Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1А Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың орналасуы. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы(1 сабақ) | ||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты оқу және бекіту | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.2 - кеңістіктегі параллель және айқас түзулердің анықтамаларын білу және оларды анықтау және кескіндеу | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | - кеңістіктегі екі түзудің орналасуын білу; - сурет бойынша параллель және айқас түзулерді анықтайды; - параллель және айқас түзулерді бейнелейді. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - кеңістіктегі екі түзудің орналасуын анықтайды; - дайын сызбалар арқылы түзулердің кеңістікте түзулердің орналасуын анықтайды; - параллель және айөас түзулерді анықтайды. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттар: дұрыс математикалық терминдерді қолданады және кеңістіктегі екі түзудің орналасуын сипаттайды. Пәндік лексика мен терминология: нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер, қиылысатын түзулер, айөас түзулер. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Денсаулық, құрмет, сыйластық | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ (презентация РРТ) | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен жұмыс | ||||||||||
Бастапқы білім | Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі қарапайым фигуралар | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Ұйымдастыру. Бастапқы білімді еске түсіру. Өткен материалды қайталау Есептің шарты мен делелдеуімен оқып танысыңыз. Қажетті сөздерді қойыңыз. Үш нүкте суреттегідей кесінділермен қосылған. Барлық кесінділер бір жазықтықта жататынын дәлелдеңіз. Дәлелдеу: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте арқылы _____________ жүргізуге болады және ол ___________болады. АВ түзуі α жазықтығында жатады, себебі түзуге тиісті ___________ α жазықтығында жатады. | Слайд 1 | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 12 мин 5 мин 10 мин 2 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру Келесі сұрақтарды оқушылармен талдау: Жазықтықта түзулер қалай орналасуы мүмкін? Ал кеңістікте? Күнделікті өмірден түзулерге мысал келтіріңіз. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, сабақ мақсатымен жіне бағалау критерийлерімен таныстыру. Оқушылардан түспен боялған түзулердің өзара орналасуын анықтауды сұрау. Талдау барысында екі түзудің бір жазықтықта жатпауы мүмкіндігіне оқушылардың назарын аудару. Презентация арқылы кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуының классификациясын көрсету. Көрсетілген слайдтарға сүйене отырып, оқушылардан қиылысатын, параллель және айқас түзулердің анықтамасын берілген сурет бойынша құрастыруды сұрау. Қиылысатын түзулер Анықтама. Егер екі түзудің ортақ нүктесі болса, онда олар қиылысатын түзулер деп аталады. Екі түзудің ортақ нүктесі жалғыз болса түзулер қиылысады, ортақ нүктесі бірнеше болса түзулер беттеседі. Параллель түзулер Анықтама. Кеңістіктегі екі түзу параллель деп аталады, егер олар бір жазықтықта жатса және қиылыспаса. Айқас түзулер Анықтама. Кеңістіктегі екі түзу айқас деп аталады, егер түзулер бір жазықтықта жатпаса. Түзулердің кеңістікте орналасуын бекіту үшін, оқушыларға салайдтардағы тапсырмаларды ұсу. Оқушыларға жұпта келесі 6 тапсырманы орындауды ұсыну. Кейін сыныпта жауаптар мен дәлелдеуін талқылаңыз. Тапсырма 1. ABCDA1B1C1D1 куб. АВ түзуіне параллель түзулерді анықтаңыз. Жауабы: A1B1; CD; C1D1 Тапсырма 2 ABCD тетраэдр. AB және CD түзулері параллель болады ма? Жауабы: жоқ. Тапсырма 3 ABCA1B1C1 үшбұрышты призма. AA1 түзуіне параллель түзулерді анықтаңыз. Жауабы: BB1, CC1. Тапсырма 4 ABCD тертаэдрінің айқас қабырғаларын анықтаңыз: Жауабы: AB и CD; BC и AD; AC и BD Тапсырма 5 Копжақтың AA2 қырына айқас қырларын анықтаңыз. Жауабы: BC, CD, B1C1, A1D1, B2C2, C1D1, C2D2 Тапсырма 6 Суреттегі түзулер өзара қалай орналасқан? Жауабы: Айқас. Өткен материалды бекітуді тексері үшін оқушыларға тест тапсырмаларын орындауды ұсыныңыз. | Слайд 2-4 Слайд 5 Слайд 6 Слайд 7-9 Слайд 10-14 Өздік жұмыс Тест | |||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Өзін-өзі бағалау бойынша қорытындылау. Әрбір оқушы өзінің сабақтағы іс-әрекеттеріне және тақырыпты түсіну және меңгеру бойынша рефлексия жасай отырып, өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырғаннан кейін, кейбір оқушылардың жауаптарын тыңдауға болады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап бере отырып, карточкаларды толтырады.
Үй жұмысы D нүктесі АВС үшбұрышының жазықтығынан тыс жатыр. М, N және K нүктелері сәйкесінше DA, DB және DC кесінділерінің орта нүктелері. AB және MN түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз. | ||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз | Денсаулықсақтаутехнологиялары. Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері. ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары | |||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру