Соңғышартты цикл. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Соңғышартты цикл
Циклдік алгоритмнің тағы бір түрі – шартты цикл денесі орындалған соң тексеретін алгоритм. Сондықтан, бұл шартты – шартты циклдің аяқталуы деп атауымызға да болады. Циклдің бұл түрі- соңғышартты цикл деп аталады.Бұл жағдайда цикл шарттың нәтижесі «жалған» (false) болғанша қайталанады, яғни шарт орындалғанға дейін жалғаса береді. Егер шарт бірден ақиқат болса, онда цикл кем дегенде 1 рет орындалады.
Соңғышартты циклдің сипаттамасы
Жалпы блок-схема
Циклдің орындалуы логикалық шарттың нәтижесі «жалған» болғанша жалғаса береді. Егер логикалық шарт орындалса, онда циклдан шығу орындалады.
Мысал:
Келесі есепте сандар біртіндеп енгізіледі және енгізілген сандардың қосындысы табылады. Қосынды бірінші теріс сан енгізілгенше жалғаса береді
Алгоритмнің блок-схемасы:
Енгізілген сандардың қосындысын соңғышартты цикл арқылы бірінші теріс санға дейін табатын алгоритм блок-схемасы
ТАПСЫРМАЛАР: келесі тапсырмаларды соңғышартты циклді пайдалана отырып блок-схема арқылы шығарыңыз
№1 тапсырма:
Екі санды енгізіңіз (мысалы, A = 5 және B = 8) және олардың көбейтіндісін тек қосу операциясы арқылы табыңыз.
№ 2 тапсырма:
Екі санды енгізіңіз (мысалы, A = 45 және B = 8) және олардың бөліндісін (айнымалы A) тек қана алу операцияысн қолдана отырып табыңыз.
№ 3 тапсырма:
Экранға [-10,10] аралығына жататын 20 кездейсоқ сан шығады. Олардың ішіндегі -5-тен кіші теріс сандардың санын анықтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру