Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру

Оқу мақсаты:

6.3.1.1 Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме)

6.3.3.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) салыстыру

Сабақ барысы

Бағалау критерийлері:

- Өзі таңдаған тақырып бойынша жұмысты таныстырады;

- Нақты мәліметтер келтіріп ойын дәлелдейді;

- Шығармашылық жұмысын эстетикалық талаптарға сай келеді;

- Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді салыстырады;

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сыныппен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

2.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру, яғни сабаққа оқушыларды бейімдеп бағдар беріледі. Сыныпты сабаққа дайындау.

3. Cабақ тақырыбымен, мақсатымен және

критерийлермен танысады.

4. Бағалау;

5. Талдау;

6. Рефлексия.

Жоба қорғайтын уақыт оқушы санына байланысты бөлінеді.

Шығармашылық жұмыстың таныстырылымын көрме және т.б. түрінде өткізуге болады. Оқушылар бір-бірінің шығармашылық жұмыстарын бағалап, ерекше дизайнда жасалған қуыршақты, ойыншықты немесе ас үй жабдығын белгілейді немесе басқа жұмыстарды жетілдіру жолдарын ұсынады.

Сыныптастарынан алған кері байланыс негізінде талдауда алғашқы идея/ой, дайындау қиыншылықтары мен ойыншық аналогі туралы мәлімет келтіреді.

Мысалы:

  • Жұмыста қандай пішіндер басымырақ? Не себепті ондай пішіндерге көп назар аударылған?
  • Шығармашылық идеяның айқын көрінуі үшін қандай құралдар пайданылған? Қандай мақсатта?
  • Таңдап алыңған түстер ойыншыққа қандай көңіл- күй беріп тұр?
  • Орындалған жұмыста қандай визуалды сиппаттамалар және шартты белгілер қолданылған?
  • Қандай тарихи, қоғам және мәдениет олардың жұмыстарына әсер етті?
  • Жұмыс олардың құндылықтарына, тәжірибесі мен идеяларына қалай әсер етті?
  • Кері байланыс
  • ...Не білдім?, - Маған ...техника ұнады!
  • Жұмыс жасау барысында үйрендім...,
  • Мен үшін өте қызықты/ қызықсыз ...– деген жауаптар арқылы жасалады.
  • Оқушылар «Әй жарайсың», «Бәрекелді» деген сияқты (ҚБ) арқылы бағаланады.

Сыныптағы диалогтің маңызы

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интербелсенді қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас

үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған

ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетінше жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті.

Олар:

• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

• оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;

• оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;

• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында

болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас.

Зерттеу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.

«Мұғалімге арналған нұсқаулық»

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,

Педагогикалық шеберлі орталығы, 2016 ж.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу