Процессор және оның сипаттамалары (жалғасы). Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Процессор және оның сипаттамалары (жалғасы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 қарапайым деңгейінде процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру

Сабақ мақсаты

процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын оқып үйрену

Бағалау критерийлері

- процессордың қызметін біледі;

- процессордың құрамына кіретін құрылғыларды біледі;

- процессордың сипаттамаларын біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- процессор қызметін түсіндіре алады және оның негізгі сипаттамаларын атай алады.

Пәндік лексика және терминалогия

процессор, ядролар саны, тактілік жиілік, разрядтылық, кэш-жады көлемі

Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер

Процессордың негізгі сипаттамаларына …………... жатады.

…………………… қамтамасыз ететін, процессор функцияларының бірі ……………болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай тұлғаның дамуы болып табылады.

Топтық жұмыстың нәтижелерімен алмасу оқушылардың «сыйластық» (қойылған міндеттердің негізінде нәтижелерді бағалау кезіндегі ақ ниеттілігі, өзара қолдаушылық), «еңбек пен шығармашылық», «адалдық» сияқты құндылық маңыздылығы мен терең ойдың көрнекілікпен көрсетілуіне мүмкіндік береді. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика (екілік санау жүйесі)

Бастапқы білім

компьютердің негізгі құрылғылары және олардың өзара әрекеті, компьютердің жады түрлері және олардың қызметі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

  • Негізгі түсініктерді жандандыру. Жеке жұмыс

Компьютер құрылғыларының өзара әрекетін қайталау мақсатында келесі тапсырма ұсынылады. Тапсырма орындалып біткеннен кейін, сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады.

Тапсырма.

1. Фон Нейман архитектурасына сәйкес негізгі компьютер құрылғыларының өзара әрекетін көрсетіңіз.

2. Сызба бойынша процессор компьютердің барлық құрылғыларын қалай басқаратындығын сипаттаңыз.

__________________________________________________________ __________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

Бағалау түрі: Өзін-өзі бағалау. Тапсырма орындалғаннан кейін тапсырманың дұрыс жауабын ұсынады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Қажет жағдайда сұрақ қойып, пікір алмасады.

Дескрипторлар:

- процессор құрамына кіретін құрылғыларды біледі;

- фон Нейман архитектурасына сәйкес негізгі компьютер құрылғыларының өзара әрекетін көрсетеді;

- процессордың жұмысын сипаттай алады.

8_сынып_Бөлім 8.1A(4 сабақ)_Презентация

(1-4 слайдтар)

Сабақтың ортасы

6-25 мин

  • Топтық жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлу.

Оқушыларға интернет желісін қолдана отырып, процессор сипаттамаларын қарастыруды ұсынады (разрядтылық, тактілік жиілік, ядролар саны). Екі түрлі процессордың сипаттамаларының тізімін жасап, оларды салыстыруды ұсыну. Барлық жұмыс постерға орындалады

Құндылықтар – еңбек және шығармашылық, сыйластық, ынтымақтастық, өмір бойы оқу.

http://www.compbegin.ru/artbegin/view/_69

http://cpu-control.ru/harakteristiki-protsessora/

http://computerstory.ru/?p=1116

Презентация

(5 слайд)

26-32 мин

  • Жұмысты қорғау. Топтық жұмыс. Әр топ өз жұмысын сынып алдында ұсынады. Топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы пікір алмасады, бірін-бірі бағалайды.

Бағалау түрі: Бірін-бірі бағалау.

Дағды: Білу және түсіну

Дескрипторлар:

- процессордың қызметін біледі;

- процессордың түрлерін біледі;

- процессордың құрамына кіретін құрылғыларды біледі;

- разрядтылық, тактілік жиілік, ядролар санының не екенін біледі;

- процессордың негізгі сипаттамаларын біле отырып, процессордың әр түрлі модельдерін салыстыра алады.

Әр топтың жұмысы

Презентация

(6 слайд)

33-38 мин

  • Жеке жұмыс.

Оқушыларға компьютер сыныбындағы компьютерлерге орнатылған процессор моделін, жалпы сипаттамасын қарастыруды ұсынады. Дәптерге жазып алуды ұсынады.

Компьютер

Сабақтың соңы

39-40 мин

  • Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға стикер таратады. 2 жұлдыз, бір тілек бойынша оқушылар сабақ бойынша сұрақтарын, тілектерін жазуды ұсынады. Сабақты қорытындылайды.

Стикер

Презентация

(7 слайд)

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.

Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу