Параллелограммның белгілері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
8.1В бөлім: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: Павлодар қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткеркерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кенжанов А.Г. | ||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Параллелограммның белгілері | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.5 тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | -төртбұрыштардың белгілері мен қасиеттерін есеп шығарғанда қолданады; | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну 1.параллелограммның анықтамасын біледі, параллелограммның қасиеттерін біледі 2.параллелограммның белгілерін түсінеді. Қолдану 1.параллелограммның анықтамасын біледі, параллелограммның белгілерін қорытып шығарады және қолданады; | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: – төртбұрыштардың әр түрінің қасиеттерін қорытып шығару жолын дәлелдеп, түсіндіреді; - есеп шығаруды дәйектейді; - кесіндіні тең (пропорционал) кесінділерге бөлу жолын түсіндіреді; - бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтар: Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенде қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек. Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қоя білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. - Ашықтық: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; - Құрмет: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыштардың теңдік белгілерін білу; теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін білу; түзулердің параллельдік белгілері мен түзулер мен қиюшы арасындағы бұрыштардың қасиеттерін білу | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Амандасу Психологиялық ахуал (1мин): топта оқушылар бір-біріне тілек Білімді жаңарту. Оқушыларға алдыңғы тақырыптағы сұрақтар қойылады Оқушылардың біреуіне жауап айтуға береңіз. «Емтихан» стратегиясын қолдануға болады, оқушы "билет" алады және сынып алдында сөз сөйлейді. Берілген сұрақтар:
Бағалау критерийлері:
Кері байланыс:
| Таратпа материал «билеттер» Қосымша 1 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут Тақырыпқа шығу | Оқушыларға параллелограммның қасиеттеріне байланысты есептер беріледі.
Сызбада бұрыштары болатын төртбұрыш берілген. АВСD- параллелограмм болатынын дәлелдеңіз. (сызбаны интербелсенді тақтада көрсетуге болады немесе тақтаға салуға болады) Бағалау критерийлері:
Әр нысанның өзіне тән қасиетімен белгілері болады. Қасиеті мен белгісінің айырмашығын айтыңыз Бұл сұраққа қарапайым мысалмен жауап беріп көрейік. Бізге нысан ретінде күз берілсін. Енді күздің қасиеттері мен белгілерін айтып көрейік: Оқушылар дәптерлерінде екі қатар кесте толтырады
Оқушылар өздерінің геометриялық мысалдарын алып келеді:
Енді өзіміздің төртбұрышқа оралайық, оның қасиеттерін еске түсіріп, оларға кері тұжырым жасайық, яғни (жауабы-параллелограммның қасиеттері) Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы: " Параллелограммның белгілері". | Слайд 1 itunes.apple.com/us/app/national-parks-by-national/id518426085?mt=8 Слайд 2 Слайд 3-4 | |||||||||||
Сабақтың ортасы Топпен жұмыс 10 мин | Оқушыларды 3-4 топқа бөлеміз. Оқушыларға «Детективтивті агенттік» стратегиясына карточкадағы есептер беріледі де, оқушылар бір есеппен топқа бірігеді Зерттеу жұмыс Параллелограмның белгілерін қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін «Детективтік агенттігі» дидактикалық ойынын, «Параллелограмм ізделінеді» операциясын ұйымдастырыңыз. Оқушылар бірнеше топқа біріктіріледі, «айғақтар тізімін» алады (төртбұрыш түрлерінің анықтамалары мен параллелограмм белгілерін қолдану есептерінің ресурстары). Мысалы: 1. Диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетін төртбұрыш. 2. Екі қабырғасы тең және параллель төртбұрыш. 3. Қарама - қарсы қабырғалары тең болатын төртбұрыш. 4. Әрбір көршілес екі қабырғаларының сыртқы бұрыштарының қосындысы тең және 1800тең. Әрбір «іздеушілер» тобы өз шешімдерін постерге жазады, жұмыс аяқталған соң өздерінің «зерттеулерін» басқа оқушыларға көрсетеді. Кері байланыс:
Бағалау критерийлері:
Оқушылар бір-бірін тексереді Барлығы дұрыс болса бір-біріне «лайк» қояды | Таратпа қағаздар Қосымша 2 Слайд 5 Слайд 6 | |||||||||||
Сабақты бекіту 10 мин | Оқушыларға топтық жұмыс беріледі. Тапсырмалар топтың дифференциацасына қарай беріледі. А деңгей №1 тапсырма. М және N нүктелері ABCD параллелограмының қарам–қарсы жатқан BC мен AD қабырғаларының ортасы. AMCN – төртбұрышы параллелограмм болатынын дәлелдеңіз. №2 тапсырма. ABC үшбұрышының AР медианасы AР=РD теңдігі орындалатындай D нүктесіне дейін созылған. Пайда болған ABCD төрт бұрышы параллелограмм болатынын дәлелдеңіз. В деңгей №1 тапсырма. ABCD параллелограмында K,L,M,N –нүктелері сәйкесінше AB, BC, CD, AD қабырғаларының ортасы. AL, BM, CN, DK кесінділерімен пайда болған төртбұрыштың параллелограмм болатынын дәлелдеңіз. №2 тапсырма. ABCD параллелограмында AB, BC, CD, AD қабырғаларын тең бөлетін (сағат тілінің бағытымен) M, N, K, L нүктелері алынған. KLMN–нің параллелограмм болатынын дәлелдеңіз. С деңгей №1 тапсырма. ABCD – параллелограмында, BKAC, DM BMDK–ның параллелограмм болатынын дәлелдеңіз. №1 тапсырма. AEDF – параллелограмм. ECFB–ның параллелограмм болатынын дәлелдеңіз. Кері байланыс:
Бағалау критерийлері:
| Таратпа материал учебник геометрия 7-9 авт. Атанасян Л.С Қосымша 3 | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сонымен, бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Мына сұрақтарыма жауап беріңіздер:
Рефлексия
Үй жұмысы АВСD параллелограмм дәлелдеңіз
| Слайд 7 Қосымша 4 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар және қосымша тапсырмалар құрастырылды. | Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды. | Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар және қосымша тапсырмалар құрастырылды. | Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды. | Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Қасиеті мен белгілерінің айырмашылығына көрнекі мысалдар 2: «Детективтік агенттігі» стратегиясы Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Уақытты үнемдеу үшін, таратпа материалдар дайын болуы керек 2: Көрнекіліктерді көбірек қолдану Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: Сараланған тапсырмаларды көбірек қолдану | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру