Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, презентация, 2 сабақ.


Қиылысатын түзулер

Анықтама. Егер екі түзудің ортақ нүктесі болса, онда олар қиылысатын түзулер деп аталады. Екі түзудің ортақ нүктесі жалғыз болса түзулер қиылысады, ортақ нүктесі бірнеше болса түзулер беттеседі.

Анықтама. Кеңістіктегі екі түзу параллель деп аталады, егер олар бір жазықтықта жатса және қиылыспаса.

Параллель түзулер

Анықтама. Кеңістіктегі екі түзу айқас деп аталады, егер түзулер бір жазықтықта жатпаса.

Айқас түзулер

Бөлім: 10.1А Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың орналасуы.

Тақырып: Екі түзудің кеңістіктегі өзара орналасуы

Сабақтың мақсаты:

10.2.3 - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері:

кеңістіктегі екі түзудің орналасуын анықтайды;

кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін біледі;

кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін қолданады.

1 қасиеті

Егер параллель түзулердің біреуі жазықтықпен қиылысатын болса, онда екінші түзу де осы жазықтықпен қиылысады.

2 қасиеті

Егер бір жазықтықта жататын екі түзу үшінші түзуге параллель болса, онда бүл түзулер өзара параллель.

3 қасиеті

Екі параллель жазықтықтың үшінші жазықтықпен қиылысуынан пайда болған қиылысу түзулері, өзара параллель болады, α||β; p||q

4 қасиеті

Егер әртүрлі жазықтықта жататын екі түзу үшінші түзуге параллель болса, онда бүл түзулер өзара параллель.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу