Параллелограммның белгілері. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Берілген сұрақтар:

  • Қандай фигура төртбұрыш деп аталады?
  • Төртбұрыштың қандай төбелері – көршілес, қандайлары қарама-қарсы төбелер деп аталады?
  • Төртбұрыштың диогоналі деген не?
  • Төртбұрыштың қандай қабырғалары көршілес, қандай қабырғалары қарама-қарсы қабырғалар деп аталады
  • Төртбұрыш қалай белгіленеді?
  • Қандай төртбұрыш параллелограммом деп аталады?
  • Параллелограммның қандай қасиеттерін білесіздер?

Бағалау критерийлері:

  • Төрбұрыш анықтамасын біледі
  • Төртбұрыш элементтерін анықтай алады
  • Параллелограммның анықтамасын айта алады
  • Параллелограммның қасиеттерін біледі

Қосымша 2

Оқушылар бірнеше топқа біріктіріледі, «айғақтар тізімін» алады (төртбұрыш түрлерінің анықтамалары мен параллелограмм белгілерін қолдану есептерінің ресурстары).

Мысалы:

1. Диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетін төртбұрыш.

2. Екі қабырғасы тең және параллель төртбұрыш.

3. Қарама - қарсы қабырғалары тең болатын төртбұрыш.

4. Әрбір көршілес екі қабырғаларының сыртқы бұрыштарының қосындысы тең және 1800тең.

Қосымша 3

8.3.1.5 тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады

А деңгей

№1 тапсырма.

М және N нүктелері ABCD параллелограмының қарам–қарсы жатқан BC мен AD қабырғаларының ортасы. AMCN – төртбұрышы параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.

№2 тапсырма.

ABC үшбұрышының AР медианасы AР=РD теңдігі орындалатындай D нүктесіне дейін созылған. Пайда болған ABCD төрт бұрышы параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.

В деңгей

№1 тапсырма.

ABCD параллелограмында K,L,M,N –нүктелері сәйкесінше AB, BC, CD, AD қабырғаларының ортасы. AL, BM, CN, DK кесінділерімен пайда болған төртбұрыштың параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.

№2 тапсырма.

ABCD параллелограмында AB, BC, CD, AD қабырғаларын тең бөлетін (сағат тілінің бағытымен) M, N, K, L нүктелері алынған. KLMN–нің параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.

С деңгей

№1 тапсырма.

ABCD – параллелограмында, BKAC, DM BMDK–ның параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.

№1 тапсырма.

AEDF – параллелограмм. ECFB–ның параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.

Бағалау критерийлері:

  • Параллелограмм қасиетерін біледі
  • Параллелограмм белгілерін қолданады;
  • Дұрыс дәлелдейді.

Қосымша 4

Үй жұмысы

АВСD параллелограмм дәлелдеңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу