Мектептегі түрлі жағдайлар туралы жазу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Менің мектебім»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектептегі түрлі жағдайлар туралы жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Бағалау критерийлері

Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мен…ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Мен… біршама ұнатамын, Мен… шынымен ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Менің сүйікті пәнім… .

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша ..., Біздің ойымызша...

Құндылықтарды дарыту

Үзіліс кезінде тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Сергіту сәті

Бастапқы білім

Мектептегі түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

Фонетикалық жаттығу.

Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға жаз.

Сабақтың ортасы

(Ұ) Оқушыларды жазу әрекетіне дайындау үшін «Мектеп» тақырыбына қатысты сөздікті қайталау; «Мектеп сөздігі» әліпби ойыны. Оқушылар шеңбер бойлай отырып, әліпби ретімен кезек-кезек мектепке қатысты сөздерді айтады. Мысалы, әліпби, кітап, дәптер, есік, компьютер. Сөз таба алмай қалған оқушы ойыннан шығып отырады. Соңғы қалған үшеуі – жеңімпаз.

(МК) Үлгі бойынша мектеп пәндері туралы біраз сөйлем айту және жазу. Мысалы, Мен…ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Мен… біршама ұнатамын, Мен… шынымен ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Менің сүйікті пәнім… .

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

(Ж) Жұптарда оқушылар келесі тапсырманы жазуға дайындалу үшін қай пәнді ұнататынын/ ұнатпайтыын т.б. талқылайды.

(Ө, Қ) Мұғалім. Көрсеткен үлгіні қолдана отырып, мектеп пәндері туралы сөйлемдер жазады.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жай сөйлемдерде бас әріптер мен нүктелерді және сұрақ белгілерін қолдану арқылы өздерінің жеке әңгімелерін жаза алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар суретті әңгімені бір немесе екі сөйлеммен жаза алады.

Сабақтың соңы

Смайликтер арқылы кері байланыс беру:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жай сөйлемдерде бас әріптер мен нүктелерді және сұрақ белгілерін қолдану арқылы өздерінің жеке әңгімелерін жаза алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар суретті әңгімені бір немесе екі сөйлеммен жаза алады.

Бір-біріне құрмет көрсету



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу