Үлкендерді сыйлаймын № 11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үлкендерді сыйлаймын № 11

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде жіктік жалғаулы сөздерді қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады, мәтінді сәйкес интонациямен оқиды, сөйлеуде /жазуда жіктік жалғаулы сөздерді орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Тақырып бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, өз ойларын білдіреді.

Бағалау критерийлері

- мәтінді мәнерлеп оқиды;

- тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады;

- сөйлеуде /жазуда жіктік жалғаулы сөздерді дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Сыйлау

Грамматикалық минимум

Жіктеу есімдіктері

Мен, сен, сіз, ол

Құндылықтарды дарыту

Үлкендерді сыйлау керектігін ұғыну

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

І бөлім. Ақылды Мирас № 10

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)

Тілді жаттықтыру.

Ойын: «Мен ... сыйлайымын!»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне кімді сыйлайтынын айтып, қағаздан жасалған немесе ойыншық жүректі береді.

Мысалы: Мен атамды сыйлаймын, мен әжемді сыйлаймын, мен әкемді сыйлаймын, мен анамды сыйлаймын, мен досымды сыйлаймын, т.б.

Қызығушылықты ояту:

(Ұ) Сөздік қорды белсендіру. Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтады.

«Не істеу керек?»- Үлкен кісіні ....................... (сыйлау керек)- Үлкеннің тілін ................... (алу керек)- Үлкендерге ......................... (сәлем беру керек)- Кішілерге ............................ (қамқор болу керек)

«Не істеуге болмайды?»- Үлкендердің алдынан ...... (кесіп өтуге болмайды)- Кішкене баланы ................ (ренжітуге болмайды)- Құстарды ........................... (атуға болмайды)- Сабақтан ............................. (кешігуге болмайды)(Қимыл, дыбыс, мимика арқылы көрсету)

Оқушылар суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- мәтінді мәнерлеп оқимын;

- тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырамын;

- жалғауларды дұрыс байланыстырамын.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2

Таныстырылым № 3, 4, 5

Сабақтың ортасы

25 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөзді меңгерту: Сыйла, ата-ана

1. Сөздің мағынасын синонимдері арқылы түсіндіру

Сыйлау - құрметтеу, қастерлеу, қадірлеу

Ата-ана – әке-шеше

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- сөздерді мәнерлеп оқып беру;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

Үлкенді сыйлаатаны сыйлау, досты сыйлау.

4. Сөйлемдер құрастыру.

Мен әрқашан ата-анамды сыйлаймын.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 

Грамматикалық қоржын

(Ұ, МК) Жіктік жалғауларын қайтала.

Жіктік жалғауы — қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылады, ол сөз бен сөзді байланыстырады .

Мысалы:

Мен сыйлай+мын Біз сыйлай+мыз

Сен сыйлай+сың Сендер сыйлай+сың+дар

Сіз сыйлай+сыз Сіздер сыйлай+сыз+дар

Ол сыйлай+ды Олар сыйлай+ды

(Ж) Оқушылар жіктік жалғауларын қолданып, тақырып бойынша диалог құрастырады.

- Сен ата-анаңды сыйлайсың ба?

- Иә, мен ата-анамды сыйлаймын.

- Ата-анаңды қалай сыйлайсың?

- Мен ата-анама жиі көмектесемін, тыңдаймын.

- Жарайсың!

- Біз інім екеуіміз ата-анамызды сыйлаймыз!

Кері байланыс: Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдау, мадақтау «Жақсы! Тамаша! Керемет!»

(Т) Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ «Ассоциация картасы» әдісі арқылы сызбаны толтырады, өз ойларын ортаға салады:

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті

Аталар, Апалар,

Әжелер, Балалар -

Ағалар, Әр үйде

Әпкелер, Бар олар. (Әли Ысқабай)

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)

) Мәтінді оқиды. Кестені толтырады.

Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Ол ертеден келеді. Үлкенді сыйлау - әке мен ананы сыйлаудан басталады. Ата-ана балаға өмір береді, тәрбиелейді, білім береді. Оған сенім артады. Кейін бала ата-анасына қамқоршы болады. Ата-ананы сыйлау - әр баланың парызы.

(Ө) «Дұрыс/Бұрыс» кестесін толтыру

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Үлкенді сыйлау - қытай халқының салты.

Үлкенді сыйлау - досымды сыйлаудан басталады.

Ата-ана балаға кәмпит береді.

Ата-ана балаға сенім артады.

Ата-ананы сыйлау - әр баланың парызы

Кері байланыс: Оқушылар өз жұмыстарын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, тексереді. «Смайликтер» арқылы бағалайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

) Мәтін бойынша сұрақ қояды. Жіктік жалғауларын қолданады.

Қолданатын сұрақтар: қандай? қай? қашан? қайда?

Үлгі: Қазақ халқының қандай ата салты бар?

Дескриптор:

  • мәтінге қатысты сұрақтар құрастырады;
  • жіктік жалғаулы сөздерді қолданады.

Бағалау:

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма? Неге?

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7

Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия: «Алма ағашы»

Оқушылар түрлі-түсті алмаларды ағашқа жабыстырады.

Қызыл алма – бәрі түсінікті

Жасыл алма – сұрақтарым бар

Сары алма – түсініксіз

Үй жұмысы:

Сенің отбасында қандай дәстүрлер бар? (Әңгімеле)

Таныстырылым № 14

Таныстырылым № 15

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу