Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


Дидактикалық материал

Сыныппен есеп шығару

Шешуі: және қиылысатын түзулері қандай да бір жазықтықты анықтайды(аксиомалардың 2-ші салдары). түзуіне параллель және осы жазықтықта жататын және С нүктесі арқылы өтетін жалғыз түзу болады. Бұдан нүктелері бір түзудің бойында жатады. болғандықтан

Топтық жұмыс

Оқушыларды үш топқа бөліңіз(егер сыныпта оқушылар саны көп болса 6 топқа бөлуге болады). Әр топ есептің шешуін постерге жазады. Кейін оқушылар, топта әрбір есепті шығарған оқушылар болатындай, жаңадан топқа бөліңіз. Есептерді оқушылар өзара талдайды. Әрбір оқушы өзінің шығарған есебін түсіндіреді.

1. Суретте M, N,Q және P нүктелері - DB, DC, AC және AB кесінділерінің орталары. Егер AD = 12 см, BC = 14 см. MNQP төртбұрышының периметрін анықтаңыз.

2. АВС үшбұрышының АВ және АС қабырғаларынан D және Е нүктелері, DE=5 см және BD:DA = 2:3 болатындай, белгіленген. α жазықтығы DE кесіндісіне параллель, В және С нүктелері арқылы өтеді. ВС кесіндісінің ұзындығын анықтаңыз.

3. Бір жазықтықта жатпайтын ABCD параллелограмы мен табаны ЕК болатын ABEK трапециясы берілген.

а) CD және EK түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз.

б) егер трапецияға іштей шеңбер сызуға болатын болса және AB =22,5 см, EK = 27,5 см екені белгілі болса трапецияның периметрін анықтаңыз.

Топтық жұмыстан кейін тақырыпты бекітуді бағалау мақсатында оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

1.кеңістіктегі екі түзу параллель деп аталады, егер

  • Олар бір жазықтықта жатса;
  • Олар бір жазықтықта жатса және қиылыспаса;
  • Олар бір жазықтықта жатпаса;
  • Олар бір жазықтықта жатпаса және қиылыспаса.

2. Егер параллель түзулердің біреуі берілген жазықтықты қиып өтетін болса, онда

  • Екінші түзу де жазықтықты қиып өтеді;
  • Екінші түзу жазықтыққа параллель болады;
  • Екінші түзу жазықтықта жатады;
  • Дұрыс жауап көрсетілмеген.

3. Кубтың параллель болатын қабырғаларының жұбын көрсетіңіз.

  • AB және AB₁; ADжәне BD
  • BCжәне BD₁; BCжәне BC
  • ABжәне AB; AB және BC
  • AD және BC₁ ; AB және DC

4. Егер екі түзу үшінші түзуге параллель болса, онда олар ...

  • айқас түзулер;
  • параллель түзулер;
  • үш түзу де бір жазықтықта жатады;
  • Дұрыс жауап көрсетілмеген.

5. Параллель түзулердің екеуін де қиып өтетін барлық түзулер ...

  • Бір жазықтықта жатады;
  • Бір жазықтықта жатпайды;
  • Ортақ нүктесі болады;
  • Ортақ нүктелері шексіз көп болады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу