Мектептегі сүйікті пәндерім №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Менің мектебім»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектептегі сүйікті пәндерім №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау

2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалім көмегімен сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.

Көптеген оқушылар: тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.

Кейбір оқушылар: суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

Суретті жоспар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.

Тірек сөздер негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.

Сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

пән, менің мектебім, үлкен, кең

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Маған ... ұнайды/ұнамайды, себебі ....

Құндылықтарды дарыту

Өз мектебіне сүйіспеншілік, құрмет көрсетуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Мектептегі сүйікті пәндерім №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ,Қ) Мұғалім оқушыларды өз суреттерін көрсетуге және өз сүйікті пәндерін атауға шақырады.

Тағы да бір рет пән атауларын тізбекпен қайталау.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мектептің суретін пазлдарға бөлу, әр бөліктің артына мектеп тақырыбына қатысты сөздер жазып қою. Оқушылар пазл бөліктерін алып, сөздердің жуан немесе жіңішке екенін ажыратады.(алма, мұғалім, оқушы, сабақ, тақта, қияр, күнделік, қалам, пәндер, оқулық)

Оқушылар пазлды құрастырып мектептің суретін шығарады.

Шапалақ соғу арқылы сөздердің дұрыс/ бұрысын анықтайды.

Сабақтың ортасы

Оқулықта берілген Балпанақтың мектебімен танысады. Оның мектебін сипаттайды.

Балпанақтың мектебін сипаттау негізінде өз мектептерін сиапаттап дәптерге жазады.

Дескриптор:

  • Сипаттау сөздерін қолдана алады.

Менің мектебім

Менің мектебім өте әдемі. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатта үлкен асхана, спорт залы бар. Екінші қабатта Мәжіліс залы және оқу қабинеттері орналасқан. Үшінші қабатта кітапхана бар. Мен мектебімді жақсы көремін.

(Ж) Анықтайық

Жанында

Артында

Астында

Алдында

Үстінде

(Ж) Жптар бір-біріне сұрақтар қояды:

  • Сенің мектебің қандай?
  • Мектеп неше қабатты?
  • Бірінші қабатта нелер бар?
  • Екінші қабатта нелер орналасқан?
  • Үшінші қабатта не бар?

Мәтінді дәптерге жазып болған соң, тірек сөздердің астын сызып қою.

Дескриптор:

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
  • Тірек сөздерді тауып астын сызады.

Үйге тапсырма: «Менің мектебім» мәтінін мазмұндау.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сәйкес сөздерді қолданып, пәнді не себепті ұнататындарын айтады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалім үлгісіне сүйене отырып, өз сүйікті пәндерінің суретін салуға және пәнді атауға тырысады.

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сәйкес сөздерді қолданып, пәнді не себепті ұнататындарын айтады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалім үлгісіне сүйене отырып, өз сүйікті пәндерінің суретін салуға және пәнді атауға тырысады.

Дескрипторлар арқылы бағалау.

Сұрақтар-жауап арқылы бағалау

Ұжымдық, жұптық жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу