Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру

Оқу мақсаты:

6.3.1.1 Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме)

6.3.3.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) салыстыру

Сабақ барысы

Бағалау критерийлері:

  • Бұйым дайындауға қажетті өлшем белгілерін алады;
  • Алжапқыш бөліктерін пішу, өңдеуде қол және машина тігістерін қолдана алады;
  • Бұйым түріне қарай матаны/тоқыма материалдарын дұрыс үйлесімді қолданады;
  • Безендіру бойынша қажетті материалдарды дұрыс таңдайды;
  • Өз бетінше ұқыпты әрі сапалы бұйым дайындайды;
  • Жасалынған жұмыс бойынша алған білімін саралап, практикалық дағдыларын көрсетеді;
  • Шығармашылық жұмысты орындау барысында пайда болған мәселелерді өз еркімен шешеді;
  • Жұмысты орындау барысында алған біліміне сүйене отырып өз жұмысын және өзгенің жұмысын дамыту және жақсарту мақсатында ұсыныстар айтады;
  • Жұмыстың орындалу кезеңдеріне сипаттама береді;

Пәндік терминологияны сауатты пайдалана отырып, жұмыстарын аудиторияға ұсынады.

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған «Алжапқыш» тақырыбындағы жеке жобаны қорғау. Оқушыларды ережелер мен тәртіппен таныстыру.

  • Оқушылар жоба жұмыстарын қорғау үшін белгілі уақыттан 10 минут бұрын келуі керек (қорғайтын жұмыстарын іліп, дайындап қою үшін).
  • Сіздерге жобаларыңызды қорғау үшін тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес барлық сыныпқа 80 минут уақыт берілген.
  • Жобаны қорғау барысында сөйлесуге, мұғалімнен көмек сұрауға, қорғаушыға кедергі жасауға қатаң тиым салынады.
  • Әр оқушыға өз жобасын қорғау үшін 3-4 (15 оқушы) минут уақыт беріледі.
  • Әр оқушы жобасын қорғағаннан кейін сыныптастарының 1-2 сұрақ қоюларына болады.
  • Талықлап, өз ой-пікірін айтуға рұқсат етіледі.

(Ө) (Қ) Дайын бұйымды қорғау:

1. Алжапқыш моделін көрсету.

2. Бұйымның моделі, әрлеуі, оның ерекшелігі, таңдалған материалы мен оның қасиеті туралы әңгімелеу.

3. Эстетикалық түрі мен сапасын жақсарту үшін бұйымның қай жеріне өзгерту енгізуге болатынын көрсету.

4. Бұйымды дайындау барысында жинақтаған жаңа білім, біліктілігі, жұмыс барысында кездескен қиындықтар туралы әңгімелеу;

5. Дайын бұйымның әдемі жақтары мен кемшіліктерін көрсету;

6. Бұйым құнын есептеу және бұйымды дайындаудың пайдасы туралы қорытынды жасау;

Бұл сабақта шығармашылық жұмыстың қорытындысы шығарылады.

Оқушылар таныстырып болған соң дефиле, сән көрсету түрінде қойылым жасайды.

Оқушылар бұйымды дайындау кезеңі бойынша суретімен, эскизімен электронды презентацияларын көрсетеді.

Оқушыларға сыныптастарының жұмысына пікір немесе ұсыныс жазуды ұсыну.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу