Процессор және оның сипаттамалары. Информатика, 8 сынып, презентация, 1 сабақ.


Компьютер құрылғыларының ішіндегі ең маңызды құрылғынсын атаңыз және ол туралы не білесіз

Сабақтың тақырыбы:

Процессор және оның сипаттамалары

Сабақтың мақсаты:

процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын оқып үйрену

Аппараттық қамтамасыз ету архитектурасы дегеніміз не?

Ақпараттық қамтамасыз ету архитектурасы дегенімізкомпьютердің ішкі құрылғылары және оған қосылатын енгізу құрылғылары (пернетақта, тышқан сияқты) мен шығару құрылғылары (монитор) болып табылады. Компьютердің ішкі құрылғылары - шинамен біріктірілген есептеу және басқару құрылғылары. Олар: процессор, жедел жады және қатқыл диск. Шина әрбір компоненттерді бір күрделі жүйеге біріктіреді, сондықтан шинасыз олар жұмыс істей алмас еді. Процессор компьютердің негізгі жұмысының жылдамдығын анықтайды.

Тапсырма:

Екі сан берілген. Олардың қосындысын жіне айырмасын табыңыз және сандық түрде көрсетіңіз.

Енгізу мәліметтері: a, b

А+В=?

А-В=?

Жауап: Сандық мәліметтер жоқ.

Ал егер a=6, b=5?

11, 1

Сұрақтар:

1. Есептеу алдында не істейсіңдер?

2. Мәліметтерді еске сақтағаннан кейін не істейсіңдер?

3. Есептегеннен кейін не істейсіңдер?

Видео: Почемучка.mp4

Сұрақтар:

1. Процессор неден тұрады?

2. АЛҚ (арифметикалық-логикалық құрылғы) не үшін қажет?

3. БҚ (басқару құрылғысы) не үшін қажет:

4. Басқару құрылғысын не басқарады және ол қайда орналасқан?

Процессорбұл компьютердің негізгі бөлігі. Ол:

арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды

есептеу процесін басқарады;

компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын ұйымдастырады.

Процессор

Тапсырма

Мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару құрылғыларының өзара әрекетін көрсететін сызба (схема) сызыңыз. Жады түрлерін және олардың атқаратын қызметін көрсетіңіз.

Дескрипторлар:

- мәліметтерді енгізу құрылғыларын біледі;

- мәліметтерді өңдеу құрылғысын біледі;

- мәліметтерді шығару құрылғыларын біледі;

- жады түрлерін біледі;

- жады түрлерінің атқаратын қызметтерін біледі;

- мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару құрылғыларының өзара әрекетін көрсететін сызбаны салып көрсетеді.

Процессорлар бағдарламар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады

Д. фон Нейман 1946 жылы компьютер құрылымының сызбасын ойлап тапты.

Фон Нейман архитектурасы — кеңінен танымал командалар мен деректерді компьютер жадында  бірлесіп сақтау принципі.

1. Процессор дегеніміз не?

2. Процессордың құрамына қандай құрылғылар кіреді?

3. Арифметикалық-логикалық құрылғы не үшін қажет?

4. Басқару құрылғысы не үшін қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу