Проблеманы анықтау. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Проблеманы анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

Сабақ мақсаты

  • проблеманы шешудің кезеңін блок-схема түрінде сипаттай алу
  • проблеманы шешуде айнымалы және тұрақтыларды сипаттау алу
  • проблемаларды шешу үшін енгізу және шығару мәліметтерін қолдана білу
  • проблеманы шешу үшін алгоритмдік құрылымдарды тиімді пайдалану

Бағалау критерийлері

  • проблеманы шешу үшін блок-схема құрады
  • проблеманы шешуде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтайды, тиімді қолданады,
  • проблеманы шешу үшін алгоритмдік құрылымды таңдайды, тиімді пайдаланады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • Кодтау/ программалау, кезеңдер, жзобаны құрастыу, блок-схема, отчет/ жобаның, слайды/презентация

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Мен өз жобам үшін келесі шешімді таңдадым ...
  • Менің жобамның өзектілігі - бұл ...
  • Бұл есепті шешу үшін мен ... программасын таңдадым.
  • Бұл есепті шешу үшін келесі айнымалыларды қолданғым келеді ...

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, өзара оқыту, өзін-өзі тану. Бұл құндылықтар өз жобаңызды дамыту кезінде сабақ барысында жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Жобаны әзірлеу үшін әртүрлі тақырыптық бағыттар таңдалды

Бастапқы білім

Программалау тілінде программа кодын жазу

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

    • мин
  • Миға шабуыл: блиц-сауалнама1) Программа дегеніміз не?2) Айнымалы мәннің тұрақты мәннен ерекшілігі неде?

3) Қандай алгоритмдік құрылымдарды білесіз? Олардың қолданылуы

Презентация

Сабақтың ортасы

6-10 мин

11-30 мин

31-36 мин

  • Жаңа тақырып: (Ж) Миға шабуыл
  • оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау
  • оқушылардың "жақын даму аймағын" анықтау ;
  • Жұппен жұмыс істеу (қалыптастырушы бағалау)

Оқушылар жұппен келесі 1 есепті таңдап, шығару жолын талдайды

  • Экранға [-10,10] аралығынан 20 кездейсоқ санды ретімен шығару. Осы тізбектегі мәні «-5» үлкен сандардың санын анықтау қажет
  • Минималды мәні 300-ден артық санды тап, бұл сан 19-ға бөлінуі қажет.

Дескрипторлар:

  • бір тапсырманы таңдап, блок-схема құру
  • тапсырмадағы айнымалыларды анықтап, сипаттау
  • қандай алгоримтмдік құрылымды таңдауға болады, неліктен?

Өзара бағалау. Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі және өзара бағалау жүргізеді: оқушылар жұмыстарның нәтижесін бір-біріне түсіндіреді

Презентация

Таратпа 1

Сабақтың соңы

37-40 мин

  • Ауызша рефлексия.

Не жақсы жасалды? Қандай сұрақтар пайда болды?

Презентация

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу