Алдар көсе. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Күні: Сынып: 1 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: А.Н.Баримбекова, Г.Т.Жакупова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Алдар көсе | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | О1. Зейін қойып оқу. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Ж1.Әртүрлі стильде жазу. Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді, білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Көптеген оқушылар: таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді, білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады, сұрақ қояды. Кейбір оқушылар: таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді, білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады, сұрақ қояды, сөйлем құрастырады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: өмір сүріпті, суық, қатты, жыртық, киініпті, тоңыпты, тон, сатшы, мақтау, алдау, айырбастау. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: – Мынау кім?
... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілікке тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиет | |||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||
Бастапқы білім | «Қожанасыр» ертегісін қайталау. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Қандай ертегілер білетіндерін сұрау. Онда қандай кейіпкерлер бар? Сүйікті ертегісін әңгімелеу. | |||||
Сабақтың ортасы | Сөздікпен жұмыс: өмір сүріпті, суық, қатты, жыртық, киініпті, тоңыпты, тон, сатшы, мақтау, алдау, айырбастау. Жеке жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Алдар көсе Ерте заманда Алдар көсе өмір сүріпті. Ол қыстың суық күнінде жолға шығыпты. Оның тоны жыртық екен. Қатты тоңыпты. Жолда оған Бай кездесіпті. Бай жылы, қалың киініпті. — Сен, немене, тоңған жоқсың ба? — дейді бай. — Жоқ, - дейді Алдар көсе. — Сенің тоның жыртық қой, тоңбадың ба? — Тоным жылы. — Тоныңды маған сатшы, - дейді Бай. — Жоқ, бере сата алмаймын, өзім тоңамын ғой. — Мен саған өз тонымды, атымды беремін – дейді Бай. Алдар көсе Байды алдап, өз тонын мақтап ауыстырып алады. Тапсырма:
Кітаппен жұмыс. | http://erketai.kz | ||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында мұғалім рефлексия жүргізеді. Үйге тапсырма: сөздерді жаттау, ертегіні мазмұндау. | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру