Жексеннің мектептегі бір күні. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

  • САБАҚ: №7
  • Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні: М.Б.Тулегенов
  • Сынып: 5
  • Қатысқан оқушылар саны: 10
  • Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жексеннің мектептегі бір күні

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдептілік туралы өз пікірін білдіре алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Қосымша ақпарат көздерінен мәліметтерді таба алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кейіпкерге (адамға) әсер ететін факторларды анықтай алады

 Бағалау критерийі

Қосымша ақпарат көздерінен мәліметтерді ала біледі

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тәртіпсіз , мазақ , жалтақтап, мезет, желім, төгіп, жабысты, қылық, кедергі, сызады, жыртады, түртеді, мазақ етеді.

Диалог құруға жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .....

Мен былай толықтырар едім ........

Маған қиын болды.........

Мен орындай алдым .......

Алдыңғы оқу

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу дағдылары қалыптастырылды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

"Жалғастыр"ойыны"Не істеуге болмайды?". Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.а) Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.б) Есікті керуге болмайды.в) Кешкі мезгілде ұйықтауға болмайды.г) Ауызды ашып есінеуге болмайды.д) Қатты дауыс көтеріп күлуге болмайды.ж) Үйге жүгіріп кіруге болмайды.

"Не істеу керек?"деп жазылып көрсетіледі.Бұл да сол сияқты жүргізіледі.а) Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсету керек.б) Үлкендерге қол беріп сәлемдесу керек.в) Аналар мен қыздарды құрметтеу керек.г) Қателігіңді әрқашан мойындау керек.д) Досқа адал болу керек.ж) Үлкендердің айтқан ақылын тыңдау керек.

ТЖ. Оқылымалды тапсырма.

Тақырыпқа қатысты сөздікпен жұмысты орындайды.

Тәртіпсіз , мазақ , жалтақтап, мезет, желім, төгіп, жабысты, қылық, кедергі, сызады, жыртады, түртеді, мазақ етеді.

Оқылым тапсырмасы:

«Жексеннің желімі» әңгімесін оқиды.

Жексеннің желімі Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды,жан- жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалиманың көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді. Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені оның қайшысы да, желімі де жоқ... Бір кезде мұғалима апай қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен оның партасының отырғышына желім төгіп қойды. Жабысып қалып, күлкі болсын дегені. - Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде. - Жасаған жоқпын, - деді бұл. - Апай, оның желімі, қайшысы жоқ, - деді Зағипа. - Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай. – Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын. Жексеннің жүрегі су етті. Әйтсе де амал жоқ, сездірмеуге тырысты.Отырды... Сабақ бітті. Оқушылар у-шу болып, сыртқа шықты.Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды. Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады. Шалбары отырғышқа жабысып қалыпты. 

(«Балдырған» журналынан.)

ЖЖ.

1.Мәтіннен тірек сөздерді табыңыз.

2.Мәтінге жай жоспар құрыңыз.

Қағаз,

қалам

5 минут

5 минут

5 минут

Оқылымнан кейінгі тапсырма: Оқушылар топта берілген сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.

ТЖ.

1-топ: Неліктен мәтін «Жексеннің желімі» деп аталады деп ойласыздар?

2-топ: «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген мақалды қалай түсінесіздер?

«Даналық сөзден дән ізде» кезеңі

Топтарға нақыл сөздер беріледі. Нақыл сөздердің мағынасын ашады.

Әдепті бала өсірсең - ауылдың абыройы.Ақылды жігіт өсірсең - атырабыңның абыройы.

Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі - көп кешікпей келгені.

Бағалау

«Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім...»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?» деген тақырып боцынша балалар өз ойларын 3-4 сөйлеммен жеткізеді.

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу