қол ұшын беру, сену, сенім арту, адал, сабырлы, достық, қарапайым

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Жүректен жүрекке». Оқушылар сабақтың басында бір-біріне тілектерін білдіреді.

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(МК) «Грамматикалық қоржын». Оқушылар берілген сөйлемдерді салыстырып, етістіктің өткен шақ формасының жасалу жолын анықтайды. Ұқсас сөйлемдер құрастырады.

(Ұ) «Кім көп біледі?» Оқушылар берілген тірек сөздер бойынша оқитын мәтіннің мазмұнын болжайды.

  • құрбылар
  • мінездері әр түрлі
  • өнер сабағында
  • қарындашы жоқ
  • қызару, ұялу

(Ж) «Оқы, біл» Оқушылар мәтінді оқып, жұпта сұрақтарға жауап береді.

Айнұр мен Әлия бір сыныпта оқиды. Олар мектепке бірге барады, үй тапсырмасын бірге жасайды. Бос уақыттарын да бірге өткізеді. Айнұр – қарапайым, сабырлы қыз. Ал Әлия керісінше, көңілді, ашық қыз. Мінездері әр түрлі, бірақ екеуі - нағыз достар. Бір күні өнер сабағында оқушылар ағаштың суретін салды. Сабақтың соңында балалар өздерінің суреттерін көрсетті. Әлия суретінде жасыл жапырақтарды, әдемі түрлі түсті гүлдерді салды. Сурет балаларға да, мұғалімге де ұнады. Кезек Айнұрға келді. Ол да ағаш пен гүлдердің суретін салыпты. Бірақ Айнұр ағаш жапырақтарын көк түспен бояған екен.

- Айнұр, сенің жапырақтарың неге көк түсті? Жапырақтардың жасыл болатынын білмейсің бе? – деп сұрады мұғалім.

- Білемін. Бірақ менде жасыл түсті қарындаш жоқ, - деп жауап берді Айнұр.

- Құрбың Әлияда бар ғой. Неге досыңнан алмадың? – деп сұрады мұғалім. Айнұр үндемеді. Әлия да қызарып төмен қарады.

Екі достың мінезі қандай?

Өнер сабағында не болды?

Әлия нағыз дос па? Ойыңды дәлелде.

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы тақырып бойынша кері байланыс жасайды.

  • мен мәтінді түсіндім.

(Ө) «Адасқан сөздер» Оқушылар сөздердің орнын тауып, сөйлемдерді дұрыс құрастырады. Етістіктерді өткен шақ формасында жазады.

  • Құрбылар / үй / тапсырмасын / бірге / жасау.
  • Бір / күні / өнер / сабағында / оқушылар / ағаштың / суретін / салу.
  • Айнұр / ағаш / жапырақтарын / көк / түспен / бояу.
  • Сабақтың / соңында / балалар / өздерінің / суреттерін / көрсету.

Дескриптор.

  • Сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • Етістіктерді өткен шақ формасында жазады.

Сабақтың соңы

5 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға береді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу