Адами құндылықтар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


Жазылымалды тапсырмасы:

(Ұ,МК) «Аққу, шортан һәм шаян» мысалымен таныстырыңыз. Орысша түпнұсқасын табуды, мысалдағы оқиға туралы өз ойларымен бөлісуді сұраңыз. «Ойлан-бірлес-талқыла» әдісі бойынша бірлік туралы өздері басынан өткерген мысалдар келтіруін сұраңыз.

Жазылым тапсырмасы:

(К) Бірігіп жазу және алдыңғы сабақта жасаған әңгіме картасын қолданып, достық, бірлік, ынтымақ туралы әңгіме жазудың үлгісін көрсетіп, өздеріне әңгіме жазуды ұсыныңыз. Ол шынайы немесе ойдан шығарылған болуы мүмкін.

Сұрақтар:

  • Суретте не бейнеленген?
  • Олар не істеді?
  • Арба орнынан қозғалды ма? Неге?
  • Осындай істерді есіңе түсір.

Жазылымнан кейінгі тапсырма:

(Ұ,Ө) «Ыстық орындық» әдісі бойынша әр топтан 1 оқушыдан шығып, өз жұмыстарын қорғайды, басқа оқушылар сұрақтарын қояды.

Тірек сөдер: осындай, тірек, оқиға, бірлік

Сергіту сәті

Оқушылардың жаңа «осындай» сөзін қайталату үшін Маржан Арапбаеваның орындауындағы "Қазақ елі осындай" әнінің қайырмасына қосылып айтуға болады.

Дескриптор

Білім алушы:

- тақырыпты ашады;

- жіктеу есімдіктерін дұрыс түрлендіріп қолданады;

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Дифференциация:

Қабілеті жоғары оқушылар әңгіме картасына сүйеніп, шынайы немесе ойдан шығарылған әңгіме жазады.

Қабілеттері төмендеу оқушылар әңгіме картасына сүйеніп және жұбының қолдауымен қарапайым әңгіме жазады.

Қазақ елі осындай

Қарашы қазақ еліме,

Қарашы қазақ жеріме,

Кең өлке - Сарыарқасы,

Береке, дән алқасы.

Мереке, ән алқасы.

Қайырмасы:

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ жері осындай!

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ елі осындай!

Арайлы, алтын таңдары,

Жайдары жарқын жандары.

Азғарлы арманы бар,

Аспанды таулары бар,

Бақшалы баулары бар.

Қайырмасы:

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ жері осындай!

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ елі осындай!

Алатау, Алтай арасы,

Еділ мен Ертіс саласы,

Үстірт пен терістігі,

Көрінбес кемістігі.

Қиырсыз кеңістігі.

Қайырмасы:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу