Соңғышартты цикл. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.
СОҢҒЫШАРТТЫ ЦИКЛ
Сабақ мақсаттары:
1. есептің алгоритмдік моделін соңғышартты цикл арқылы құру 2. блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құру 3. программалау тілінде соңғышартты циклді пайдаланып есептер шығару
Цикл - бұл операторлардың (командалардың) бірнеше рет орындалатын тізбегі.
Циклдық алгоритм - бір немесе бірнеше циклден тұратын алгоритм.
Соңғышартты цикл – Шарт цикл соңында тексерілетіндіктен қайталау операторы ең болмағанда бір рет орындалады. Циклдің орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылды.
Соңғышартты циклді қандай жағдайларда таңдау қажет?
- Егер қайталану саны алдын-ала белгісіз болса, яғни цикл орындалуына қарай анықталатын жағдайда соңғышартты циклді пайдалануға болады
- Егер бірінші ретте шарттың орындалу немесе орындалмауына байланыссыз цикл орындалуы тиіс болса, соңғышартты цикл таңдалады
Соңғышартты цикл Repeat (Қайталау, Цикл ДО)
Соңғышартты цикл
Цикл шарт әзірге жалған болғанша орындала береді
Жалпы түрі:
Repeat
…<Цикл денесі>
Until <шарт>;
Мысал: Пернетақтадан енгізілген барлық сандарды (1.. N) шығару
program example_repeat;
var
i, N: integer;{ айнымалыларды жариялаймыз}
begin
i := 1; { Айнымалы i мәніне 1 меншіктейміз }
readln(N); { соңғы санды санаймыз }
repeat {repeat соң begin және end қажет емес}
write(i, ' '); {i шығарамыз}
Inc(i); {айнымалы i мәнін 1 бірлікке арттырамыз.}
until i >=N; {Мысалы,i = 11,а N = 10. Цикл тоқтайды, себебі шарт true.}
end.
Тапсырма:
REPEAT соңғышартты циклін пайдалана отырып, " Пернетақтадан сандарды енгізуді бастаңыз және енгізілген бірінші теріс санға дейінгі қосындыны анықтаңыз"
- Блок-схемасын сызыңыз және осы циклдың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- Программалау тілінде кодын жазып, тексеріңіз
ТАПСЫРМАЛАР
- Экранға [-10,10] аралығынан 20 кездейсоқ санды ретімен шығару. Осы тізбектегі -5 мәнінен үлкен сандардың санын анықтауқажет
- Минималды мәні 300-ден артық санды тап, бұл сан 19-ға бөлінуі қажет.
- бір тапсырма үшін блок-схеманы құрастырады
- екінші тапсырма үшін соңғышартты циклді қолданып программа жаз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру